Топтастыру: «The Hot» программасы арқылы оқушыларды үш топқа топтастыру. «Робот», «Салт-дәстүр», «Қозғалыс» деген атаулармен топтастырамын. Оқушылар өз топтарының атаулары бойынша түсінік береді.
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.