Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



бет37/65
Дата04.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#134347
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
Байланысты:
ӘНХ (2)

Орта білім беру ҧйымдарында «Қоғамға қызмет» волонтерлық әлеуметтік жобасын - «Мектепке жол», «Қамқорлық», «Мектепке жиналуға кӛмектес», «Адамдарға қуаныш сыйла» акцияларын және т.б. жүзеге асруға білім алушыларды кең кӛлемде тарту керек. Сонымен қатар, мектептер экологиялық, спорттық, мәдени, азаматтық-құқықтық волонтерлықтың ӛмірге енуіне бастамашы болуы тиіс. Білім беру ұйымдарында волонтерлік қызметті ұйымдастыру туралы жеткілікті ақпарат Астана, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2019 ж. «Білім беру саласындағы волонтерлік пен қайырымдылық және олардың қазіргі жағдайда білім беру жҥйесін жаңғыртудағы рӛлі» әдістемелік ұсынымдамасында берілген. https://www.nao.kz.
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда кездесу-кештері,
«Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары», «Адамзаттың ұлы ұстаздары», «Қазақстанның ұлы ойшылдары мен философтары» әдеби кештері,
«Сұлулық әлемді құтқарады» поэзиялық кештері, «Мейірбандық – адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз» әдеби-музыкалық композициясы,
«Махаббат – адам ӛмірінің негізі», «Қайырымдылық жасампаз күш» адамгершілік-рухани мазмұндағы сынақтар және әңгімелер айтарлықтай маңызға ие болады.
Жаңа оқу жылында Ҧлы қазақ ақыны, ағартушы Абай Қҧнанбайҧлының туғанына 175 жыл толуына орай ӛткізетін бҧқаралық іс-шараларды жалғастыру ҧсынылады.
Рухани-танымдық құндылықтар жүйесін қалыптастыру кітап оқу барысында жүзеге асады. 2020-2021 оқу жылында кітаптың пайдасын арттыру мен кітап оқуды қолдау мақсатында («Кітап оқу сәні») оқушылар арасындағы кітап оқу сағаттары сақталады.
Кітап алмасу үшін арнайы орындар – буккросинг, білім аулшылар мен ересектердің (кітапханашы, мұғалім, ата-аналар мен білім алушылар) кітапқа деген жалпы қызығушылығы негізінде, кітап кӛрмелері мен кітап ӛнімдеріне қоғамдық шолу жасау үшін арнайы орындар ұйымдастыру; «Оқымысты мектеп» конкурстары, кітапханаларға кітаптарды ӛз еркімен тапсыруға арналған қайырымдылық акциясы; білім алушылардың кітапхана қызметкерлерімен кездесулері, сонымен қатар отбасылық оқуға арналған кітаптардың тізімін жасау, ата-аналармен қосылып кітап оқу және талқылау, альбомдар, буклеттер, кино және бейне материалдар дайындау және т.б. маңызды.
Мектеп кітапханасы «Жазғы оқылым», «Кітап бәйгесі», «Отбасымен қосылып оқу» және т.б. сияқты бағдарламаларды белсенді түрде дамытуы керек, мұнда бірінші күн «Оқу және жазу мәдениеті күні» деп аталады.
Мектептің сайтында ең жақсы балалар мен мектеп әдебиеттеріне арналған түрлі қызметтер, балалар мен жасӛспірімдердің оқуын белсендіру үшін ресурстар (Интернет-викториналар, ұсыныс қызметтері, кітап клубтары туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы керек.
Кітаптарды электронды форматта оқу мүмкіндіктерін, соның ішінде мобильді құрылғыларды пайдалану арқылы балаларға әдебиет ағынын жақсы басқаруға кӛмектесетін және ӛзге балаларды кітап оқуға тартуға мүмкіндік беретін жаңа электрондық ресурстарды дамыту қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет