Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Бастауыш сынып қазақ тілі грамматикасы мен емлесін оқыту туралы



бет67/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

3 2 1 Бастауыш сынып қазақ тілі грамматикасы мен емлесін оқыту туралы

түсіндіріңіз.

3 2 2 Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздерін анықтаңыз.

Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы – лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін де естен шығаруға болмайды. Мысалы, 1) Грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т.б.с.с. сөздер олар үшін деерксіз (абстракты) болады. Сондықтан ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отырғанда ғана оқушылар ол сөздердің мағынасын меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді. 2) Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдайды, ал оның грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі. 3) Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балалардың ақыл-ой әрекетіне үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі. Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұғымына сай болуы керек. Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамасыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Егер оқушы тілдің қандай да болмасын бір құбылысына немесе жазу заңдылығына түсінбесе, онда ол сол мәселеге арналған анықтаманы не ережені (тіпті болмаса терминді) жаттап алуға мәжбүр болады. Дидактика талабы тұрғысынан алғанда оқушыларға тіл үйретуге олардың зейін қою, есте сақтау, ойлау белсенділігін тудыратын әдістемелік әдіс-тәсілдердің тиімділігі көрсетіледі. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын немесе оқулықтағы дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар өз күшімен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алатындай, берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болуға тиіс. Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет