24. Байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық, педагогикалық жәнелингвистикалық ерекшеліктерін пайдаланыңыз. Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ең маңызды орын алатын – сөздік жұмысы. Өйткені нақты заттар мен құбылыстар да абстрактылық ұғымдар да сөз арқылы белгіленеді, сезім мен ниет те сөз арқылы білдіріледі. Сондықтан оқушыларға жаңа сөздер үйрету, үйренген сөздерінің мағынасын менгерту, көркем шығармалардағы бейнелі сөз тіркестері мен таныстыру және оның барлығын баланың активті сөзіне айналдыру маңызды да күрделі, жауапты жұмыс болып табылады. Мұнда, яғни сөздік жүргізу барысында әсіресе синонимдер, антонимлер, көп мағыналы сөздер мен қанатты сөздерге көңіл аударылады. Бұл айтылғаннан I—Ш сынып оқушыларына «синонимін, антонимін тап, қанатты сөздер кұра...» сияқты түрде, терминдерді колдана отырып тапсырма беріледі екен деген ұғым тумауға тиіс. Бұл терминдер мүғалімдер үшін ғана аталып отыр: ал оқушылар «мұны тағы калай атауға болар еді? Осының орнына тағы кандай сөз қойып айта алар едік? Мұның карама-қарсы мағынасын кандай сөз аркылы айтамыз?» т. б. тәсілдер арқылы бір мағынаны білдіру үшін бірнеше сөз іздейді немесе оның карсы магынасын білдіретін сөздерді табады. Мұнаң былайғы терминдер жөнінде де осы пікір есте болғаны дұрыс.
Сөздік жургізу барысында мағынасы жакын сөздерді бір топка біріктіру, синонимдерді мағынасынын күшею немесе кему барысына карай реттеу, бір сөзге синоним табу; антоним сөздерді жұптап жазу (берілген сөздерден). алтонимнін бір сыңарын табу, сөйлемді бірнеше түрге ауыстыру; берілген сөздер бойынша сөйлем, текст құрастыру, т. с. с. жұмыстар жүргізіледі
Тілдің синтаксистік негізі сөз тіркесі мен сөйлем болып табылады. Сөз тіркесі аяқталған ойды білдірмейді, бірақ сол ойға катысты ұғымды жасайды; сөз тіркесінде бағынынқы сөз, басыңқы сөз болады: ашық аспан (қиысу), сабакка барды (меңгеру), т. б. Сөз тіркесі де сөз сияқты заттарды, оның сын-сипатын және қимыл-қозғалыстарын білдіреді. Сөйлеу барысында алуан түрлі сөз тіркесі пайлаланылады. Сөйтіп, сөз тіркесі ойдың қалыптасу процесін көрсетеді. Ендеше, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету барысында олардын сөз тіркесінде меңгеретіні сөзсіз. Бірақ мұнда да балаларға «сөз тіркесі», «бағыныңқы, басыңқы сөз», «қиысу, меңгеру», т. б* терминдерді айтудың кажеті жок. Олар тек практикалық тұрғыда ғана үйретіледі; яғни сөйлемнін кұрамындағы сөздерді мұғалім байланыстыру жолдарына қарай тоқтап алып, балалардың зейінін әр топтағы сөздерге аудара отырып, сол сөздермен түрлі жұмыстар ұйымдастырады. Бұл жұмыстар (балаларды сөйлемдегі сөздерді топтай білуге үйретудің өзі ой бөліктерімен жұмыс жасау болып табылады).