Әдістемелік жұмыстар туралы


ІІ.Әдістемелік кеңес отырысының жұмыс жоспары



бет12/16
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#36476
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ІІ.Әдістемелік кеңес отырысының жұмыс жоспары
Мақсат:

  1. Оқытудың әдістемесі мен мазмұнындағы керек мәселелерді қарастыру;

  2. Оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін арттыру;

  3. Оқу пәндерін оқытудағы әдістемесін жетілдірудегі ұсыныстарын жасау;

  4. Педагогикалық озық тәжірибемен алмасуды тарату.



Мазмұны

мерзімі

жауаптылар

І отырыс

1.Өткен оқу жылының әдістемелік жұмысының қорытындысы
2. Жаңа оқу жылындағы әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын бекіту
3. ҚР білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту туралы 2014-2015 оқу жылына арналған нұсқау хатпен мұғалімдерді таныстыру
4. Қатаң есептерді құжаттармен жұмыс жасау нұсқаулығын беру(сынып журналдары, табель, актілгенген күндер)
5. Пән онкүндіктерінің, педоқулардың, кабинет байқауларының кестелерімен таныстыру
6. 2014-2015 оқу жылында курстарға баратын мұғалімдерді таныстыру

қыркүйек

ӘБ жетекшісі Э.Базылбаева

ІІ отырыс

1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығы педагог қызметкерлер аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты жалпы ережелермен таныстыру, аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің жоспарларын қарау
2. Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату
3. Бастапқы бақылау жұмысының қорытындысы
4. Тіл мерекесін өткізу қорытындысы
5. «Ең үздік ағылшын тілі кабинеті» байқауының қорытындысы
6. Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндік қорытындысы

қазан

ӘБ жетекшісі Э.Базылбаева

ӘБ жетекшісі


ӘБ жетекшісі Э.Базылбаева
ӘБ жетекшісі

ІІІ отырыс

1. Мектепішілік пән олимпиадасының қорытындысы
2. Аудандық пән олимпиадасына баратын оқушыларды дайындығы
3. Деңгейлеп оқыту бағдарламасы бойынша курстан өткен мұғалімдердің жұмысын зерттеу қорытындысы
4. «Ең үздік география кабинеті» байқауының қорытындысы
5. Орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінің онкүндік қорытындысы

желтоқсан

ӘБ жетекшісі Э.Базылбаева



ІV отырыс

1.Дарынды балалармен жұмыс деңгейі
2. Бақылау жұмыстары нормасының орындалуы(химия, биология, география пәндері)
3. Озық іс тәжірибені тарату: «Ағылшын тілі сабағында қолданылатын рефлексия түрлері»
4. Биология, химия пәндерінің онкүндіктерінің қорытындысы
5. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдерінің шығармашылық есептерін тыңдауы

Ақпан

«Дарын» орталығының жетекшісі
ӘБ жетекшісі Э.Базылбаева
А.Жексенова
Аттестаттаудан өететін мұғалімдер

V отырыс

1. Мұғалімдерді оқу жылының аяқтау туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен таныстыру
2. Емтихан материалдарының мазмұнын қарастыру
3. онкүндік қорытындысы
4. «Ең үздік АӘД, дене шынықтыру кабинеті» байқау қорытындысы
5. «Ең үздік әдістемелік бірлестік» байқауының Ережесін бекіту
6. Мектепішілік «Абай оқулары» байқауының өтілуі

Сәуір

ӘБ жетекшісі Э.Базылбаева
ӘБ жетекшілері

VІ отырыс

1. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындау жұмыстарына психологиялық көмек көрсету
2. Оқу жылының қорытындысы бойынша мұғалімдер жұмысының рейтингісін шығару
3. ӘБ жетекшілердің есебі
4. Жаңа оқу жылына жұмыс жоспарларының жобалар

Мамыр

ӘБ жетекшісі Э.Базылбаева



Әдістемелік кеңестің №1 хаттамасы


10 қыркүйек 2014ж
Қатысқандары:
Қатыспағандары:
Күн тәртібінде:

1.Өткен оқу жылының әдістемелік жұмысының қорытындысы


2. Жаңа оқу жылындағы әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарын бекіту
3. ҚР білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту туралы 2014-2015 оқу жылына арналған нұсқау хатпен мұғалімдерді таныстыру
4. Қатаң есептерді құжаттармен жұмыс жасау нұсқаулығын беру(сынып журналдары, табель, актілгенген күндер)
5. Пән онкүндіктерінің, педоқулардың, кабинет байқауларының кестелерімен таныстыру
6. 2014-2015 оқу жылында курстарға баратын мұғалімдерді таныстыру

Тыңдалды: Әдістемелік кеңес жетекшісі Э.Е.Базылбаева өткен оқу жылының әдістемелік жұмысының қорытындысын оқыды.


Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.


Мектеп мәселерінің басыңқы міндеттерінің бірі-оқушылардың жалпы білім бағдарламаларындағы білім мазмұның міндетті деңгейін игерту, жалпы ғылыми, мәдени дайындығын қалыптастыру, қоғамдық өмірге әлеуметтік жағынан бейімдеу кәсіпі еңбек түрін саналы түрде таңдауға танымдық қызығушылықтары мен білім сапасын арттыру бағытында әдістемелік жұмысты жетілдіру. Мектепте 4 әдістемелік бірлестік жұмыс атқарды. Олар бастауыш сынып бірлестігі,жетекшісі Р.З.Букенова , гуманитарлық бірлестігі, жетекшісі А.С.Жексенова, политехникалық бірлестік жетекшісі Д.Б.Исина, әстетикалық жетекшісі Т.К.Ибраева. Мектептегі әдістемелік кеңестің жұмысы әдістемелік бірлестік мүшелерімен талқыланды. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы тек пән апталықтарын өткізуде ғана көрініп отырды. Оқу ісі меңгерушісімен бірнеше рет әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жұмыстары жүргізілгенмен , ӘБ жетекшілері тарапынан әдістемелік бірлестік жұмысы толықтай дұрыс жолға қойылған жоқ. Жылдық жұмыс жоспары мен отырыстарында көрсетілген сұрақтар, жұмыстар іс жүзінде, өз уақытында өтілмеуіне байланысты жұмыстарында жүйесіздік байқалып отырды. Әр әдістемелік бірлестікте кемінде 1 не 2 тақырыптық семинар өткізілу керектігі ескертілді. Бірақ бір-екі семинар өткізілді. Жұмыстар көбінесе қағаз жүзінде орындалады. Сапалы білім берудің бағыттарының бірі- мұғалімдердің біліктілігін көтеру жұмысы. Осы жұмысты жүзеге асыру мақсатында облыстық біліктілігін арттыру институтытының жоспарына сәйкес,аудандық білім беру бөлімінің жылдық жоспары негізінде жүзеге асырылды. Осы жоспар бойынша 11 мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері курстардан өтті. Оқу бағдарламасында берілген сағаттар саны толығымен өтті . 3-і тоқсан қорытынды бағалары бойынша білім сапасы қазақ тілі пәні бойынша 5-8 сыныптар аралығында 54% ; қазақ әдебиетінен 5-11 сыныптарда 67,3% ; орыс тілінен 5-11 сыныптарда 55,8 % ; ағылшын тілінен 5-11 сыныптарда сапа 69,6 % ; тарих пәнінен сапа – 64,4 % .
Әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстары мазмұнына қарай жүйелеуді және нақтылауды қажет етеді. Жыл сайын өтетін пән мұғалімдерінің пән олимпиадасына мектептен 4 мұғалім қатысты.
(есеп хаттамаға қоса тігіледі)
Шешімі:

  1. Әдістемелік жұмыстардың қорытындысы бойынша анықталған ескертулер орындалсын;

  2. Өткен оқу жылының әдістемелік жұмысы қанағаттанарлық деңгейде деп есептелсін.

Тыңдалды. 2-сұрақ бойынша жаңа оқу жылындағы әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары таныстырылды. Жұмыс жоспарында жыл бойы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Пән онкүндіктерінің кестесін, әдістемелік пән бірлестіктерінің ашық сабақтар өткізу кестесі, мектепшілік байқаулар кестесінің жоспары. Жыл бойы өткізілетін коучинг тақырыптары.


Сөйледі.Қоғамдық-гуманитарлық ӘБ А.Жексенова
Биылғы жылы әдістемелік кеңес жоспарында барлық салалар қамтылған. Онкүндік жоспары, мектепішілік байқаулар да көрсетілген. Тек аталған жұмыстар жоспарлар уақытылы орындалса деп ойлаймын.
Шешімі:

  1. Жаңа оқу жылындағы әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары бекітілсін;

  2. Жыл бойы атқарылатын жұмыстар өз уақытында орындалсын;

3-сұрақ бойынша ӘК жетекшісі Э.Базылбаева мұғалімдерді ҚР білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту туралы 2014-2015 оқу жылына арналған нұсқау хатпен мұғалімдерді таныстырды.


Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2015 жылы оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (одан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ барысында қолданылды. Білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS мониторинг зерттеулері арқылы анықталады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды 2014 жылдың 9 мамырынан бастап, 2015 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта өткізу, оның ішінде, «Мектеп пен ардагерлер: 70 мерейтой сәттері», Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы.
ҚР Президентінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі тапсырмасын жүзеге асыру және ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 аясында 2014-2015 оқу жылында 1 және 2-сыныптарда «Шетел тілі» пәні оқытылады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны,«Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсының мазмұны туралы айтып өтті.
Сөйледі: Жаратылыстану-математикалық ӘБ жетекшісі Д.Исина
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Дінтану негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме беріледі. «Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқытуға енгізу ұсынылады.
Шешімі:
1.2014-2015 оқу жылының әдістемелік нұсқау хаты әр бірлестікте зерделеп, тақыланып, оқу үрдерісінде пайдалансын;
2.Әдістемелік нұсқау хатта көрсетілген міндетті курстар жоспарға енгізілсін;
3. Академияның сайтына (www.nao.kz) орналастырылған үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулары пайдаланылсын;

Тыңдалды. ӘК жетекшісі Э.Базылбаева Қатаң есептерді құжаттармен жұмыс жасау нұсқаулығын берді.(сынып журналдары, табель, актілгенген күндер)


Биылғы оқу жылында 13.01.2014 жылы бекітілген БжҒ министрлігі ұсынған сынып журналдары қолдану, ішінде анықталған өзгерістермен, сынып журналын жүргізу нұсқаулығын оқып, таныстырды. Сынып журналдарын толтыруда бірыңғай талаптар орындалуын, уақытылы толтырылуын қадағалау керектігі айтылды. Сынып журналдары ай сайын тексеріледі.
Актіленген күндер туралы айтылды. Егер актіленген күндер( мереке күндері, аяз күндері т.б) болған сабақтар сабақ кестесі бойынша келесі күні біріктіріліп өткізіледі. Біріктірілген күнге түсінік хат жазылады. Түсінік хат бір данасы ОІМ-ге, 1 данасы тақырыптық-күнтізбелік жоспарға салынады. Сол біріктірілген күннің сабақ жоспарында 2 сабақтың тақырыбы ықшамдалып беріледі.
Сөйледі. Бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі м.а Заирова
Егер сол біріктірілген күні бақылау жұмысы тұрса не істейміз.
Сөйледі. ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
Келесі күні бақылау жұмысы тұрса, бақылау жұмысы 45 минутқа жоспарланғандықтан, ол жеке сабақ болып кетеді, келесі күннің тақырыбымен біріктіріледі.
Сөйледі. Қоғамдық-гуманитарлық ӘБ жетекшісі А.Жексенова
Біріктірілген сабақтар өткізілгеннен кейін тоқсандық, жылдық сағат саны шықпайды.
Сөйледі. Мемлекеттік білім стандарты орындалмай қалады деп қорықпаңыздар, біріктіру арқылы тақырыптарды меңгертесіздер.
Шешімі:

  1. Сынып журналдары ай сайын тексеріліп отырсын;

  2. Сынып журналдарының уақытылы толтыруын бақылансын;

  3. Актіленген күндерге түсінік хат жазылып, сабақтар біріктіріліп өткізілсін.

Тыңдалды. ӘК жетекшісі Э.Базылбаева жыл бойы өткізілетін пән онкүндіктерінің, педоқулардың, кабинет байқауларының кестелерімен таныстырды. Оқу кабинеттерінің байқауы өткізіледі, арнайы Ережесі бекітіледі. Пән онкүндіктері өз уақытында сапалы өткізуіне қатаң бақылауға алыну керектігі айтылды.


Шешімі:
1.Пән онкүндіктерінің кестесі бекітілсін;
2. Кабинет байқауын өткізу Ережесі құрастырылсын;
3. Өткізілген іс-шаралар жайында мектептің сайтында жарияланып отырсын.

Тыңдалды. ӘК жетекшісі Э.Базылбаева 2014-2015 оқу жылында курстарға баратын мұғалімдерді таныстырды.


(тізім хаттамаға қоса беріледі)
Шешімі:
1.Курстан өткен мұғалімдер оқыту саминарын өткізсін;
2.Қысқа мерзімді курстардан өткен мұғалімдер атқарылған жұмыстары жайында есеп берілсін
Төрайымы: Э.Базылбаева
Хатшы: К.Смагулова

Әдістемелік кеңестің №2 хаттамасы


13 қазан 2014ж
Қатысқандары:
Қатыспағандары:
Күн тәртібінде:

1. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығы педагог қызметкерлер аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты жалпы ережелермен таныстыру, аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің жоспарларын қарау


2. Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату
3. Бастапқы бақылау жұмысының қорытындысы
4. Тіл мерекесін өткізу қорытындысы
5. «Ең үздік ағылшын тілі кабинеті» байқауының қорытындысы
6. Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндік қорытындысы

Тыңдалды. ӘК жетекшісі Э.Базылбаева ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығымен таныстырды.


Білім беру ұйымдарының педагогтері өз еркімен өтініш негізінде мыналар бойынша мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге үміткер болады:

  1. екінші біліктілік санатына:

  2. бірінші біліктілік санатына:

  3. жоғары біліктілік санатына:

(санаттардың талаптары таныстырылды.)
Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер екі кезеңде аттестаттаудан өтеді:

  1. бірінші кезең – біліктілік тестілеу;

  2. екінші кезең – қызмет қорытындыларын талдамалық жинақтау.

Тестілеу сұрақтарының саны 60-ты құрайды:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу – 20 сұрақ;

  2. педагогика және психология негіздері - 20 сұрақ;

  3. пәндік білім негіздері – 20 сұрақ.

тестілеудің жалпы уақыты 150 минутты құрайтын математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерді қоспағанда, жалпы тестілеу уақыты 120 минутты құрайды.
Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар негізгі пән бойынша кемінде 70%, педагогика және психология негіздері бойынша - 50%, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша - 50% болса оң деп есептеледі.
Биылғы оқу жылында 4 мүғалімнің өтініші қабылданды. Олар: Базылбаева Э.Е, Исина Д.Б жоғары санатқа, Баянбаева А.Б, Касенова Д.Б, Мухамедова З.Д-бірінші санатқа өтініш берген. Мерзімінен бұрын Э.Базылбаева, Д.Касенова өтініш берді.
Сөйледі: Жаратылыстану-математикалық ӘБ жетекшісі Д.Исина
Биылғы оқу жылында мен жоғары санатты алуға өтініш бердім. Мен диплом бойынша сабақ беремін, бірақ менің тарих пәнінен біліктілігін арттыру курстарынан өткен жоқпын, бірақ мен 2-3 күндік семинарларға қатысып жүрдім, сертифкаттарым бар.

Шешімі:


  1. Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сәйкес жұмыстар жүрігізлсін;

  2. Мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген Э.Базылбаева, Д, Касенова біліктілік тестілеуге дайындық жүргізсін.

3-сұрақ бойынша ӘК жетекшісі Э.Базылбаева жоғары санатты, бірінші санатты, деңгейлік курстарды оқып келген мұғалімдер өз жұмыстарын жинақтап, тарату керектігі айтылды. Жоғары санатқа өтініш берген Э.Базылбаева облыс көлмемінде озық іс-тәжірибені таратуға, аудан көлемінде Д.Исина, Д.Касенова жоспарлау керектігі айтылды.
Сөйледі: Қоғамдық-гуманитарлық ӘБ жетекшісі А.Жексенова
Әдістемелік кеңесте өз жұмысымды таратсам деп ойлаймын. Әр оқушымен жеке-дара жұмыстары, өздіктерінен орындайтын тапсырмалар, дидактикалық материалдар, бастауыш сыныптарға арналған көрнектіліктер жинақталған.
Сөйледі. Эстетикалық ӘБ жетекшісі Т.Ибраева
Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық байқау өткізіліп жатыр соған өз жұмысымды қатыстырсам деп ойлаймын.
Мөйледі. Бастауыш ӘБ жетекші м.а Г.Заирова
Бізден бастауыш сынып мұғалімдері арасында Д.Касенованың жұмысын жалпылауға болады. Деңгейлік курстан өткен, нәтиджелері бар.
Шешімі:
1.Аудандық білім беру бөлімінен озық іс тәжірибені тарату туралы қолдау хат жіберілсін;
2. Мектеп ішінде оқыту семинарлары, дөңгелеу үстелдер ұйымдастырылсын.
4-сұрақ бойынша ӘК жетекшісі Э.Базылбаева бастапқы бақылау жұмыстарының қорытындысын оқыды.
(анықтама хаттамаға қоса берілді)
Шешімі

Әдістемелік кеңестің №2 хаттамасы


24ақпан 2015ж
Қатысқандары:
Қатыспағандары:
Күн тәртібінде:
1.Дарынды балалармен жұмыс деңгейі
2. Физика және информатика пәндерінің онкүндіктерінің қорытындысы
3. Бақылау жұмыстары нормасының орындалуы(химия, биология, география пәндері)
4. Озық іс тәжірибені тарату: «Оқу тәрбие үдерісінде оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімді технологиялар»
5. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдерінің шығармашылық есептерін тыңдауы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет