3 2 6 Оқудың түрлерін анықтаңыз.
Бастауыш сыныптарда оқушылар ана тілі сабағында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - өте күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілімен де, сөйлеу тілімен де тікелей қабысып жатыр. Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланысады. Кейбір жағдайда оқушылар мүдірмей шапшаң оқыса, осы қанағат етіп, оқу дағдысы қалыптастырылды деу қате. Себебі, үңіле қарасақ, бала шапшаң оқығанмен, оны саналы тұрде түсііп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін. Оқушысмен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде ғана мүмкін болады. Яғни грамматиканың жеке бір ережелерін, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін жете білгенде ғана, оқу дағдысының жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады. Оқу сабағын жүргізуде және оған қажетті әдіс – тәсілдерді іздестіру үстінде мыналарды ескеру қажет: біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір шарты – оқушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамассыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну үшін сабақ үрдісінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады:
мәтінді толық оқу;
мәтінді бөлімдерге бөліп оқу;
мәтінді дайын жоспар бойынша оқу;
мәтін бойынша жоспар құру;
абзац бойынша оқу;
мәтінді жартылай дауыстап оқу;
мәтінді рольге бөліп оқу;
мәтінді оқып, мазмұндау;
мәтінді қысқартып оқу;
мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу
ертегілерден қиял мен шындықты бейнелейтін үзіндіні түсініп оқу.
Оқушының мәтінді саналы түрде түсініп оқығаны мына белгілерден көрінеді: егер оқушы дұрыс оқу мен оқығанының мазмұнын саналы түрде меңгерген болса, онда оқушыда белгілі бір өмір, зат, құбылыс, адам, оның іс - әрекеті жөнінде өзінді көзқарас қалыптасады; ол оқығанының мазмұнын жақсы меңгеріп, ондағы суреттелетін адамдардың өзара қарым-қатынасын, іс-әрекетін, сол іс-әрекеттің болу себебін анықтай алады.
Екіншіден, оқу сабағында ойлау қабілетін, қызығушылығын, байқаушылығын, салыстыра білетін қабілетін, ой - өрісін дамыту үшін мына оқу түрлерін пайдалануға болады:
мәтіннен қатты, ақырын, жылдам, баяу оқылатын сөйлемдерді табу;
мәтіннен логикалық ықпалы бар сөйлемдерді тауып оқу;
мәтіннен ереже бойынша сөйлем тауып оқу;
мәтіннен нақыл сөздерді тауып оқу;
мәтіннен көтеріңкі көңіл-күйге байланысты сөйлемдерді тауып оқу;
мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып оқу;
мәтіннен автор сөзін алып тастап оқу;
Үшіншіден, оқу сабағында оқушының шығармашылық қиялына әсер ете білу үшін келесі оқу түрлерін қолдануға болады:
мәтіннен суретке сәйкесті үзіндіні тауып оқу;
мәтіннен сұрақтарға жауап тауып оқу;
мәтіннен көркем бейнеленген үзіндіні тауып оқу;
мәтіннен мақал – мәтелге сәйкес үзінді тауып оқу;
мәтіннен кейіпкердің жағымды бейнесін суреттейтін үзіндіні тауып оқу;
мәтіннен жағымсыз кейіпкерді суреттейтін үзіндіні тауып оқу;
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын талаптың бірі – оқушыны мәнерлер оқуға үйрету. Мәнерлеп оқу дегеніміз – мәтіндегі сөздің мағынасын бұзбай, дыбысталуы жағынан анық етіп жатық оқу. Мәтінді саналы түрде түсініп оқу мен дұрыс оқу оқи білудің талаптарын қамтыса, мәнерлеп оқуға үйрету қандай мәтінді болса да саналы түрде түсініп оқуға жетелейді. Қандай мәтін болмасын мазмұнын дұрыс ұғып, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыда жақсы әсер қалдыру үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен оқу мәнерінің де мәні зор. Сабақ үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыраын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін жүргізуге болады:
мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу;
леп белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқу;
өлеңді мәнерлеп оқу;
өлеңді дауыс кідірісімен мәнерлеп оқу;
өлең жолдарын дауыс кідірісімен тізбектей оқу;
өлеңнен немесе мәтіннен үзінділерді мәнерлеп оқу.
Оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушыны дұрыс түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету керек. Осы талапты іске асыру, яғни жаттықтыру жұмысын жүргізу жолдары мектеп тәжірибесінде әлі де анықталуда. Оқу дағдысының үш түрі дұрыс оқу, түсініп оқу және мәнерлеп оқуды қалыптастыру ғылыми - әдістемелік жолмен анықталып отыр. Бұл жұмыстың нақты оқу материалдары бойынша іске асырылуы төмендегі шаралар арқылы орындалуда:
Педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін сүйене отырып, ана тілі сабағын оқытуда бағдарламада белгіленген сөздік жасау, жоспар құру, мәтінді бөлікке бөлу, оған ат қою, мәтінді қайталап оқыту, балаларды топ серуенге шығару сияқты жұмыстарды өз дәрежесінде жүргізу.
Педагогиканың мән беріп келе жатқан мәселесі – пән аралық байланысты іске асыру.
Баланың оқу дағдысын қалыптастыруда тек сыныптағы оқу сабағымен шектелмей, сыныптан тыс оқыту түрлерін жүргізу.
Оқу дағдыларын қалыптастырумен бірге мәтінмен үнемі жұмыс жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |