Білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Дебат – зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы.
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады:
«Мектептің өзін-өзі басқаруы»;
«Дебат» қозғалысы;
«Оқуға құштар мектеп»;
«Отбасы – мектеп»;
«Құқықтық сана – қауымға пана»;
«Дәстүр мен ғұрып»;
«Еңбек – елдің мұраты»;
«Үнем – қоғам қуаты»;
«Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет»
«Қоғамға қызмет»;
«Музей сабақтары»;
«Театр сабақтары» жобасы.
Достарыңызбен бөлісу: |