Графикалық құжат: Сызықтар, трихтер, сәуле түстері арқылы объекті (объектілер) бейнеленген бейнелі құжат;
Аудиовизуалды құжат:Бейнелі және дыбыстық ақпаратты қамтитын құжат;
Киноқұжат:Кинематографиялық әдіспен белгіленген бейнелі (үнсіз кинода) немесе аудиовизуалды (дыбыстық кинода) ақпаратты қамтитын бейнелі құжат;
Фотоқұжат: Фотографиялық әдіспен белгіленген ақпаратты қамтитын бейнелі құжат;
Иконографиялық құжат: Өнер, арнайы немесе көркем фотографиялар шығармалардының бейнелерін қамтитын құжат;
Фоноқұжат:Кез келген ддыбыс жазу жүйесімен белгіленген дыбыстық ақпаратты қамтитын құжат;
Мәтіндік құжат:Кез келген жазба түрінде немесе кез келген аудиожазба жүйесі арқылы белгіленген сөз ақпаратын қамтитын құжат;
Ресми құжат:Белгіленген тәртіпте рәсімдеген және куәландырылған, заңды немесе жеке тұлғамен жасалған құжат;