Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



бет39/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)

Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі қҧндылықтарды қалыптастыру болып табылады: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.
2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ сәйкес білім беру ұйымдарының оқу процесінде отбасылық құндылықтар мен отбасы институтының маңыздылығы басым болады. «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында мектептерде «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» құру қажет. Бұл мектептерді құрудың мақсаты бала тәрбиесіндегі отбасы ролін кӛтеру болып табылады.
Мұғалімдердің отбасымен ӛзара әрекеттесу сипаты негізінен мектепке әр түрлі кӛзқараспен қарайтын, мектепте және сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рӛлін кӛретін, балаларын отбасында басқаша ӛсіретін және әртүрлі интеллектуалдық деңгейге ие ата-аналардың ұстанымына байланысты.Сондықтан жаңа форматта ата-аналарға арналған дәрістер мен ата-аналардың қатысуымен бірлескен іс-шаралар ӛткізу ҧсынылады.
Отбасымен және ата-аналармен жұмысты дифференцияланған түрде құру керек, бәріне бірдей қарым-қатынас орнатпай, бірақ ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, әсіресе отбасы мен отбасылық тәрбиеге назар аударып, оларды мектеп, сынып және баланың болмысына табандылықпен енгізе алады. Бұл үшін ата-аналармен және балалармен жеке әңгіме жүргізу үшін педагогикалық және ата-аналар консилиумдарын құру маңызды, оның нәтижесінде баламен жүргізілетін педагогикалық іс-әрекеттердің нақты бағдарламасы мен жүйесі үйлестіріледі. Атап айтқанда, баланың үй жағдайымен танысу үшін отбасына бару, отбасылық мәселелер және бала тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер ӛткізуді қамтиды.
Ы. Алтынсарин атындағы ҦБА әзірлеген отбасылық қҧндылықтарды қалыптастыру бойынша ҧсынымдамалар орта білім беру ҧйымдарының оқу- тәрбие жҧмыстарында отбасылық қҧндылықтарды жҥзеге асырудағы жетекші қҧрал болып табылады (https://www.nao.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет