"жас qalamger" байқауы байқау 7-9 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Ұйымдастырушы



бет1/3
Дата27.07.2022
өлшемі19,24 Kb.
#147792
  1   2   3
Байланысты:
ЖАС QALAMGER сценарий
Шындық пен қиял БЖБ, AbaiOqkz, Жусан иісі БЖБ, Сол жылы қыс қаһарынан түспей қойды, КТП 7 кл, 7 ҚМЖ-1-1, 1580117971484, ГЕОДЕЗИЯ есеп 1 (копия), 9сын алг 1 ток, тәлімгер есебі

"ЖАС QALAMGER" БАЙҚАУЫ
Байқау 7-9 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері


БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Байқаудың мақсаты:

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • әдебиетті дамытуға ерекше үлес деп танылған әдеби жанрдың өркен жайып, дамуына ықпал ету;

  • ана тілінде еркін таза, әдеби тілде көркем сөйлеп, жылдам ойын қорытып көркем тілде жауап беруге дағдыландыру;

  • жас ақындарды анықтау, қолдау көрсету, ынталандыру;

  • жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

  • жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын оқушылар арасында насихаттау.



Байқаудың міндеттері:
- оқушылардың өз авторлық әдеби шығармаларын жазуға және оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- оқушыларға өз туындыларын таныстыруға мүмкіндік беру;
- оқушыларға түрлі жанрда шығармалар жазуға мүмкіндік беру; -
- үздік жұмыстар жинағын жасау.


КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ
1. Байқау жыл сайын өткізіледі.
2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмысты (өлең, ертегі, әңгіме, комикс) кітап ретінде конкурстың ұйымдастыру комитетіне ұсынады.
3. Бекітілген мерзімнен кеш түскен конкурстық жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.


БАЙҚАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ
1.Шығармашылық жұмыс тақырыпқа сәйкес келуі керек.
2. Шығармашылық жұмыс кітап түрінде жасалады. Кітап жасалатын бұйымның мұқабасы, мазмұны (мата, жасанды киіз, қағаз және т.б.) жас ерекшеліктерімен шектелмейді. Шығармашылық жұмыстың мәтіні баспа нұсқасында ұсынылуы тиіс (қолжазба мәтінге жол берілмейді).
3. Шығармашылық жұмыстың титулдық парағында келесі мәліметтер орналастырылады: қатысушының (автордың) аты-жөні, кітаптың атауы, қаласы, мектебі, сыныбы, жылы.
4. Жұмыстың суреттері, дизайны сапалы және тақырыпқа сәйкес келуі керек. Бір кітапты бірнеше оқушы бірлесіп жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет