Конкурсын өткізу туралы «Қайырымдылық керуені»



Дата31.12.2019
өлшемі26,57 Kb.
#55088
түріКонкурс
ЕРЕЖЕ

«Қайырымдылық керуені»

ІІ Республикалық конкурсын өткізу туралы
«Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық және гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Конкурс жыл сайын өткізіледі және номинациялар бойынша лауреат атанған конкурс қатысушыларына мүсінше мен диплом табыс етуді көздейді.


1. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ

Қайырымдылық пен белсенді азаматтық бастаманы дәріптеу.


2. КОНКУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ

1. Қазақстанда қайырымдылықтың дамуын ынталандыру.

2. Өзара көмекпен байланысты ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға жәрдемдесу.

3. Қоғамдық санада қазіргі заманғы қайырымдылық идеалын қалыптастыру.

4. Халықтың қайырымдылық қызметі туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру.

5. Өскелең ұрпақты қазақстандықтардың ең жақсы қасиеттерін бейнелейтін мінез-құлық нормалары мен қағидаттарына тәрбиелеу.


3. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры;

2. Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы;

3. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» ЕСК» АҚ;

4. «Хабар» Агенттігі»;

5. «КТК» Республикалық телеарнасы.


4. ҚАТЫСУШЫЛАР

Конкурсқа өздерінің белсенді азаматтық ұстанымымен, мейірімді істерімен және әрекеттерімен әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыс жеке немесе заңды тұлғаның атынан ұсыну арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысушылар жеке деректері мен қызметі туралы ақпаратты конкурс ұйымдастырушыларына конкурсты өткізу және жариялау шеңберінде пайдалануға келісім мен құқық береді.

Конкурсқа орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен байланысты (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және басқалар) жеке және заңды тұлғалар қатыса алмайды.
5. АТҚАРУШЫ КОМИТЕТ

Конкурсты ұйымдастырушылар конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Атқарушы комитет құрады, оның құрамы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының, «Хабар» Агенттігінің және «КТК» телеарнасының өкілдерінен тұрады. Атқарушы комитет қатысушылардың өтінімдерін қабылдайды және қарайды, қайырымдылық қызметін растайтын құжаттардың дұрыстығын тексереді және құжаттарды Комиссияның қарауына ұсынады.


6. КОМИССИЯ

Комиссия көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінен, меценаттардан, ғылым, мәдениет және БАҚ өкілдерінен құрылады.


7. ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру «Хабар», «КТК» телеарналарының эфирінде және ұйымдастырушылардың корпоративтік әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығының аймақтық өкілдіктері облыстық мен Шымкент, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының әкімдіктерімен келісе отырып, қатысушыларды іздеу және материалдар жинау бойынша жұмыс топтарын құрады.

Әрбір номинациядағы 5 (бес) қатысушыдан аспайтын қатысушылардың материалдарын жұмыс топтары Атқарушы комитетке жібереді.

Атқарушы комитет ұсынылған материалдарды қосымша тексереді және қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратады. Атқарушы комитет іріктеуден кейін материалдарды Комиссияның қарауына жібереді.

Комиссия конкурс жеңімпаздарын дауыс беру жолымен анықтайды. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

Конкурс жеңімпаздарының есімдері республикалық және жергілікті электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтар бағдарламалары эфирінде жарияланады (конкурстың медиа-жоспарына сәйкес).

Конкурсқа өткен жылдың жеңімпаздары мен ұйымдастырушылардың өкілдері, сондай-ақ ұйымдастырушылардың ведомстволық бағынышты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істейтін тұлғалар қатыса алмайды.


8. НОМИНАЦИЯЛАР

Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады:



  1. «Асар» номинациясы халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін тұлғаға беріледі.

  2. «Туған жер» номинациясы білім беру, экология, көркейту, мәдени объектілерді қалпына келтіру салаларында туған өлкеге көмек көрсететін тұлғаларға беріледі.

  3. «Мейірім жолында» номинациясы ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын тұлғаларға беріледі.

  4. «Батыл жүрек» номинациясы ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады.

  5. «Қайырымдылық тарихы» номинациясы БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын материалдардың жариялануынын қамтамасыз ететін журналистке немесе шығармашылық ұжымға беріледі.


9. ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

1. Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік қызметті ерікті түрде жүзеге асыру.

2. Көрсетілген көмек пен шешілетін мәселенің өзектілігі.

3. Қамту ауқымы.

4. Мәселелерді шешудің жеделдігі мен қарапайымдылығы.

5. Нақты нәтижеге қол жеткізу.


10. ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

1. Қатысушы туралы ұсыныс-хатты (Қосымша 1) жеке немесе заңды тұлға толтырады.

2. Қатысушының өмірбаяны немесе қайырымдылық қызметі туралы қысқаша ақпарат (Қосымша 2).

3. Қатысушының фотосуреті немесе логотипі (JPEG пішімі).


11. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

Мерзімі:

1. Конкурс өткізу туралы анонстық хабарландырудың трансляциясы («Хабар» республикалық телеарнасы) – 2019 жылғы 2 қыркүйектен 29 қарашаға дейін.

2. Қатысушыларды іздеу және материалдарды жинау (жұмыс тобы) – 2019 жылдың 2 қыркүйегінен 29 қарашасына дейін.

3. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) – 2019 жылғы 3-31 желтоқсан аралығында.

4. Комиссия отырысы. Жеңімпаздарды анықтау (комиссия) – 2020 жылдың 31 қаңтарға дейін.

5. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі-2020 жылғы 26 ақпан.



Өткізу орны:

1. Қатысушыларды іздеу және материалдарды жинау-облыстық әкімдіктер мен Шымкент, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының әкімдіктерінде (келісім бойынша).

2. Қатысушыларды іріктеу (Атқарушы комитет) – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қорында, Нұр-Сұлтан қаласы.

3. Комиссия отырысы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қорында, Нұр-Сұлтан қаласы.

4. Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі - Нұр-Сұлтан қаласы.
«Қайырымдылық керуені»

Республикалық конкурсының

Ережелеріне Қосымша 1

Қатысушы туралы ұсыныс-хат

Қатысушының аты-жөні _____________________________________________

Номинация атауы (1-ден артық емес) __________________________________

Жеке тұлғаның туылған күні/Заңды тұлғаның құрылған күні______________

Жеке тұлғаның туылған жері/ Заңды тұлғаның орналасқан жері __________________________________________________________________

Оқу/жұмыс орны (жеке тұлға үшін) __________________________________________________________________

Пошталық мекен-жайы (облыс, қала, көше, үй, пәтер) __________________________________________________________________

Байланысатын тұлға ________________________________________________

Ұялы телефон нөмірі________________________________________________

Электронды пошта (e-mail) ___________________________________________

Күні: ____________

«Қайырымдылық керуені»

Республикалық конкурсының

Ережелеріне Қосымша 2

Қатысушының өмірбаяны / қатысушы туралы ақпарат

(жеке тұлғалар үшін) (заңды тұлғалар үшін)



Өмірбаян/қатысушы туралы ақпарат еркін нысанда, оның аты-жөні/атауы, туған/құрылған күні, тұрғылықты жері/орны, жұмыспен қамтылуы, қатысушының наградаларының бар-жоғы және жетістіктері туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып толтырылады.

Осы арқылы қатысушылар Ұйымдастырушыларға жеке деректерді және олардың қызметі туралы ақпаратты Ұйымдастырушылардың қарастыруы бойынша конкурсты өткізу және жариялау шеңберінде пайдалануға келісім мен құқық береді.

Қайырымдылық қызмет туралы ақпараттық хабарлама

(жұмыс тобымен толтырылады)


Ақпараттық хабарламада қайырымдылық көмек туралы қысқаша анықтама жазылады (кімге, қашан және қандай жағдайда көмек көрсетілді).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет