Кіріспе
Негізгі жылулық көрсеткіштеріне меншікті көлем,қысым және температура жатады. Біртекті заттың меншікті көлемі – көлем массасының қатынасына тең физикалық шама:
v = V/m, м3/кг (3.1)
Кубтық метрдің килограмға біртекті заттың меншікті көлеміне тең.Көлем массасы 1кг болған жағдайда 1 м3-ке тең.
Дене массасының оның көлемінің қатынасына тең шаманы тығыздық деп атайды. Яғни,меншікті көлемге қарама-қарсы шама:
= m/V=1/ v, кг/м3. (3.2)
Килограмдағы кубтық метр массасы 1 м3 көлемде болатын біртекті заттың тығыздылығына тең.
Қысым деп бетке перпендикуляр жүретін күштің осы бет ауданының қатынасына тең физикалық шамасын айтад:
p = F / S, Н/м2 = Па (3.3)
СИ қысым бірлігіне арнайы Паскаль(Па) атауы берілген. Ол француз математигіне Блез Паскальдің құрметіне берілген атау.
Паскаль күшке перпендикуляр орналасқан 1 м2 бетінің ауданында біркелкі орныққан 1Н күшімен шақырылатын қысымға тең. МКГСС жүйесінде қысым бірлігі 1 ат = 1 кгс/см2 техникалық атмосферасы болып табылады. Жүйеден тыс қысым бірліктері бар: физикалық атмосфера (атм.), су бағанасының миллиметрі (су.бағ.мм.), сынап бағанасының миллиметрі (сын.бағ.мм.), олардың көмегімен өлшенген қысымды сұйықтық бағанасы қысымымен салыстырады. 1Па қысымы өте кішкентай шама: 1 Па = 0,102 су.бағ.мм.Сондықтан тәжірибелік қолдануға жүйелік емес бірлік – бар қолданылады. 1 бар = 10 Н/см2 = 105 Па.
Қысымның түрлі бірліктерінің арасындағы байланысы келесіде:
1 кгс/см2 = 1 ат = 0,98·105 Па = 736 сын.бағ.мм. = 104 су.бағ.мм.;
1 ат = 10,1325 Па = 760 сын.бағ.мм. = 1,033 кгс/см2 = 10,33 су.бағ.мм.;
1 су.бағ.мм. = 9,81 Па; 1 сын.бағ.мм. = 133,32 Па.
Қысым келесіге ажыратылады:барометрлік немесе атмосфералық қысым Рб = Ро (барометрмен өлшенеді), абсолюттік қысым Р (ыдыста немесе қоршаған ортадағы газ немесе сұйықтың қысымы үшін ығыстырылған қысым термині емес,ал толық емес «абсолюттік қысым» терминін қолдану керек), артық қысым РАрт. (манометрмен өлшенеді) және серіттілу РС немесе вакуум Рв (мұнда «вакуум» емес, ал «серіттілу» терминін қолдану керек).
Артық деп атмоферадағы және ыдыстағы газ арасындағы қысымның айырмашылығын айтады: мм. түрлі бірліктерінің арасындағы байланысы келесіде:ен салыстырады. 1Па қысымы өте кішкентай шама: 1 Па Рарт. = Ро – Р.
Рв = Р – Ро.
Ыдыстағы газдың қысымы нөлге тең болған жағдайда ғана максималды серіттілу санды түрде атмосфералық қысымға тең болады. Минималды серіттілу қысым атмосфераға тең болған жағдайда нөлге тең болады.
Егер атмосфералық қысымның нақты мәні белгісіз болса (барометр болмаса), онда олар жуық мәнде 1 бар = 100 кПа деп аламыз.
Қоспа құрамының қысымы үшін «серпінділік» термині емес,ал «парциалды қысым» терминің қолдану керек.
Ұзындық бірліктерімен көрсететін қысымды арын(сызықтық шама) деп атауы дұрыс болмайды,мысалы,дұрысы 0,3 Мпа» және дұрыс емес «су арыны 0,3 Мпа», дұрысы «су арыны 30 м» және дұрысы емес «су қысымы 30 м». Қысым мен арын арысындағы байланыс:
H = P / g, м (3.4)
Газдың кинетикалық теориясына сай көлем бірлігінен құралған қысым кинетикалық энергиясына пропорционал.
Достарыңызбен бөлісу: |