REN командасынқолданып DOCUM.txt файлдың атын CONSPECT.txt атына өзгерту командасын дәптерге жазыңыз және компьютерде орындаңыз;
Тағы DIR командасын теріп түпкі A:\ дискісінің мазмұнын шығарыңыз. Егер алдыңғы тапсырманы дұрыс орындасаңыз, DOCUM.txt жойылып, жаңа CONSPECT.txt файлының пайда болғанын көресіз;
Ішкі INF-11 каталогына, түпкі А:\дискісінде тұрған D1.txt және D2.txt файлдарының көшірмесін жасау командасын дәптерге жазып алыңыз және компьютерде орындаңыз:
A:\> COPY A:\ D*.txt A:\ INF-11 Ескерту: мұндағы * таңбасы (шаблон) D әрпімен басталатын файл топторын бірден көшіруге қолданылды. Шаблонға ? таңбасын да қолдануға болады.
Ішкі INF-11 каталогына көшу командасын және осы каталогтың мазмұнын шығару командаларын дәптерге жазып, компьютерде орындаңыз. Нәтижесінде INF-11 каталогының мазмұны шығады.
Қайта түпкі A:\> дискісіне көшіңіз, ондағы D1.txt және D2.txt файлдарын өшірукомандасын жазып, компьютерде орындаңыз. (Ескерту: * шаблонын қолдануды ұмытпаңыз!);
Тағы DIR командасын теріп түпкі A:\ дискісінің мазмұнын шығарыңыз, егер алдыңғы тапсырманы дұрыс орындасаңыз, INF-11каталогының және қалған CONSPECT.txt файлының аттары, байт көлемі шығады;
INF-11 каталогына өтужәне оның ішіндегі D1.txt және D2.txt файлдарын өшіру командасын жазып, компьютерде орындаңыз. Нәтижесінде INF-11 каталогы тазаланады, DIR командасымен тексеріңіз;
Қайта түпкі A:\> дискісіне көшу және қалған CONSPECT.txt файлын жоюкомандаларын жазып, компьютерде орындаңыз. Нәтижесін және DIR командасымен тексеріңіз.