Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата10.03.2017
өлшемі296,75 Kb.
#11162
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Психология және педагогика» кафедрасы


«Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау» пәні бойынша
6М050300 – «Психология»

мамандығының магистранттарына арналған

______________________________________________________

(сабақ, жұмыс түрі)


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной


Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________Н.Э.Пфейфер

20__ж. «___»_________


Құрастырушы: _________ п.ғ.к. Қ.Ө.Теміров


«Психология және педагогика» кафедрасы

«Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау» пәні бойынша

6М050300 – «Психология» мамандығының магистранттарына арналған

________________________________________________________________

((КЖ-а/КЖ-с/Бж/ЕКЖ/ЗЖ) оқу құжаты түрінің атауы)
әдістемелік нұсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «____» ________№_____ Хаттама.


Кафедра меңгерушісі ________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» _________
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20___ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрайымы _________ С.К.Ксембаева «_____»___________



МАҚҰЛДАНДЫ:

ОӘБ бастығы _________Е.Н.Жуманкулова 20__ж. «____» _________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама



Дәріске қалай дайындалу керек?

Дәріс алдында онда баяндалатын материал туралы түсінік алу үшін осы дәрістің жоспарымен немесе тезистерімен танысқан жөн. Бұл теориялық материалды едәуір терең меңгеруге және дәріс барысында неғұрлым жемісті жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, нақты тақырып төңірегінде қолданылатын терминдер мен персоналияларды (анықтамалардағы, сөздіктердегі, антологиялардағы белгілі бір тұлға туралы биографиялық мәліметтерді қамтитын мақалаларды) алдын ала зерделеген және көшіріп жазып алған дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер тізімінен қажеттісін дербес іріктеп алып немесе оқытушының ұсынысы мен кеңесіне жүгініп, кітаптың (оқулықтың, оқу құралының, анықтаманың) тақырыпқа сай тарауын алдын ала қарап шыққан да абзал. Студент сабаққа неғұрлым жақсы дайын болса, соғұрлым дәріс қызықты және тиімді өтеді.

Дәрістің сұрақ-жауап түрінде өткені өте ұтымды. Егер сіздер оқитын курстың мазмұнымен алдын ала таныссаңыздар, сабақтың нәтижелі болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, мұндай дайындық пәнді тереңірек түсініп, одан пайда алуға көмектеседі.

Сіздер дәрісті дайындап өткізуге, сабақта қысқаша баяндамалар жасауға, дәріскер ұсынған ақпаратты қосымша қызықты материалмен толықтыруға да белсенді қатыса аласыздар.
Семинарға қалай дайындалу керек?


  1. Әрбір семинар сабағына дайындалыңыз.

Жүйелі әрі жоспарлы дайындық емтиханға қажетті мәліметті жинауға мүмкіндік береді.

Семинарға дайындықты сабақтың жоспарымен және қажетті негізгі және қосымша әдебиеттермен танысудан бастаңыз. Дайындалу үшін дәістің конспектісін, оқулықты және арнайы таңдап алған әдебиетті пайдалану керек. Қойылған сұрақтарға қай әдеби көзден жауап табуға болатынын белгілеңіз. Содан соң оны мұқият оқып, қажетті мағлұматты көшіріп жазып алыңыз.



  1. Сұрақтарыңызды дайындап қойыңыз.

Күрделі және қарама-қайшы мәселелерді оқытушыдан сұрап түсінуге болады, сондықтан оларға зер салып, сұрақтарыңызды тұжырымдаңыз.

  1. Курстас, топтас жолдастарыңызбен бірге дайындалғанның пайдасы зор.

  2. Дәріс немесе монографияның тілімен сөйлеуге әуес болмаңыз.

Бастысы: ғылыми-ұғымдық аппаратты біліп, дұрыс қолдану және бейнелі мысалдар келтіре отырып, материалды еркін баяндай алу.

  1. Ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі негізгі әдеби көздерді зерделеумен шектелмеңіз.

Қосымша әдебиеттерді колдана отырып, сіздер ой-өрісіңізді кеңейте аласыздар, зерттеп-зерделеп отырған мәселені жан-жақты және тереңірек түсініп, оған деген әртүрлі көзқарастарен танысасыздар.

Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет:

1. Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді.

2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.

5. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ студенттің дайын болуын талап етеді, сондықтан оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарында көзделген барлық тақырыптарды студент қосымша өздігінен зерделеу керек..

6. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен, топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. Өздік жұмыс студенттердің білім сапасын көтеруге, қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашады.



Рефератты қалай жазу керек?

1. Рефератты жазу мақсаты:



  • ғылыми мәтінді оқу және түсіну,

  • өздіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру,

  • қосымша ақпаратпен танысу,

  • жазба жұмыстарын рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Рефераттың көлемі басылған мәтіннің 15 бетінен артық және 8 бетінен кем болмауы тіис.

3. Реферат жазба жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.



4. Реферат төмендегілерді қамтуы керек:

  • оларға сүйеніп жазылған әдеби көз(дер)ді (монография, мақала, мақалалар жинағы, т с.с. басылып шығу деректеріне сілтемемен бірге),

  • автор(лар) туралы деректер,

  • рефератталатын дереккөзде қойылған негізгі мәселелер,

  • мәселенің ұсынылған шешімі,

  • ұсынылған шешімді негіздейтін дәйектер,

  • автор(лар) пайдаланған деректердің сипаттамасы.

5. Рефератты бағалағанда мынадай критерийлеге сүйенеді:

  • жоғарыда келтірілген талаптарды орындау сапасына,

  • студенттің рефератталған мәтінде негізгі ойларды бөліп көрсете алғанына,

  • баяндау стиліне,

  • цитаталаудың мақсатка орайлылығына,

  • жазудың грамматикалық сауаттылығына.

1-тақырып Қазақстанда ғылымның дамуы Ғылымның қазіргі әлемде дамуының негізгі тенденциялары. ҚР ғылымның дамуы; қазіргі жағдайы мен перспективалары.


2-тақырып ҚР ғылыми іс-әрекетті реттейтін нормативтік ережелер мен құжаттар ҚР ғылыми іс-әрекет жүргізудің құқықтық негіздері. Ғылыми іс-әрекетті реттейтін нормативтік ережелер мен құжаттар: заңдар, ережелер, нұсқаулар. Ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары, ғалымдардың құқықтары мен міндеттері, ғылыми– техникалық немесе ғылыми жұмыстың нәтижесіне зияткерлік меншік құқығын алу.

3-тақырып Ғылымтанудың жалпы ұғымдары. Ғылыми зерттеулердің негізгі үрдістері мен бағыттары Ғылым адам іс-әрекетінің айрықша саласы ретінде. Ғылыми білім түсінігі. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері. Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Ғылыми зерттеулердің негізгі үрдістері мен бағыттары.

4-тақырып Ғылыми зерттеудің әдіснамасы Әдіснама танымның ғылыми әдісі туралы ілім ретінде. Әдіснамалық білімнің иерархиясы. Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеудің ұғымдық аппараты. Ғылыми зерттеу әдістемесінің құрылымы.

5-тақырып Зерттеу әдістері Таным процесінің жалпы және жеке әдістері, тарихи, логикалық, теориялық, тәжірибелік, статистикалық әдістер.

6-тақырып Эксперимент зерттеу әдісі ретінде. Экспериментті ұйымдастыру және басқару Эксперимент таным және зерттеу әдісі ретінде. Эксперимент тақырыбын таңдау, негіздеу және тұжырымдау. Эксперименттің объектісі, пәні, болжамы, мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің нақты әдістемелері мен әдістерін әзірлеу, зерттеу сатылары мен логикасы. Эксперимент нәтижелерін бақылау әдістері. Эксперимент жүргізу алгоритмі.

7-тақырып Зерттеу іс-әрекетінің деңгейлері және зерттеудің логикалық құрылымы Ғылыми зерттеу ғылыми-шығармашылық үдеріс ретінде. Зерттеу іс-әрекетінің деңгейлері. Ғылыми зерттеу құрылымы. Әдіснама, теория, тұжырымдама, технология, әдістер. Зерттеу мәселесін анықтау, мақсатымен міндеттерін белгілеу, зерттеу болжамын жасау, эксперимент ұйымдастыру, жиналған мәліметтерді реттеу және өңдеу.

8-тақырып Ақпарат көздерімен жұмыс істеу әдістемесі Ғылыми ақпарат көздері. Ғылыми дереккөздермен жұмыс жүргізу кезендері; тыңдау, қабылдау, оқу, жазу т.б..

9-тақырып Кітаппен жұмыс істеу жүйесі зерттеу іс-әрекетінің негізі ретінде Кітапханалық-библиографиялық сауаттылық, оның зерттеу іс-әрекетіндегі рөлі. Кітаппен жұмыс танымдық іс-әрекет әдісі тәрізді. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдері.

10-тақырып Зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері Зерттеушіге тән кәсіби қабілеттер. Негізгі зерттеушілік біліктер мен дағдылар және оларды қалыптастыру шарттары.

11-тақырып Зерттеу мәтінін дайындау. Жұмыс жоспарын дайындау, әдебиеттерді зерделеу. Ғылыми ақпаратты сақтау және өңдеу әдіс-тәсілдері.

12-тақырып Ғылыми стильде мәтіндерді жазу Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері. Ғылыми мәтіндерді жазу үлгілері.

13-тақырып Ғылыми жұмысты рәсімдеу, талаптарға сай келтіру

Ғылыми жұмыстың құрылымдық бөлімдері, оларды дайындау ерекшеліктері. Ғылыми жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар, зерттеу жұмыстарының құрылымдық бөлімдерін рәсімдеу ережелері. Зерттеу нәтижелерін ұсыну нысандары.



14-тақырып Ғылыми жұмысты қорғау Ғылыми жұмысты қорғау процедурасы. Ғылыми жұмысты жария қорғау – зерттеу іс-әрекетінің маңызды компоненті. Жария сөздің мәтіні мен көрнекі материалдарға қойылатын талаптар. Жария сөз ережелері.

15-тақырып Ғылыми жұмыстарды талдау және бағалау Ғылыми жұмыстардың сол сияқты жұмыстарға қойылатын талаптарға сай болуы. Зерттеуге зерттеушінің өзі ретроспективтік талдау жасауы және бағалауы (рефлексия).
4.3 Практикалық (семинар) сабақтардың тізімі және мазмұны

1-тақырып Қазақстанда ғылымның дамуы Ғылымның қазіргі әлемде дамуының негізгі тенденциялары. Қазақстандық ғылымның тарихы: кеше, бүгін, ертең. ҚР психология мен педагогика салаларындағы ғылыми зерттеулер және ғалымдар.


2-тақырып ҚР ғылыми іс-әрекетті реттейтін нормативтік ережелер мен құжаттар ҚР зерттеушілікке деген көзқарас, ғалымдардың құқықтары мен міндеттері, ғылыми жұмыстың нәтижесіне интеллектуалдық құқық алу шарттары.

3-тақырып Ғылымтанудың жалпы ұғымдары. Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары Ғылым адам іс-әрекетінің айрықша саласы ретінде. Ғылыми білім түсінігі, оның тұрмыстық және көркем білімдерінен айырмашылығы. Іргелі және қолданбалы зерттеулер. Баяндамалар дайындау: «Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері». «Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы». «Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары».

4-тақырып Ғылыми зерттеудің әдіснамасы Әдіснама танымның ғылыми әдісі туралы ілім ретінде. Әдіснамалық білімнің иерархиясы. Әдіснаманың негізгі қызметтері. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық қағидалары.

5-тақырып Зерттеу әдістері Зерттеу әдістерін жіктеу. Таным процесінің теориялық, жалпы логикалық және тәжірибелік әдістері. Математикалық-статистикалық әдістер.

6-тақырып Эксперимент зерттеу әдісі ретінде. Экспериментті ұйымдастыру және басқару Эксперимент бағдарламасын жасау алгоритмі: эксперименттің мақсаттары мен міндеттері, эксперименттің негізінде жатқан теориялық қағидалар; жүргізілетін экспериментттік жұмыс саласындағы ғылыми жетістіктер; экспериментті іске асыру бағдарламасы; эксперименттен күтілетін нәтижелер. «Библиографиялық сауаттылықты қалыптастыру», «Студенттердің ғылымға қызығушылығын дамыту» тақырыптарындағы эксперименттің бағдарламасын жасау.

7-тақырып Зерттеу іс-әрекетінің деңгейлері және зерттеудің логикалық құрылымы Ғылыми зерттеу ғылыми-шығармашылық үдерісі ретінде. Зерттеу іс-әрекетінің деңгейлері. Ғылыми зерттеу құрылымы. Таңдаған тақырып бойынша зерттеу жұмысының логикалық аппаратын құру.

8-тақырып Ақпарат көздерімен жұмыс істеу әдістемесі Ғылыми ақпарат көздерінің түрлері. Деректі ақпарат көздері. Ақпараттық-библиографиялық көздер. Ғылым қайнарларымен жұмыс жүргізу тәсілдері.

9-тақырып Кітаппен жұмыс істеу жүйесі зерттеу іс-әрекетінің негізі ретінде Кітапханалық-библиографиялық сауаттылық. Кітаппен жұмыс істеу жүйесі зерттеу жүргізудің өзегі ретінде. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдері. Оқырманның еңбегін ғылыми ұйымдастыру. Кітаппен жұмыс істеу дағдыларын арттыруға арналған тапсырмаларды орындау.

10-тақырып Зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері Зерттеушіге тән кәсіби қабілеттер. Негізгі зерттеушілік біліктер мен дағдылар және оларды қалыптастыру шарттары. Зерттеушінің профессиограммасын жасау. Зерттеу іс-әрекетінің этикасы.

11-тақырып Зерттеу мәтінін дайындау. Жұмыс жоспарын дайындау, әдебі дереккөздерді зерделеу. Ғылыми ақпаратты сақтау және өңдеу әдіс-тәсілдері.

12-тақырып Ғылыми стильде мәтіндерді жазу Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері. Ғылыми мәтіндер түрлері; негізгі мәтіндер және көмекші мәтіндер. Ғылыми мәтіндерді (реферат, ғылыми баяндама, магистрлік диссертация бөлімінен үзінді) ғылыми стильдің талаптарына сай жазу.

13-тақырып Ғылыми жұмысты рәсімдеу, талаптарға сай келтіру

Ғылыми жұмыстың құрылымдық бөлімдері, оларды дайындау ерекшеліктері. Ғылыми жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар, зерттеу жұмыстарының құрылымдық бөлімдерін рәсімдеу ережелері. Зерттеу нәтижелерін ұсыну нысандары. Ғылыми жұмысты рәсімдеп жаттығу.



14-тақырып Ғылыми жұмысты қорғау Ғылыми жұмысты қорғауға ұсыну. Ғылыми жұмысты жария қорғау. Қорғау тәртібі. Жария сөз сөйлеудегі негізгі біліктер мен дағдылар: логикалық талдау жасай алу, сөз сөйлеу нысанын таңдай алу, мазмұнды тарқатып айта білу. Жария сөз сөйлеу дағдыларын пысықтауға арналған жаттығулар жасау. Жария сөз мысалдарын жасау.

15-тақырып Ғылыми жұмыстарды талдау және бағалау Ғылыми жұмыстардың сол сияқты жұмыстарға қойылатын талаптарға сай болуы. Зерттеуге зерттеушінің өзі ретроспективтік талдау жасауы және бағалауы (рефлексия). Ғылыми жұмыс үлгілеріне пікір жазу.
4.4 Магистранттардың өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 МӨЖ түрлерінің тізімі


МӨЖ түрі


Есеп беру нысаны

Бақылау

түрі

Сағат

көлемі

1

Дәрістерге дайындалу

Тірек конспект жасау

Сабаққа қатысу


15

2

Семинар сабақтарға дайындалу. Үй тапсырмаларын орындау

Конспект


Сабаққа қатысу

30

3

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу. Нормативтік құжаттарды, зерттеулерді талдау

Кестелер, баяндамалар, реферат


Қорғау, есеп беру

65

4

Бақылау іс-шараларына дайындалу




Аралық және қорытынды бақылау (емтихан)

10




Всего







120


4.4.2 Магистранттардың өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1-тақырып. Қазақстандағы зерттеу жұмыстарының өзекті мәселелері.

2-тақырып. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негіздері.

3-тақырып. Жобалау зерттеу компоненті ретінде.

4-тақырып. Ғылыми жоба зерттеу жұмысының нысаны ретінде.

5-тақырып. Педагогикалық өлшеулер.

6-тақырып. Психологиядағы өлшеу.

7-тақырып. Қазақстандағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуын талдау.

8-тақырып. Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуындағы оң және теріс үрдістерді анықтау.

9-тақырып. Білім беруді және ғылымды басқару аймағындағы оң және теріс үрдістер.

10-тақырып. Білім беруді және ғылымды басқарудағы әлемдік оң тәжірибе

11-тақырып. Жаңа буын тестілерін нұсқаулық-әдістемелік қамтамасыз ету.

12-тақырып. Тест жасау амалдарын таңдау.

13-тақырып. Оқу материалдары мен бағдарламаларын зерделеу.

14-тақырып. Тест тапсырмаларын құру, түзету және сараптамадан өткізу.

15-тақырып. Озық педагогикалық тәжірибе және инновация.


5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы. Астана. – 2011 // scedu.kzzakon-o-nauke/

  2. Аубакирова Р., Нұрбекова М. Педагогикалық зерттеу әдiстемесi: оқу құралы. - Астана: Фолиант. - 2008. - 124 б.

  3. Психологияның теориялық-методологиялық негіздері: оқу құралы / құраст. С.Е. Бөлекбаева, Е.И. Бурдина, Н.К. Твердохлебов – Павлодар: Кереку, 2009. – 138 б.

Қосымша:

  1. Асқаров Е. С., Балапанов Е. Қ., Қойшыбаев Б. А. Ғылыми зерттеулердiң негiздерi: оқу-әдiстемелiк құрал. - Алматы: ЖТИ. - 2005. - 182 с.

  2. Әбжанов Х., Кенжебаев Ғ. Тәуелсiз Қазақстан : жоғары бiлiм, ғылым, саясат. - Алматы: Баспалар үйi. - 2009. - 310 с.

  3. Ғылым мен техниканың батыстық философиясы. - Алматы: Жазушы. - 2006. - 560 с.

  4. Жақып Б. Ө. Қазақстан ғылымы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 2006. - 544 с.

  5. Исамадиева С.А. Қазақ елiнiң ғылыми тұлғалары: биобиблиографиялық көрсеткiш. - Павлодар. - 2006. - 185 с.

  6. Қазақстанның ғылымы және инновациялық қызметi, 2005-2009: стат. жинақ. - Астана. - 2010. - 79 с.

  7. Қазақстанның инновациялық-индустриялық дамуына жас ғалымдардың қосар үлесi: респ. ғылыми-практ. конф. материалдары. - Семей: Шәкәрiм атындағы Семей мем. ун-тi. - 2006. - 353 с.

  8. Кеңпейiлова С. Ж. Ғылыми зерттеу негiздерi: дәрiс сабақтарының сүйенiш конспектi. - Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ. - 2006. - 40 с.

  9. Кеңпейiлова С. Ж. Ғылыми зерттеу негiздерi: тәжiрибелiк жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқау. - Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ. - 2006. - 15 с.

  10. Павлодар облысының ғылымы және инновациялық қызметi, 2004-2008: стат. жинақ. - Павлодар. - 2009. - 45 с.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет