әдістемелік материалдар 2013 жылғы №2 басылым



бет1/11
Дата31.01.2018
өлшемі2,5 Mb.
#36731
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

УМКД 042-18.19-002-2013

Ред. № 1 от 03.09.2013

Страница из





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.19-1 /2013


ПОӘК «Педагогика»

пәніне арналған оқу әдістемелік материалдар





____2013 жылғы

№ 2 басылым





«Педагогика» пәні

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы

5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

5В10600-Музыкалық білім

5В012000-Кәсіптік білім

5В010300-Педагогика және психология

5В010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ-2013


1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: 28.08.2013

Кабдуалиева А.Ж. педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі ___________________


2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 1 04.09.2013ж.

Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З.
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама № 1 05. 09.2013ж.

Төрайымы: ________________________ Ахметова Т.Ш.
3. Бекітілді

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік

кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама № 1 18.09.2013ж.

ОӘК төрайымы: ___________________ Искакова Г.К.

          1. Мазмұны

1 Глоссарий........................................................................................................4-6

2 Дәрістер...........................................................................................................7-98

3 Тәжірбиелік сабақтар.................................................................................... 98-104



4 Студенттердің өздік жұмысы........................................................................104-105

БӨЛІМ 1. ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ

Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.

Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) - құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.

Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.

«Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді.

Әдіс - мазмұның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Әміршіл-әкімшіл(авторитарная) педагогика - көзсіз бағыну тәрбиесін алға тартқан педагогика.

Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу.

Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.

Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.

Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.

Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.

Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым-қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады.Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады.

Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс

Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға,техникаға т.б.) байқатқан балалар.

Даму дегенiмiз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделiге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секiрiс түрiнде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесi.

Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.

Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика.

Интерактивті қарым қатынас – адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне бағытталған қарым-қатынас.

Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі.

Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.

Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым.

Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері қозғалыс.

Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру процесі.

Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.

Қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктернен туындайтын және ақпараттармен алмасу,адамды адам қабылдау,түсінудіқамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі процесі.

Педагогика тәрбие туралы ғылым.

Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas» баланы жетектеуші сөзінен алған.

Педагогика пәніиндивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгертетін оқу және оқудан тысуақыттың бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесс болып табылады.

Пәнбұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі.

Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.

Педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі,стандарт,модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер,әдістер,теориялар,көзқарастар жүйесі.

Перцептивті қарым қатынас – басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio – қабылдау,сезіну).

Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.

Педагогикалық жүйе - жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы.

Рефлексия – адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы.

Ретиалды қарым қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қатынас).

Симпатия – бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының қалыптасуы.

Тәрбие – қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі.

Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті.

Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы

2 ДӘРІСТЕР
БӨЛІМ 2. ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету

Міндеттері:

  • Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру;

  • Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту;

  • Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді.

Дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі.

Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:


  • Сабаққа кешікпеңіз;

  • Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз.

  • Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.



2.1 Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны.

Тақырып 1. Мұғалімнің педагогикалық ойлауын қалыптастырудағы педагогика тарихы. Адамзат дамуының ерте кезеңдеріндегі оқыту мен тәрбиелеу.Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

Мақсаты :педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің теориялық және практикалық іс әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру. Педагогика пәні мен қызыметінің мақсатын түсіндіру, тарихы мен ғылым жөнінде мағлұмат беру.

Жоспар:

1. Педагогика тәрбие туралы ғылым.

2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы.

3.Педагогикалық пәндердің мазмұнын ашып көрсету.

4.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын көрсету.



1.Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.

Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.

Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.

Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет.



Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.

2.Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas» баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды.

Тәрбие – қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал – ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіретін ұғымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Демек, педагогикалық іс-әрекет іске асырылатын объективтік шындықтың жақтары, педагогиканың насынасы болады.

Нысана –ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы.

Пән – бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Педагогика басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.

Ал педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгертетін оқу және оқудан тысуақыттың бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.

Бір элементтен көп элементер қосылу барысында жүйе пайда болады.



Педагогикалық шындықта бұл «ұстаздар– оқушылар» жүйесі, ло сол жетекші бөлігі бойынша педагогикалық жүйе деп аталады.

Қандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. «Ұстаздар – оқушылар» жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады.

Ғылымның негізгі ұғымдары категориялар деп аталады. Педагогикада негізгі ұғымдар «категориялар) жүйесі жүзжылдық бойында қалыптасты. Ол кездейсоқ емес, өйткені алдымен педагогикалық білімдер философия төңірегінде жинақталған, педагогика философиядан бөлінуі педагогикалық ғылымның объектісінің (насынасының) анықталуымен байланысты.

Категориялар мазмұндарында объективті шындықтың маңызы жақтары бейнеленуі, яғни уақыт анықталған категорилар құрамы, ос ығылым зерттейтін, объектвиті шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасауға мүмкіншілік береді. Бірақта бұл үшін зерттеліп отырған шындықтың шекарасын білу керек. ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратау,а болады. Ғылымдарды олардың ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге латын саласы.

Сонымен қатар, педагогикада жалпы ғылыми басқада адам туралы ғылымдар ,ұғымдар пайдаланады: тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптасу, педагогикалық болмысқа қатысты іс-әрекет мағыналы болады, егерде ол табысты болса, өйткені осы жағдайда тұлға өзін-өзі ұйымдастыра алатын жүйе ретінде өмір сүре алады. Яғни іс-әрекет табыстылығы, қазіргі кезеңдегі білім берудің тұлғаға бағытталған парадигмасы тұрғысынан, педагогикалық негізгі категориялар құрамына кіретін ұғымға жатады.

Педагогиканың негізгі ұғымдары (категориялары) өзара тығыз байланысты – мазмұнды түрде бір-бірін өзара толықтырады, әртүрлі жақтарын бейнелейді. Толық бағалы теориялық білім дәл негізгі ұғымдар ақылы бекітіледі.

«Объект» және «пән» деген ұғымдардың мәнін ашу.

Педагогикалық процесс мұғалім іс- әрекетінің объектісі. Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық спатының бір тұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Санның тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек, мұғалімнің іс-әрекеті, оның білім және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйәкес болмайды.



3.Педагогика ғылымдарының жүйесіне, жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінге педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогиика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика және т.б. бөліне бастады.

Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогоикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.

Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогикның социологияның білім социологиясы, студенттер социаологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.



Ғылым дамуының басты шарты-жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу əдістеріне тəуелді келеді. əдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында əдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.

Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз.

Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің –нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика əдіснамасын педагогикалық таным жəне болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы. «Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. «Метод» «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның, теориялық нгізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды.

Гегель әдіс дегеніміз мазмұның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптивтік.

Дескриптивтік əдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама –зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.

Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табтғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткнеде ғана ғылыми бола алады.

Педагогикадағы жалпы теориялық зертетулерге педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ра қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогиклық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.

Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші жалпы ғылымдықəдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгейтехнологиялық əдіснама –зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді.

Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.

Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын дифференциаландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог – зертетушілер мен праткиктардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:


  • тақырыпты үйлестірудегі және оның көкейкестілігін дәлелдей білуді;

  • ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын дәне пайда болған қайшылықатрын анықтай білуді;

  • зерттеу мәселесін үйлестіре білуді (яғни жауапты талап ететін сұрақты);

  • мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын) нысана және зерттеу пәнін анықтай алуды:

Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол мәселеде үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілін бір жобаланған жауап ретінде бейнеленеді.

Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық тәжірибені меңгеруді анықтаушы эксперимент және пелагогикалық шындықты қайта құруды қамтамасыз ету қлыптастырушы эксперимент.

Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді қолдауын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін – теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтыдан абстрактылық және абстралылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданылады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесеу, анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.

Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолдантын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндігі, не туралы екендгі айқын болуы керек.

Бір терминді (сөзді) бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәнінің ұғымдық сиапттамасы зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің оның теориялық моделін жасаудың кепілі болады.

Соңғысы арқылы зерттеу құбылытарының нақытлы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әректетер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар праткика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар пакеті ретінде болашақ педагогикалық іс-әректетер жобасыда қаланады. 4.Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясатануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциалдануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциалдануға,педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ- ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалуға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогиклық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық слыстыру және тағы басқалар) пайдаланылады.

Педагогика ол ағзаның материалды-энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықатырна (И.П.Павлов, П.К.Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет