Сабақтың түрі: Ертегі саяхат сабақ Көрнекілік: мамандық иелері туралы суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреті, құралдар



бет1/4
Дата30.12.2021
өлшемі29,57 Kb.
#106690
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Мамандықтар әлемі


 

Тақырыбы: Мамандықтар әлемі

Мақсаты : Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, еңбекке деген құштарлығын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Мамандықтар туралы білімін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақтар шеше білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Ертегі саяхат сабақ

Көрнекілік: мамандық иелері туралы суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреті, құралдар

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мадақтау, бағалау, ойын

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

/Балаларды орындарынан тұрғызып, шаттық шеңберін құру/



Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

  • Енді бір – бірімізге жылы лебіздерімізді тілейік.

Ашық аспан тілеймін! Күніміз жарық болсын! Деніміз сау болсын! Нан көп болсын!- деген игі тілектерін білдіре келіп, бәрі қосылып: Әрқашан күн сөнбесін!-деседі.

- Айтқан тілектерің қабыл болсын!- деп балаларды отығызу.

- Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? Қандай?

- Қазір жылдың қай мезгілі? Күзде қандай өзгерістер болады?

- Күз айлары қандай? Қазір қай ай?

- Апта күндерін білеміз бе? Бүгін аптаның қай күні?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет