Сабақтың барысы: IҰйымдастастыру кезеңі Шаттық шеңберін құру. Қуан шаттық алақай Қуанатын күн келді



Дата13.12.2016
өлшемі22,63 Kb.
#3725
түріСабақ
Күні:

Пәні:тіл дамыту

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.

Мақсаты:1)Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

2)Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

3)Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.

Түрі:қайталау

Әдісі:түсіндіру

Көрнекілігі: сурет.

Сабақтың барысы:

IҰйымдастастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құру.

Қуан шаттық алақай

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң балақай

IIМақсат қою кезеңі

Балалардыңәртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру

IIIЖаңа сабақ

Жұмбақ шешкізу.

Кірпіштен сарай, үй салады,

Ол адам кім болады?

(Құрылысшы)

Осы жерде құрылысшы мамандық иесі екені айтылып, мамандық туралы әңгіме жүргізіледі.

«Кім болам?» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар үлкендердің бала күндерінде кім болуды армандағандарын және болашақта өздерінің қандай маман иесі болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын ортаға салады.

«Мамандықты ата» дидактикалық ойыны. Дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиңия, құрылысшы) айтады. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді.

Дәрігер не істейді?

Ғарышкер ше?

Полиция қызметкері не істейді?

Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (Балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады).

IVТүсінгендерін тексеру кезеңі

«Кімге не керек?» тапсырмасы. Шарты: дәптердегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін екінші бағандағы суреттердің тиістісіне сызықпен қосып көрсету. «Кімге не керек?» сұрағына ауызша жауап беру.

Дәптердегі аспан әлемі бейнеленген суретті аяқтау. Бір- екі балаға салған суреттері бойынша әңгімелету. Ғарышкер мамандығы туралы түсіндіру.

Ғарышкер - ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам.

Жұмбақ шешкізу. Шешуі: үшақ. Ұшқыш мамандығы туралы әңгіме жүргізу.

VБекіту кезеңі

Бірнеше мамандық түрлерін кезекпен айту. Балалар әр мамандық туралы әңгімелеу. Мысалы:

Ұшқыш ұшақты жүргізеді. Жолаушыларды тасымалдайтын ұшқыш, әскери ұшқыш болады.

Полияция қызметкері елдің тыныштығын қадағалап жүреді.

Мамандықтың бәрі жақсы, тек қандай мамандық иесі болу үшін көп оқу керектігін айтып, сабақты қорытындылау.



VIБалаларды мадақтау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет