Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз



бет55/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

Өлең құрастыру. Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.
а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.
Мысалы, Б.Ысқақовтың «Отан» өлеңінде:
«Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті. Немесе, Ө.Тұрманжанов «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда саөлеңнің сызбасы түсіріледі:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.
«Ұлан-байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.

ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:


… байлық
… алдық
… құс біткен
… қалдық.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз – береке, күз — байлық,
Күзде астық мол алдық
Жылы жаққа құс біткен
Кеткен ұшып, біз қалдық.

б)1 сыныпта сауат ашу кезеңінде «Жемістер» тақырыбында мен мына жұмысты тиісті пайдаландым (дамытушылық кезеңінде). Алдын-ала дайындалған жемістерді оқушылар өз қалаулары бойынша таңдап алды. Шарты түсіндірілді.



«Ал» буынынан басталатын бірнеше жеміс атауларын жазып, төрт сөйлем құра
Қандай сын есім жазылғанын табыңдар:
Зықыл рыса
Ыңқал ікби
Анжу рат

Образға кіру. Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну, мен – гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, жақындарына бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төріне қояды. Мен әр түрлімін. (қасықпын, шыршамын, бағдаршаммын т.б.)

Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:


Қыран қала Дархан
Мұз бұлақ есек
Қысым сүт киім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет