Тұлға бағыттылығы Сауалнама 27 пункттен тұрады. Әрбір пункттің А, В, С әріптерімен белгіленген жауаптары бар. Бұл жауаптардың арасынан зерттелуші өз көзқарасына әлдеқайда жақын келетін бірін таңдайды. Жауапқа сәйкес әріп жауап-бланкідегі "бәрінен-де Менің ойыма жақын келеді" бағанындағы нөмірдің тұсына жазылады. Одан кейін А, В, С жауаптарының арасынан әлдеқайда құндылығы аз немесе бәрінен де азырақ сәйкес келетін жауап таңдалады. Жауапқа сәйкес әріп жауап-бланкідегі "Менің ойыммен сәйкестігі тым аз" бағанындағы нөмірдің тұсына жазылады. Сонда бір пунктгегі әрбір 3 жауаптың екеуі ғана таңдалады.