(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері
бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
бірімен тілдесуінің маңызы қандай?
Интернет арқылы тілдесудің пайдалы жағы мен зиянды жағы туралы не айтуға болады? (1сурет)
2-суретте берілген таңбаларға қарап, Интернетте тілдесудің қандай түрлерін атай аласың?
Интернет желісінде тілдескен кезде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Жұлдызшалар» әдісі арқылы бағалайды.
|
Жаңа сабаққа дайындық.
|
Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|