Әдістемелік жұмыстар туралы
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу
Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегi инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжiибелер мен жетекшi идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудiң жаңалығы iске асып қана қоймайды, тағы бiр дүниеге келiп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретiн жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрi директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету нысаны болып табылады.
Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2.Мұғалімдерді педагогиалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Мектеп директорының ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөніндегі орынбасарының атқаратын қызметі және міндеттері
Мектептiң дамуы, бiлiм беру саясаты мен стратегиясын анықтайды, нормативтi-базалық iс-әрекет базасын, жаңа ұйымдастырушылық құрылым, уақытша шығармашылық ұжымдар, эксперименттiк топтар құруға, инновациялық үрдiстердi жүзеге асыруға қатысады.
Бiлiм берудегi әлеуметтiк тапсырысты, шағын аудан тұрғындарының қажеттiлiктерiн зерделейдi, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарының жай-күйiн, оның нәтижелiгiн талдайды.
Мектептiң кешендi-мақсатты даму бағдарламасын, ғылыми-әдiстемелiк және эксперименттiк жұмыстардың жоспарын, бiлiм беру мекемесiнiң моделi мен оның құрамдас жүйесiн жасауға қатысады.
Тереңдетiп бiлiм беретiн сыныптардың оқу жоспарларын жасайды. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестiрудi, орындалуын қамтамасыз етедi. Тереңдетiп оқыту, жеделдетiп оқыту топтарына оқушыларды iрiктейтiн комиссия құрамына кiредi.
Педагог-қызметкерлердiң ғылыми-зерттеу мен тәжiрибе-сынақ жұмыстарына жетекшiлiк етедi: зерттеу мәселесi және өз бетiмен бiлiм көтеру тақырыптары бойынша кеңестер бередi.
Ғылыми - әдiстемелiк кеңес жұмысына жетекшiлiк етедi, педагогтардың шығармашылық пен инновациялық бағытта жұмыс iстеуiне жағдай туғызады. Педагогтардың ғылыми-әдiстемелiк жұмысын ұйымдастырып, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын ұйымдастырады. Аттестациялық комиссия жұмысына қатысады және жетекшiлiк етедi.
Бiрлестiк жетекшiлерi мен кiтапхана қызметкерлерiнiң әрекетiне жетекшiлiк етедi. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысына бағыт-бағдар және кеңес бередi.
Авторлық, байқау оқулықтары мен бағдарламаларын, оқыту технологияларын, оқу-әдістемелiк құралдарды сараптауға қатысады.
Талдау-диагностикалау әрекетiн жүзеге асырады; оқу үрдiсi сипатының әлеуметтiк тапсырысқа, мектептiң даму тұжырымдамасы мен бағдарламасына, жоспарланған нәтижеге сәйкестiгiн анықтайды, басқару жүйесiнiң ықпалының деңгейiн, оқу-тәрбие үрдiсiнiң дамуы мен сапасын анықтайды. Озат педагогикалық iс-тәжiрибенiң қалыптасуына, жинақталуына, таратылуына белсене қатысады.
Диагностикалау натижесiнiң негiзiнде эксперименттiк әрекетке және оқу-тәрбие үрдiсiне қазiргi заманға сай түзетулер енгiзедi.
Басқа бiлiм, ғылым мекемелерiмен өзара шығармашылық байланыс орнатады. Мектептегi ғылыми әдiстемелiк жұмыстарға қатысты құжаттардың дұрыс және дер кезiнде толтырылуын қадағалайды.
Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының жұмыс папкалары:
Мектеп жарғысы мен бiлiмдiк бағдарламалар. Нормативтiк-құқықтық құжаттар (республикалық, қалалық, мектепiшiлiк бұйрықтар)
Жоспарлы-болжамдық әрекет (даму бағдарламасының «әдiстемелiк жұмыс» бөлiмi, әдiстемелiк жұмыстың перспективалық, күнтiзбектiк жоспарлары, әдiстеме және пән апталық жоспарлары)
Ақпараттық-аналитикалық материалдар (әдiстемелiк анықтамалар)
Мектептiң кадрлық құрамы (мұғалiмдер туралы мәлiметтер банкi: сандық және сапалық құрамы).
Ережелер (әдiстемелiк бiрлестiк, мектептегi әдiстемелiк кеңес, өзiн-өзi басқару ұйымы, оқушылардың ғылыми қоғамы туралы, олимпиада, байқаулар өткiзу, iшкi тәртiп ережелерi, қоңырау, кiтапхана, әдiстемелiк кабинет кестелерi).
Қызметтiк мiндеттер (мұғалiмнiң, бiрлестiк жетекшiсiнiң, сынып жетекшiсiнiң, тәрбиешiлердiң). Аттестация материалдары (аттестациялық комиссия құру туралы бұйрық, құрамы, жұмыс кестесi мен жоспары, аттестацияланушылар тiзiмi, құжаттары).
Бiлiктiлiк көтеру жұмысы (формалары, кестесi, жоспары, күтiлетiн нәтижелерi). Шығармашылық топтар жұмысы.
Жас және жаңадан келген мамандармен жұмыс ( тiзiмi, тәлiмгерлер мен жас мамандар жоспарлары, сауалнамалар мен анықтамалар, «Жас мамандар мектебi» оқуының жұмыс кестесi).
Мұғалімдердің эксперименттiк-зерттеушiлiк әрекеттері. Оқушылардың жобалау-зерттеушiлiк әрекеттерi
Баспа әрекетi. Оқу - әдiстемелiк қамтамасыз ету.
Күнтiзбектiк тақырыптық жоспарлау (оқу пәндерi, факультативтер, үйiрмелер мен қоғамдар бойынша).
Есептер мен қорытындылар (өзiнiң, факультатив, тәлiмгер, бiрлестiк жетекшiсiнiң, мұғалiмдердiң ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар бойынша).
Әр деңгейдегi байқаулар (байқаулар туралы ережелер, қатысушылар туралы мәлiметтер мен толық материалдары).
Дәптерлерi:
Директор алдындағы кеңес. Қоғамдастықпен бiрлескен жұмыс.
Әдiстемелiк бiрлестiк жетекшiлерiмен бiрлескен кеңес.
Әдiстемелiк жұмыс бойынша сынып жетекшiлерi мен мұғалiмдердiң бiрлескен жиналысы туралы.
Сабаққа қатысу. Пән бойынша сабақтан тыс шараларға қатысу.
Мұғалiмдермен, сынып жетекшiлерiмен жеке жұмыс.
Әдiстемелiк жұмыс бойынша құжаттарды тексеру және т.б.
Әдістемелік кеңес жұмысының жылдық жоспары
І. Әдістемелік кеңес жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Өткен жылдардағы жұмыс нәтижесіне талдау;
Жаңа оқу жылындағы проблемаларға бағыт;
Проблеманы шешу жолдарындаѓы міндеттер;
ІІ.Әдістемелік ұйымдастыру шаралары:
Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту;
Пєндік єдістемелік бірлестіктердіњ жылдық жоспарын бекіту;
Факультативтік сабақ жоспарларын таңдау, бекіту;
Өз білімін жетілдіру жоспары бекіту;
Жас ұстаздарға көмек клубын ұйымдастыру;
Білім жетілдіру бағытындағы курсқа жіберу графигін жасау;
ІІІ.Әдістемелік кабинетті жабдықтау:
Әдістемелік бұрыш ұйымдастыру;
"Озат тәжірибе" бұрышы;
Әдістемелік жањалықтар стенді;
ІV.Әдістемелік шығармашылық жұмыстар:
Әдістемелік кеңес отырыстарын өткізу (ай сайын).
Мектепішілік шығармашылық топтар құру (үлкен мектептерде).
Пєн апталықтарын өткізу, белгілеу;
Пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындау, өткізу;
Мектепішілік педагогикалық оқу нәтижесін шығару формалары: а)бірыңғай өткізу; б)педкеңесте өткізу; в)бірлестіктер ұсынысын бекіту.
Озат тәжірибелерді зерттеу, насихаттау, формалары:
Семинар сабақтар өткізу; Пєн бірлестіктерінің апталықтарын өткізу;
Плакат, буклет шығару; Баспаға материал беру;
Жыл үздігі байқауларын өткізу ( жыл мұғалімі);
Оқу кабинеттері байқауын өткізу; Оқу кабинеттерін аттестациялау;
Мектепке бүлдіршіндерді әзірлеу, бала-бақшамен байланысу, жоғары топ балаларының дайындығын зерттеу;
Бастауыш буыннан орталау мектепке өту кезеңіндегі оқушының білімділігі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу;
V.Бастауыш буыннан орталау мектепке өту кезеңіндегі оқушының білімділігі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу:
Бірлестік жетекшілерінің есебін тыңдау;
Шығармашылық зерттеу жұмысының қорытындысын тыңдау;
Үлгілі семинар сабақ қорытындысын талдау;
Тақырыптық зерттеу қорытындысын тыңдау.
I.Әдістемелік жұмыстың мақсат-міндеттері мен құрылымы
Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.
Негізгі міндеттері
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетілдіру.
Оқу құралдарының мазмұнын дайында мен оны жаңарту.
Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру.
Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау.
Оқытудың әдіс-формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.
Әдістемелік жұмыстардың мазмұны
Ғылыми зерттеулер жүргізу.
Бағдарламаларды үйлестіру.
Ақпараттандыру мәселелерін талқылау.
Оқушылар үлгерімін талдау.
Оқыту әдістемесін жетілдіру.
Мектепішілік бақылауды сараптау.
Озат тәжірибені жинақтау, тарату.
Ғылым жетістіктерін практикаға ендіру.
Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарының үлгісі
Өткен оқу жылының әдістемелік жұмыстарын талдау.
Жаңа оқу жылының әдістеелік жұмыстарының тақырыбын айқындау.
Әдістемелік жұмыстардың мақсат-міндеттерін айқындау.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.
Өткізілетін негізгі іс-шаралар кестесі мен тізімін жасау.
Әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру.
Әдістемедлік жұмыстарды бақылау мен есеп беру.
IІ. Мектептегі әдістемелік жұмыстың оқу жылына арналған жұмыс жоспары
2.1.Өткен оқу жылына жасалған талдау
Өткен оқу жылының мақсат-міндеттері және олардың жүзеге асырылу барысы.
Жетістіктер мен кемшіліктер және олардың себеп-салдарлары.
2.2.Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері
Әдістемелік апталықтар мен түрлі іс-шараларды сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру.
Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, барлық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды жоғары әдістемелік деңгейде өткізу.
Өзара тәжірибе алмасу жиындарын өткізе отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету.
Оқытудың белсенді әдіс-формалары мен тиімді технологияларын іздестіре отырып, тәжірибе-сынақтар жүргізу.
Жаңа оқу-тәрбиелік, ғылыми әдістемелік дидактикалық материлдар мен оқу құралдарын жасай отырып, инновациялық білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру барысын талдай отырып, шығармашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.
Мектеп бітірушілердің білімдерінің ғылыми базасын нығайта отырып, таңдаған пәні бойынша жоғары оқу орнына түсуіне бағытталған дайындық жұмыстарын күшейту.
Оқушылардың бойында жоғары моральдік және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды кешенді тәрбилеу бағдарламаларын жетілдіру.
2.3.Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды облыстық білім департаменті мен аудандық білім бөлімінің бұйрықтарын, өткен оқу жылының қорытындыларын басшылыққа ала отырып жоспарлау және ұйымдастыру.
Әдістемелік кеңес отырыстарын жоспарлы түрде тоқсанына бір рет өткізу:
Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері – қыркүйек.
Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату – қараша.
Оқушылардың шамадан тыс оқу жүктемелерін азайту арқылы білім сапасын арттыру жолдары – қаңтар.
Оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарының алғашқы нәтижелері мен оның себеп-салдарлары – наурыз.
Әдістемелік апталықты ақпан айында өткізу.
Әдістемелік бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарын төмендегіше өткізу: 1.Бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі бойынша – 28-29 тамыз. 2.Гуманитарлық пәндер бірлестігі бойынша – 1-3 қыркүйек. 3.Жаратылыстану пәндері бірлестігі бойынша – 5-7 қыркүйек.
Бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарында мына мәселелерді қарау:
Оқу және әдістемелік жұмыстардың қорытындылары, оқыту процесін жетілдіру жолдары.
Оқу-тәрбие процесін бақылау қорытындылары, өзара сабақтарға енуді жоспарлау.
Сабақтардың әр түрлі типтері мен формаларын өткізу ерекшеліктері мен әдістемесі.
Оқытудың интерактивті әдістері мен белсенді формаларын іздеу мен тәжірибеге ендіру.
Білім беру процесіне оқытудың тиімді технологияларын ендіру проблемалары мен негізгі жолдары.
Бірлестік отырыстарын тоқсанына бір рет өткізу және онда мына мәселелерге назар аудару:
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сапалы түрде жүзеге асыру және оны дидактикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Озат тәжірибе мектебінің жұмысын жоспарлай отырып, жаңашыл және тәжірибелі мұғалімдердің озат тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату.
Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, сабақтарды әдістемелік қамтамасыз ету.
Жаңаша оқыту жүйелерін зерттей отырып, оқытудың тиімді технологияларын мектеп тәжірибесіне сатылап ендіру.
Нормативтік актілерді оқып-үйрене отырып, мектеп құжаттарын толтыруда бірыңғай талаптарды басшылыққа алу.
Психология мен педагогика және пәнді оқыту әдістемесі бойынша әдебиеттерге шолу жасай отырып, мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне үнемі ықпал ету.
Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қоғамдарын құра отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізуді ұйымдастыру.
Мұғалімдердің қажеттіліктері мен сұраныстарына диагностика жүргізе отырып, өзара тәжірибе алмасу семинарлары мен оқуларын өткізу.
Білім сатысы оқуларынан өту жоспарын жасай отырып, мұғалімдердің біліктілік санаттарын көтеруде жүзеге асыру.
Ақылшы ұстаздар тағайындай отырып, жаңадан келген және жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру.
Жаңа бағдарламалар әзірлеу және оқыту технологияларын ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарын жүргізу.
Қосымша білім беру бағдарламаларын дайындай отырып, сыныптан тыс үйірме жұмыстары мен факультативтерді ұйымдастыру.
Мектепішілік “Жыл мұғалімі”, “Сынып жетекшісі”, “Пән кабинеті” байқауларының І турын қарашада, ІІ турын қаңтарда өткізу.
Пән апталықтарын төмендегіше ұйымдастырып, өткізу:
Қазақ тілі мен әдебиеті – қыркүйек.
Бастауыш сыныптар – қазан.
Орыс тілі мен әдебиеті – қараша.
Тарих және қоғамдық пәндер– желтоқсан.
Физика және информатика – қаңтар.
Математика– ақпан.
Химия және биология – наурыз.
Дене тәрбиесі, АӘД және технология – сәуір.
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибелерді дер кезінде талдап, жалпылап, тарату үшін бірлестік отырыстарында қарастырылған материалдар мен қабілданған шешімдерді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасарына уақтылы өткізіп отыру.
Пәндік және әдістемелік апталықтарды өткізу барысын бақылауды мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасарына міндеттеу.
І.Мектеп әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспары
Мақсаты: Оқу-тәрбие процесіне оқытудың тиімді технологияларын сатылап ендіруді жүзеге асыру.
Мiндеттерi:
Тұжырымдамалық негіздерін оқып-үйрене отырып, мектеп тәжірибесіне оқытудың тиімді технологияларын сатылап ендіру
Жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені зерттеп, жалпылау және тарату.
№
|
Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны
|
Өткiзу формасы
|
Мерзiмi
|
Жауапты
|
1.
|
Тамыз конференциясына қатысу, секция отырысында баяндамаларды оқу
1) Базылбаева Э.Е-қазақ тілі мұғалімі
2) Забиева А.А-биология мұғалімі
3) Исина Д.Б-география мұғалімі
|
Конференция, секция отырыстары
|
тамыз
|
Мұғалімдер
|
2
|
Педкеңесте "Оқу үрдісінде қолданылатын әдістемелік құралдар" атты көрмені ұйымдастыру
|
көрме
|
тамыз
|
ӘБ жетекшілері
|
3
|
Пән кабинеттерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру, кабинеттердің паспорттарын тексеру, кабинетті паспортизациялау
|
Кабинеттері қарау
|
тамыз
|
Мектеп директоры,
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
4
|
Пән бірлестіктерінің жылдық жоспарын бекіту
|
Құжаттармен жұмыс
|
тамыз
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
5
|
Мұғалімдерге «Білім күні» мерекесіне байланысты ашық және тәрбие сабақтарын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар беру
|
Нұсқау беру
|
тамыз
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
6
|
Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері
|
Отырыс
|
Қыркүйек
|
ӘБ жетекшілері
|
7
|
ҚР білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту туралы 2014-2015 оқу жылына арналған нұсқау хатпен мұғалімдерді таныстыру
|
Отырыс
|
қыркүйек
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
8
|
Әдістемелік кеңестің І отырысы
|
Отырыс
|
қыркүйек
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
9
|
2014-2015 оқу жылында біліктілігін арттыру курстарынан өтетін мұғалімдер тізімін анықтау
|
Тізім құрастыру
|
қыркүйек
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
10
|
«Тілдер мерекесіне» арналған апталық, айлық шаралар ұйымдастыру, өткізу.
|
Шараларға қатысу
|
қыркүйек
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
11
|
Жас мұғалімдерге тәлімгерлер тағайындау
|
бұйрық
|
қыркүйек
|
Мектеп директоры
|
12
|
Бастапқы бақылау жұмысын өткізу: бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, математика, биология, химия, физика, география, тарих пәндері.
|
Кесте бойынша бақылау алу
|
қыркүйек
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
13
|
Қатаң есептерді құжаттармен жұмыс жасау нұсқаулығын беру(сынып журналдары, табель, актілгенген күндер)
|
отырыс
|
қыркүйек
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
14
|
"Дарын" орталығының жұмыс жоспарын бекіту
|
Құжатпен жұмыс
|
қыркүйек
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
15
|
Пән онкүндіктерінің кестесін құрастырып, бекіту
|
Кесте құрастыру
|
қыркүйек
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
16
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндіктері
|
онкүндік
|
қыркүйек
|
Пән мұғалімдер
|
17
|
Бастауыш сынып оқушылардың ортаңғы буынға бейімделуі
|
педконсилум
|
қазан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева, психолог
|
18
|
"Ең үздік ағылшын тілі кабинеті" байқауын өткізу
|
байқау
|
қазан
|
Комиссия мүшелері
|
19
|
Мұғалімдерді пәндік олимпиада, ғылыми жоба ережелерімен таныстыру және әдістемелік нұсқау беру
|
Нұсқау беру
|
қазан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
20
|
Коучинг "Топтағы бірлескен жұмыс"
|
коучинг
|
қазан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
21
|
11 сынып оқушыларын ҰБТ –ға дайындау жұмыстарына әдістемелік көмек беру, қадағалау.
|
Нұсқау беру
|
қазан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
22
|
Мұғалімдерді ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығы таныстыру, аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің жоспарларын қарау
|
Ережемен таныстыру
|
қазан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
23
|
Бастауыш сынып оқушыларынан тест жұмысын алу
|
Тест алу
|
қазан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
24
|
Әдістемелік кеңестің ІІ отырысы
|
Отырыс
|
қазан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
25
|
Бастауыш сынып бірлестік апталығы
|
апталық
|
қазан
|
ӘБ жетекшілері
|
26
|
Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату
|
Отырыс
|
қазан
|
ӘБ жетекшілері
|
27
|
Орыс тілі мен ағылшын онкүндігі
|
онкүндік
|
қараша
|
ӘБ жетекшісі
|
28
|
Мектепішілік пән олимпиадасын өткізу
|
олимпиада
|
қараша
|
Пән мұғалімдері
|
29
|
Аудандық ғылыми жоба жарысы
|
жарыс
|
қараша
|
Пән мұғалімдері
|
30
|
"Ең үздік география кабинеті" байқауын өткізу
|
байқау
|
қараша
|
Комиссия мүшелері
|
31
|
Деңгейлеп оқыту бағдарламасы бойынша курстан өткен мұғалімдердің жұмысын зерттеу
|
зерттеу
|
қараша
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
32
|
Педагогикалық оқу: " "Білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары"
|
педоқу
|
желтоқсан
|
Пән мұғалімдері
|
33
|
Аудандық пән олимпиадасына оқушыларды дайындау, қатыстыру
|
олимпиада
|
желтоқсан
|
Пән мұғалімдері
|
34
|
Әдістемелік кеңестің ІІІ отырысы
|
Отырыс
|
желтоқсан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
35
|
Мектепалды даярлық топтарының білім деңгейлері
|
тексеру
|
желтоқсан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
36
|
Тұңғыш Президент оқулары
|
оқулар
|
желтоқсан
|
Пән мұғалімдері
|
37
|
Тарих, география онкүндіктері
|
онкүндік
|
желтоқсан
|
Пән мұғалімдері
|
38
|
Әдістемелік күн: «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту»
|
Сабаққа қатысу
|
қаңтар
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
39
|
Интеллектуалды марафондарға қатыстыру
КИО олимпиадасына қатысу деңгейі
|
Марафон, олимипада
|
қаңтар
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
40
|
Физика6 информатика онкүндіктері
|
онкүндік
|
қаңтар
|
Э.Базылбаева
|
41
|
Бақылау жұмыстары нормаларының орындалуы бақылау
|
Құжаттармен жұмыс
|
қаңтар
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
42
|
11-сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығын бақылау
|
Тест
|
ақпан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
43
|
Аттестаттаудан өтетін мұғалімдерінің онкүндігі
|
онкүндік
|
ақпан
|
Аттестаттаудан өтететін мұғалімдер
|
44
|
Математика онкүндіктері
|
онкүндік
|
ақпан
|
ӘБ жетекшісі
|
45
|
«Ең үздік биология кабинеті» байқауы
|
байқау
|
ақпан
|
Комиссия мүшелері
|
46
|
Дөңгелек үстел: «Жас ұстаздардың өздігінен білімін көтеруі-біліктілікті арттырудың кепілі»
|
Дөңгелек үстел
|
ақпан
|
Жас маман жетекшісі
|
47
|
Озық іс тәжірибені тарату: Ағылшын тілі сабағында қолданылатын рефлексия түрлері.
|
ОІТТ
|
ақпан
|
Жексенова А.С
|
48
|
«Жыл мұғалім-2015 жыл» байқауы
|
байқау
|
ақпан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
49
|
Әдістемелік кеңестің ІV отырысы
|
Отырыс
|
ақпан
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
50
|
Биология, химия пәндерінің онкүндіктері
|
онкүндік
|
наурыз
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
51
|
Әдістемелік күн: «Өтілген сабақты тексеру»
|
тексеру
|
наурыз
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
52
|
Мұғалімдерді оқу жылының аяқтау туралы ҚР білім және ғылым министрлігінің ұйрығымен таныстыру
|
Бұйрықпен таныстыру
|
сәуір
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
53
|
Емтихан материалдарының мазмұнын қарастыру
|
Материалдарды қарау
|
сәуір
|
ӘБ жетекшілері
|
54
|
АӘД, технология, дене шынықтыру пәндерінің онкүндігі
|
|
сәуір
|
Пән мұғалімдері
|
55
|
«Ең үздік әдістемелік бірлестік» байқауы
|
байқау
|
сәуір
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
56
|
Педагогикалық оқу: «Нәтижеге бағдарланған білім беруде бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру»
|
педоқу
|
сәуір
|
Пән мұғалімдері
|
57
|
Абай оқуларын өткізу
|
оқулар
|
сәуір
|
Пән мұғалімдері
|
58
|
«Ең үздік АӘД, дене шынықтыру кабинеті» байқау
|
байқау
|
сәуір
|
Комиссия мүшелері
|
59
|
Әдістемелік кеңестің V отырысы
|
Отырыс
|
сәуір
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
60
|
«Жыл оқушысы – 2015» байқау
|
байқау
|
мамыр
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
61
|
Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға дайындау жұмыстарына психологиялық көмек көрсету
|
тренинг
|
мамыр
|
психолог
|
62
|
Оқу жылының қорытындысы бойынша мұғалімдер жұмысының рейтингісі.
Алдағы оқу жылына дайындық.
|
Рейтинг
|
мамыр
|
ӘК жетекшісі Э.Базылбаева
|
63
|
Әдістемелік кеңестің VІ отырысы
|
Отырыс
|
мамыр
|
ӘК жетекшісі
|
Достарыңызбен бөлісу: |