Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Сауат ашу сабақтарында көрнекі құралдарды қолдануды түсіндіріңіз



бет47/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

2 2 8 Сауат ашу сабақтарында көрнекі құралдарды қолдануды түсіндіріңіз.

Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың жолдары мен маңызы



Көрнекілік – педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. К-тің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. К. құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады.

Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы жақсы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т.б. кәсіби пайдалы сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса, алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік.
Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын – көрнекілік.
Оқу-әдiстемелiк кешеннiң бiр бөлiгi ретiнде көрнекiлiк құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының, оқу әдiстемесi мен оқу-тәрбие жүйесiнiң бiртұтастығын талап етедi. «Көрнекiлiк құралдары» ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде әр түрлi сипатта берiледi. «Көрнекiлiк» деген терминнiң өзi «көру» етiстiгiнен шықса да, қазiргi кезде ол әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы әсер ету дегендi бiлдiредi.
Педагогикалық сөздiкте «көрнекiлiк» – оқушылардың тiкелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасатын оқытуға негiзделген дидактикалық ұстаным» деген анықтама берiлген. Оқушы санасында көрнекiлiк бейнелердi қалыптастырудың құралдары ретiнде мектепте әр түрлi оқу жабдықтары қолданылады. Қоршаған ортаның түрлi заттары мен құбылыстары көрнекiлiк құралдары ретiнде маңызға ие. Сонымен көрнекілікті пайдалану заттардың негізгі белгілері мен ерек-шеліктерін білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар оқылатын нәрсе-заттармен тікелей танысуға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, көрнекілік оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады. Білімді игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуда, ғылыми білімді игеруде, деректерді есте сақтауға, әрбір сабақ үстінде көр-некілікті пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайда-ланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.
Сабақта көрнекілікті дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалып-тасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — Әліппе және Әліппе серігі. Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең, қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар.
Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті ал – фавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі.
Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы Жазу үлгісі ұсынылады. Жазу үлгісінде әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр сыныпта оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар — клеткалармен берілген заттық картинка – лар, екінші бір жағдайды — әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.
Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық матери – ал — оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен, тақтаға дөңгелекшемен, сызықшамен т. б. с. с). Сөздегі дыбыс – тарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі.


Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады:

1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларға анағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда көрсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т. б.);

3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.
Сауат ашуда көрнекілікке қойылатын талап: оқушы сөзді немесе оның бөлшектерін (әріптерді, буындарды, морфемаларды) анық көретін болуға тиіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет.


Ендеше көрнекілік деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуларды да қамтиды.
Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады яки асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі (бірде түбірі, екіншіде қосымшасы).
Мұндай тәсілдер жазылғанды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді, алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып, істің мәнін біршама түсінуге (мысалы, басқаша жазбай, неге осылай жазамыз) көмектесетін болса ғана пайда келтіреді. Сондықтан көрнекіліктер жасау үшін материалдар жан-жақты ойластырылып, таңдалып алынады. 

Сауат ашу сабақтарында көрнекілікті қай кезде, қандай мақсатпен қолданады


1. Көрнекілік оқушыларды сөйлету мақсатымен қолданылады. Ондай сюжетті суреттерді көрсете отырып, сөз, сөйлем, әңгіме құрайды. Құраған әңгімелерді сөзге, буынға және дыбысқа талдайды. Мұндағы мақсат танысуға тиісті дыбысты сөйлеу тілінен ажырата білу .
2. Тіл дыбыстарын олардың сөз ішінде беретін ұғымдармен ұштастыру мақсатымен де жекелеген заттың суреттері немесе сюжетті суреттер пайдаланылады .
3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, тәрбие беру мақсатымен де сурет және басқа көрнекіліктер қолданылады .
4. » әліппе » кезінде суретті, алфавит, кеспе әріптер, буындар, түрлі кестелер т б . пайдаланылады .
Сонымен қатар көрнекіліктің мынандай түрлері бар:
Таблицалық көрнекілік – бұл мектепте көп тараған және қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын өте пайдалы әдістемелік құралдың түрі (орфо-графиялық таблица,фонетикалық таблица,грамматикалық таблица).
Схемалық көрнекілік – бұл қазақ тіліндегі заңдылықтарды схема ретінде көрсететін көрнекіліктің түрі. Мысалы: сөз тудыру схемасы, сөз түрлендіру схемасы.
Плакаттық көрнекілік – оқушылардың сөздігін толықтыру мақсатында жасалған плакат, сөз мағыналарын байқату үшін жасалған плакат, жазу емлесі мен тыныс белгілеріне арналған плакат т.б.
Тақта көрнекілігі – бұл бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда ерекше көп қолданылатын көрнекіліктердің бірі. Тілден өтілетін материалдар, оны дәлелдейтін мысалдардың барлығы да тақта арқылы көрсетіледі.
Көрнекі құралдарды пайдалану барысында мұғалім көрсетілген зат пен құбылысты сөзбен сипаттап береді. Өйткені сөзсіз көрнекілік – мылқау.
Сабақта көрнекілікті үнемі көп көрсете беру нәтиже бермеуі мүмкін, сондықтан оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен көрнекіліктерді ұштастырып, бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет