Әдістемелік нұсқау


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Шағын ойындар



бет79/164
Дата26.10.2023
өлшемі2,08 Mb.
#188410
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   164
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа. (1)

15-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Шағын ойындар

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
2-бөлім. Ойын құру (ортақ тақырыптары: «Уақыт», «Сәулет»)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шағын ойындар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);
3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкермен жұмыс істеу;
3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көрініспен жұмыс істеу; 3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастырады.
Оқушылардың көбі үшін:
Программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлер және көріністермен жұмыс істейді.




Кейбір оқушылар үшін:
Программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асырады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының ісәрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
«Көңіл күйді анықтау» ойыны
Сабақ басында оқушылар бір параққа өзінің көңіл күйін келтіретін сурет немесе смайлик салады. Суретте олар адамның бет-әлпетін келтіруі керек, мәселен, күліп немесе езу тартып тұрған, қабағын түйіп тұрған бейтарап адам бейнеленуі керек. Олар суреттерін бір-біріне көрсетеді. Оларға сабақтың соңына дейін көңіл күйлерін көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмысы тапсырылады.
Немесе көңіл-күй табиғат құбылыстары арқылы көрсетуге болады: жарқырап күн шығып тұр, аспанды бұлт торлаған, жаңбыр немесе қар жауып тұр т.с.с. Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды.

Топтастыру:

Топтастыру. «Социометрия» әдісі
Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады. Нәтижесінде түстеріне қарай 3 топқа бірігеді.
І топ: Ақ түс
ІІ топ: Қызыл түс
ІІІ топ: Жасыл түс
Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет