Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері: Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиетінің дамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.
Үй тапсырмасы. Оқушыларға үй тапсырмасын беру мұғалім құзыреттілігінде. Сабақ беру процесінде кейбір тақырыптар бойынша оқушы өздігінен оқып-ізденуін қажет етеді. Үй тапсырмасы берілгенде оқушы өз білімін пысықтайды.