Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. 27 – бет.
Мақсаты:
1. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекіліктер: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, құралдар.
Қостілділік компонент: мамандық – профессия, жақсы – хорошо, бәрі – все.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберін құру:
Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. – Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып-білеміз. – Мені, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.
|
Шаттық шеңберін айтады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
2. Кіріспе бөлім. а) Жұмбақ шешкізу: Кірпіштен сарай, үй салады,
Ол адам кім болады? (Құрылысшы)
Осы жерде құрылысшы мамандық иесі екені айтылып, мамандық туралы әңгіме жүргізіледі.
ә) «Кім болам?» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар үлкендердің бала күндерінде кім болуды армандағандарын және болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады.
3. Негізгі бөлім. а) «Мамандықты ата» дидактикалық
ойыны. Дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиция, құрылысшы) айтады:
– Дәргер не істейді? – Ғарышкер ше? – Полиция қызметкері не істейді? – Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады).
ә) «Кімге не керек?» тапсырмасы. Шарты: дәптердегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін екінші бағандағы суреттердің тиістісіне сызықпен қосып көрсету. «Кімге не керек?» сұрағына ауызша жауап беру.
б) Дәптердегі аспан әлемі бейнеленген суретті аяқтау. Бір-екі балаға салған суреттері бойынша әңгімелету. Ғарышкер мамандығы туралы түсіндіру: Ғарышкер – ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам.
в) Жұмбақ шешкізу. Шешуі: ұшақ. Ұшқыш мамандығы туралы әңгіме жүргізіледі.
|
Жұмбақты шешеді.
Ойынды ойнайды.
Сурет бойынша әңгімелейді.
Дәптердегі тапсырманы орындайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
4. Оқу іс-әрекетін қорытындылау: а) Педагог бірнеше мамандық түрлерін кезекпен айтады. Балалар әр мамандық туралы әңгімелейді.
– Ұшқыш ұшақты жүргізеді. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшқыш, әскери ұшқыш болады.
– Полиция қызметкері елдің тыныштығын қадағалап жүреді.
ә) Педагог мамандықтың бәрі жақсы, тек қандай мамандық иесі болу үшін көп оқу керектігін айтып, сабақты қорытындылайды.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
Қандай түсініктерді игерді: сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Достарыңызбен бөлісу: |