өндірістік, жұмыс бабына байланысты: мектептің жылдық жоспарын бекіту, мектептің бір тоқсанда істелген жұмыстарының қорытындысын шығару, емтиханға дайындық жəне өткізу жоспарын бекіту, оқушылардың бір сыныпты бітіріп, екіншіге көшуі, оқу жылының қорытындысы, оқушылармен істелетін жазғыжұмыстың жоспары;
ғылыми-педагогикалық: басшы органдардың нұсқауларын жəне ғылыми зерттеулерді, озық тəжірибені талдау, мектептегі педагогикалық процестің нəтижелерін шығару жəне оған баға беру.
Педагогикалық кеңеске дайындалу жəне оны өткізу 4 кезеңді қамтиды:
педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау

нақты педагогикалық кеңеске алдын ала дайындалу

педагогикалық кеңесті өткізу
педагогикалық кеңесті өткізу
педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу

Мектепті технологиялық тәсілмен басқару.
Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды. Кеңесте әкімшіліктің есебі тыңдалады, мұғалімдердің баяндамалары, ұжымның педагогикалық мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары талқыланады.

Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі. Сонымен бірге оқу жылының аяғында өткізілетін педагогикалық кеңес мына мәселелерді қараастырады: емтиханға жіберу; емтихан қорытындысы; мектеп бітірушілер тапсырған емтихандардың қорытындысы.
Педагогикалық кеңесті өткізуге алдын ала дайындалады, қарастырылатын мәселелер бойынша баяндамашылар белгіленіп, оларға шешім жобасын жасау тапсырылады. Педагогикалық кеңесті өткізу барысында педагогикалық кеңестің күн тәртібіне қатысты әртүрлі пікірлер тыңдалып, мұғалімдерді толғандырып жүрген мəселелердің бəрі талқыланып, оларды шешу жолдарын белгілеу ұсынылады.

Жалпы мектеп ұжымы әрбір мəжілістерді, соның ішінде педагогикалық кеңесті өткізуде оның негізгі ережелерін келісіп алуы керек. Ол ережелер: нақты регламент (уақытында бастау), педагогикалық кеңес уақытын 3 сағаттан асырмау, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерге белгілі бір уақыт бөлу, мəселелердің бəрін сабырлықпен, іскерлік жағдайда талқылау. Барлық сөйлеушілер көтеретін мəселені талқылап, оны шешудің нақты жолдары туралы ұсыныстар айтуы керек.
Педагогикалық кеңестің әр мүшесі кеңестің барлық отырыстарында болуы, оның жұмысына белсене қатысуы, берген тапсырмаларды уақтылы және нақты орындауы қажет. Педагогикалық кеңестің отырыстарында хаттама жазылып, директор және хатшысы қолдарын қояды. Әр хаттамада оның номері, отырыстың күні, қатысушылар саны, отырыстың күн тәртібі, сөз сөйлегендердің қысқа және түсінікті жазбасы және талқаланған сұрақтар бойынша қабылданған шешім жазылуы тиіс. Педагогикалық кеңестің хаттамалары тұрақты сақтау құжаты болып табылады, ол мектепте белгіленген мерзімге дейін сақталып оқу мекемесінің істері тапсырылған және қабылданған кезде акт бойынша тапсырылады.

Педагогикалық кеңестің төрайымы қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі тексеріп ұйымдастыруы тиіс және тексерістің қорытындысын педагогикалық кеңестің талқылауына қою тиіс. Біліктілікті көтеру жұмыстарын педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады.Педагогикалық кеңес сонымен қатар оқушылардың дене тәрбиесін және басқа да оқу орнының қызметін ұжымдық талқылауды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |