ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу «INSERT» әдісі
Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.
«V»
«Білемін»
«–»
«Мен үшін түсініксіз»
«+»
«Мен үшін жаңа ақпарат»
«?»
«Мені таңғалдырады»
INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – әрине, ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Жұптық жұмыс «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін, оларды тыңғылықты
орындауға бағытталған интерактивті тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін, әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен
жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі.
Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа
жариялауын сұрауына болады.
1- тапсырмаИнтернетте қауіпсіз жұмыс жасау ережесін құрастырыңдар. Ережені мәтіндік редакторға жазып сақтаңдар. Қағазға басып шығарып, сыныптастарыңа таныстырыңдар. Олармен пікір бөлісіңдер.
Дескриптор