Сабақтың түрі: Ертегі саяхат сабақ Көрнекілік: мамандық иелері туралы суреттер, ертегі кейіпкерлерінің суреті, құралдар



бет4/4
Дата30.12.2021
өлшемі29,57 Kb.
#106690
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Мамандықтар әлемі

V. Қорытындалау

- Сонымен бүгін қандай мамандықтармен таныстық?

- Оқушылар. өздерің өскенде кім болғыларың келеді? Ендеше, сыныбымыздағы болашақ дәрігер, солдат, аспазшыны ортаға шақырайық. Болашақ мамандықтары жөнінде әңгімелейді/

Оқушы:



Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді Өзім жақсы көремін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең», - деймін.

Оқушы:

Ар – намысын сақтаған,

Жүректе сыр жаттаған.

Жан тәніммен ел қорғап,

Солдат болғым келеді

Оқушы:

Балаларға, сәбиге,

Тәттілерді беретін.

Ас даярлап күн сайын,

Мен аспазшы боламын.

- Оқушылар, біз күнде мектепте қандай маман иелерін көреміз? Ал балабақшада қандай маман иелері қызмет етеді? Сендердің ата – аналарыңның мамандығы қандай?

- Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып көп нәрсені үйрену қажет. Білімді болу керек екен. Осындай мамандықта жұмыс жасап жүрген үлкен кісілердің, аға- апалардың, ата-аналарыңның еңбегін бағалап, құрметтеуіміз керек.

Мамандық алғың келе ме?

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық,

Айналаң толған өнеге.

Тыңдайық, кәне, ойлайық,

Білімге терең бойлайық

Оқыған маман шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта

Қолыңнан жұмыс келмесе

Тие ме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі мамандық,

Жер көктің бәрі мамандық

Білуге бәрін талаптан,

Танытып нағыз адамды, - деп сабағымызды аяқтаймыз. Бүгін сабаққа барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Сол үшін сендерге мынандай жұлдызша таратып беремін.

Анықтама


2020 жылдың 24.09. күні 4-сыныпта мамандыққа байланысты тәрбие сағаты өткізілді.

Тақырыбы: Мамандықтар әлемі

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, еңбекке деген құштарлығын ояту, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Мамандықтар туралы білімін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақтар шеше білуге үйрету.

Тәрбие сағатында мамандыққа байланысты ойындар ойнатылды.

«Тиісті орнына қой» ойыны

«Дұрыс па, бұрыс па» ойыны

«Құрылысшыға көмектес» ойыны

«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерімен саяхат жасай отырып, мамандықтар туралы ақпарат алды.

Анықтама беруші Г. Мустафина

Анықтама

2021 жылдың 10.02. күні 4-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізілді.

Тақырыбы: Қош келдің, наурыз!

Мақсаты: Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру

Сабақта оқушылармен психологиялық ахуал қалыптастырып, жұмыс ережесімен таныстырылды.

Алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында «сұрақ бізден, жауап сізден» ойыны ойнатылды, бағаланды.

Оқушылар жаңа сабақ бойынша дайындаған арнайы тапсырмаларымен таныстырды.

«наурыз» өлеңін аудиожазбадан тыңдатылды. Оқушылар М. Дулатовтың өлеңдерін жатқа айтты.

«Бейне сұрақтар» ұяшықтан сан таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Құпия тапсырма жыл құсы туралы ақпаратпен таныстырды.

Жеке жұмыс жүргізілді.

Сабаққа оқушылар белсене қатысып, өз ойларын орта салды. Марапатталды.

Сабақ соңында кері байланыс жүргізілді.

Анықтама беруші Г. Мустафина

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Мамандықтар әлемі

Сыныбы: 4



Сынып жетекші: Г. Мустафина

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет