Әдістемелік нұсқау


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Желіде тілдесу



бет39/159
Дата02.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#183266
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159
Байланысты:
3 сынып ҚМЖ жаңа. (2)

6-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Желіде тілдесу

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
1-бөлім. «Программалау» (ортақ тақырыбы: «Жанды табиғат»,
«Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Желіде тілдесу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.3.2.1 Жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;
3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;
3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Интернетте жұмыс жасаудың зияны туралы әңгімелейді.
Оқушылардың көбі үшін:
Интернет қауымдастықтарға мүше болудың қажеттілігіне дәлелді мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар үшін:




Жай тілдесу мен Интернетте тілдесудің негізгі үш айырмашылығын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
«Жағымды тілектер алқасы» ойыны
Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек түрлі түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі түсті қысқа жіптен алып, бірбіріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек айтып, байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына айналады. Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап қою ұсынылады. /Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды/.

Топтастыру:

Топтастыру: «The Hot» программасы арқылы оқушыларды үш топқа топтастыру. «Робот», «Салт-дәстүр», «Қозғалыс» деген атаулармен топтастырамын. Оқушылар өз топтарының атаулары бойынша түсінік береді.
Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау: оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі
қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет