|
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша баяндама жасайды. Баяндама мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
|