Әдістемелік нұсқаулық: Өзіндік жұмыс екі тапсырмадан тұрады:
1. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында шыққан «Джонсон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін» оқулығымен танысып, ұсынылған кестені толтыру.
«Джонсон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін». Астана: Ұлттық аударма бюросы, 2018. 216 б. http://lib.kaznau.kz/Res/ebook_21/index.html#ps
№
Философтар
Өмір жолы
Еңбектері, негізгі ойлары
Ұсынылған терминдер
1
Сократ
2
Платон
3
Аристотель
4
Эпикур
5
Зенон
6
Акуинолық Томас
7
Рене Декарт
8
Джон Локк
9
Шарль Луи де Монтескье
10
Бенедикт Спиноза
11
Дэвид Юм
12
Иманнуил Кант
13
Карл Маркс
14
Фридрих Ницше
15
Людвиг Витгенштейн
16
Мартин Хайдеггер
17
Жан-Поль Сартр
18
Жак Деррида
2. Бертран Расселдің «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы сыни ойлау» 10 қағидасымен танысу, өз пікіріңді, көзқарасыңды білдіре отырып «Менің 10 қағидам» атты эссе дайындау.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Джонсон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. Астана: Ұлттық аударма бюросы, 2018. 216 б. http://lib.kaznau.kz/Res/ebook_21/index.html#ps 2. https://4brain.ru/blog/10-%D0%B7%D0%B0%D0%BF
БӨЖ №3 Болмыс. Онтология және метафизика Тапсырма: «М.Хайдагер онтологиясының негізгі ұғымдары»
Әдістемелік нұсқаулық: Джонсон Д. «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін» оқулығындағы «Мартин Хайдагер: Біз болмысты ұмыттық» еңбегіндегі - Феноменоло-гия, Болмыс, Dasein, Өмір сүруден тысқарылық, Техникаға ұқсаған адам идеяларымен танысып, «М.Хайдагер онтологиясының негізгі ұғымдары» тақырыбына эссе жазу.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Джонсон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. Астана: Ұлттық аударма бюросы, 2018. 168-178 бб. http://lib.kaznau.kz/Res/ebook_21/index.html#ps 2. Хесс Р Философияның таңдаулы 25 кітабы Астана: Ұлттық аударма бюросы 2018. 294-308 6 б http://lib.kaznau.kz/Res/ebook_19/index.html#ps
БӨЖ №4 Техника философиясы
Тапсырмалар: К.Швабтың «Төртінші индустриялық революция» оқулығынан тапсырмалар:
Төртінші индустриялық революцияның қозғаушы күштері мен ықпалы:
Мегатрендтер, озық робот техникалар, индустриялық революцияның экономикаға, өсім мен қартаюға, кәсіби дағдыларға; ықпал етуі туралы тұжырымдарды салыстыру;
халықаралық қауіпсіздікке (кибер, автономды соғыстар);
қоғам, жеке тұлға, бірегейлік, мораль мен этикаға, адами қарым-қатынастарға ықпалын;
ақыл, сана, рух, денеге ықпал етуі туралы тұжырымдарды салыстыру, презентация жасау;
Қосымша материалдар: импланттық технологиялар, цифрлық көру, смарт интернет, ақылды қалалар, жасанды интеллект және шешім қабылдау туралы материалдардағы оң жәрі теріс ықпалдары туралы материалдармен танысу, сараптау, ой бөлісу, пікір талас.
Әдістемелік нұсқаулық: 1. Шваб К. Төртінші индустриялық революция. (Астана: Ұлттық аударма бюросы, 2018.) оқулығы бойынша берілген тапсырмалар негізінде презентация дайындау, сараптамалық материалдарды сараптау.
Тапсырма: «Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім» тақырыбына эссе дайындау.
Әдістемелік нұсқаулық: «Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім» тақырыбына өз ой – пікіріңді білдіру. Өмір сүру принциптеріңді, көзқарастарыңды қорытындылап эссе дайындау.