Коммуникативтілік. Бұл термин іскерлік және тұлғааралық байланыстардың құрылымын сипаттауда қолданылады (мысалы, топішілік қарым-қатынас құрылымы).
Коммуникативтілік — топ мүшелерінің бірлескен іс-әрекет барысында пікір, сезім, көңіл-күй, қызығушылықтармен алмасу. Коммуникативтілік көрсеткіші 1-ге жақын болған сайын топты жағымды жағынан көбірек сипаттауға болады. Егер бұл көрсеткіш 0,2-ден төмен, не тең болса, топ мүшелерінің арасындағы қайшылықты қарым-қатынас нәтижесінде коммуникативті кедергінің болу мүмкіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |