Лактациялық аменория әдісі



Дата10.04.2022
өлшемі74,23 Kb.
#138684

  1. Лактациялық аменория әдісі босанғаннан кейінгі кезеңде баласын тек емшек сүтімен қоректендіру әйелді 6 ай бойы қалаусыз жүктіліктен қорғайтынына негізделген. Бұл, баланы үзбей емізу кезеңінде әйел организмінде аналық жасушалардың жетілуіне жауапты гормондардың физиологиялық тежелуімен сипатталатын әдіс. Бұл әдісті босанғаннан кейін 6 ай ғана қолданады, себебі 6-шы айдан бастап сәби рационына қосымша тамақтар енгізіліп, омыраумен емізу көрсеткіші кемиді. Ал бұл, әйел организмінде аналық жасушаны жетілдіруші гормондардың толық бөлінуіне, соған байланысты етеккір циклының қалыптасуына әсер етеді.

Етеккір циклының қалпына келуі әйелдің жүкті болу қаупін арттырады. Сондықтан 6 айдан кейін әйел жүктіліктен сақтану әдістерін пайдаланған жөн. Бұл мақсатта құрамына тек прогестин гормоны кіретін контрацепциялық дәрілер (ЧПТ) немесе иньекциялық контрацепция немесе норплант қолданады. Бұдан басқа презерватив, спермицид немесе қынаптық қақпақшалар, диафрагмалар қолдануға болады.

Лактационды аменорея тәсілі туралы айту: туғаннан кейін 6 ай ағымында қолдануға болады, бұл әдіс жыныстық қатынаспен қатынасы, жанама әсері жоқ, қаралудың қажеті жоқ, тегін, оңай қолданылады. Әдістің тиімділігі 98%, ана сүтімен баланы емізгенде, жыныс жасушасының жетілуіне қажетті гормондардың түзілуін тежейді.


Науқасқа осы тәсілді дұрыс қолдануын үйрету: баланы емізу күніне 6-10 рет, түн мезгілінде кемінде 1 рет болуы тиіс.Емізу арасы 6 сағаттан аспуы керек. Қосымша тамақ қолданбау қажет.
Әдістің кемшіліктерін айту. Бұл тәсіл тек туғаннан кейін 6 айға дейін тиімді. Ол ЖЖБА, ЖИТС (СПИД) қорғамайды. Қосымша тамақ қолдану мен емізу аралығы ұзарса әдіс тиімділігі бұзылады. Егер етеккірі келген жағдайда гинекологқа тексеріліп, әдісті жалғастыру мүмкіндігін сурау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет