Тыңдалды: «Дарын» орталығының жетекшісі К.Смагулова оқушылардың дарынды балалардың жұмысы туралы ақпарат берді.
(ақпарат хаттамаға қоса берілді)
Сөйледі: ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
Оқу тәрбие үдерісінде оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімді технологияларды іріктеу және іске асыру жүйесін анықтау.
Педагогикалық кеңестің өту барысы бойынша өткізілді.
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
-психологиялық тренинг
- топқа бөлінуі
ІІ. Мағынаны тану кезеңі
- өткен педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы
-тақырыпты ашу
«Оқушылардыі білім сапасын арттырудағы педагогикалық технологиялар»
- сергіту сәті / психологиялық ойын/
-шығармашылық жұмыс
ІІІ. Ой- толғаныс кезеңі
- рефлексия
-бағалау
-үй тапсырмасы / келесі педагогикалық кеңестің тақырыбымен таныстыру/
Технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |