Сауалнама
Бәрінен де
А. менің іс-әрекетімді қоштағанда
В. іс-әрекетті жақсы орындағанымды өзім сезгенде
С. менің достарымның қасымнан табылатынын білгеннен рахаттанып, қанағаттанамын.
Егер мен футбол (волейбол, баскетбол) ойнасам
А. ойын тактикасын жасайтын тренер
В. атақты ойыншы
С. команда капитаны болғанды қалар едім.
Ең жақсы педагог, ол
А. әрбір оқушыға назар аударады және әркімге индивидуальды тұрғыдан жол таба біледі
В. пәнге деген қызығушылықты оқушы өз білімін осы пән бойынша құлшына тереңдететіндей етіп арттырады
С. ұжымда әркім өз пікірін қорықпай айта алатындай жағдай жасайды.
Маған адамдардың
А. атқарылған іс-әрекетке қуанатыны
В. ұжымда құлшына іс-әрекет жасайтыны
С. өз тапсырмаларын орындауға тырысатындары
ұнайды.
Мен достарымның
А. елгезек болғандары мен басқаларға көмек бергендерін
В. маған адал және сенімді
С. ақылды және тартымды қызық болғандарын қалар едім.
Мен
А. кіммен жақсы өзара қатынас болса,
В. кім өмірде көптеген жетістіктерге жете алса,
С. кімге әр уақытта сенуге болса, соларды ең жақсы дос деп санаймын.
Мен бәрінен де
А. егер бір нәрселерге шамам келмесе
В.. егер жолдастармен қарым-қатынас бұзылса
С. егер мені сынаса жаратпаймын.
Меніңше, бәрінен де педагогтің
А. кейбір оқушыларды жаратпайтындығын жасырмай, оларды кекетіп, мазақ кылғанынан
В.. ұжымда бәсекелестік туғызатындығынан
С. өзі беретін пәнді жеткілікті жақсы білмейтінінен жаман жоқ.
Бала кезімде маған бәрінен де
А. достарыммен уақыт өткізген
В. іс тындырғандағы күй
С. қандай да бір нәрселер үшін мені мақтаған ұнайтын.
Мен
А. өмірде жетістікке жеткендерге
В. өз ісіне шынайы берілгендерге
С.кішіпейілділікпен және бауырмалдықпен ерекшеленетіндерге ұқсағым келер еді.
Бәрінен бұрын білім беру жүйесі
А. өмірде кездесетін мәселелерді шешуге үйретуі керек
В. оқушылардың жеке-дара қабілетгерін дамытуы керек
С. адамдармен өзара әрекеттестік жасауға көмектесететін қасиеттерді тәрбиелеуі керек.
Егер менің бос уақытым көп болса, онда мен оны барынша
А. достарыммен қарым-қатынас жасауға
В. дем алу мен көңіл көтеруге
С. өзім ұнататын істер мен өз бетіммен білім алуға жұмсар едім.
Мен әлдеқайда үлкен жетістіктерге жетемін, егер
А. өзіме ұнайтын адамдармен бір жерде еңбек етсем
В. менің іс-әрекетім қызықты болғанда
С. менін еңбегім жақсы марапатталған болса.
Мен
А. басқалар мені бағаласа
В. жақсы орындалған жұмыстан рахат күйге түскенді
С. достарыммен бос уакытты жақсы өткізгенді ұнатамын.
Егер мен туралы газетке жаза қалса,
А. еңбекпен, оқумен, спортпен т.с.с. байланысты өзім қатысқан кандай да бір қызықты іс жайлы баяндағандарын
В. менің іс-әрекетім жайлы жазғандарын
С. міндетті түрде мен іс-әрекет жасайтын ұжым жайлы баяндағандарын қалар едім.
Мен оқуда әлдеқайда үлкен жетістіктерге жетемін, егер оқытушы
А. менімен жеке-дара жұмыс жүргізсе;
В. пәнге деген менің қызығушылығымды тудыра алса;
С. сабақта қарастырылатын мәселелер бойынша топтық талқылау жүргізсе.
Мен үшін
А. ар-ожданыма тиісіп, қорлаудан
В. маңызды істі орындаудағы сәтсіздіктен
С. достардан айырылып қалғаннан артық жаман нәрсе жоқ.
Мен бәрінен де
А. жетістікті
В. ынтымақтастықта атқаратын жақсы жұмысты
С. терең ақыл мен тапқырлықты аса бағалаймын.
Мен
А. өзін басқалардан кем санайтын
В. жиі ұрсысатын және қақтығысатын
С. небір жаңалыққа қарсы шығатын адамдарды жақсы көрмеймін.
20.
А. көпшілікке пайдасы бар іспен айналысқан
В. достардың көп болғаны
С. барлығына ұнаған және таң қалдырған жақсы.
Менің ойымша, жетекші бәрінен бұрын
А. қарапайым
В. авторитетті
С. талап қоя алатын болуы керек.
Мен бос уақытымда
А. достасу және адамдармен жақсы өзара қатынас жасау
В. атақты адамдардың өмірі
С. ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері жайлы кітаптарды рахаттана оқыр едім.
Егер менің музыкаға қабілетім бар болса, мен
А. дирижер
В. композитор
С. солист болуды таңдар едім.
Менің
А. қызықты бір конкурс ойлап тапқым келеді
В. бір конкурстан жеңіп шыққым келеді
С. конкурс ұйымдастырғым және оған жетекші болғым келеді.
Мен үшін
А. өзімнің не істегім келетінін
В. мақсатқа қалай жетуге болатынын
С. мақсатқа жету үшін адамдарды қалай ұйымдастыруға болатынын білген маңызды.
Адам
А. басқалар оған риза болатындай жағдайға
В. өз міндеттерін шешуге
С. орындаған ісі үшін ескерту алмайтындай жағдайға ұмтылуы керек.
Мен бос уақытымда әсіресе
А. достарыммен қарым-қатынас жасағанда
В. көңіл-күйді көтеретін фильм көргенде
С. өзім ұнататын іспен айналысқанда дем аламын.
Сауалнаманың жауап-парағы
Жынысы...................
Жасы.......................
Күні.........................
14-кесте
№
«бәрінен де Менің ойыма жақын келетіні»
«Менің ойыммен сәйкестігі тым аз»
«бәрінен де Менің ойыма жақын келетіні»
«Менің ойыммен сәйкестігі тым аз»
1
15
2
16
3
17
4
18
5
19
6
20
7
21
8
22
9
23
10
24
11
25
12
26
13
27
14
28
"Тұлға багыттылығы « сауалнамасын өңдеу кілті
15-кесте
Тұлғаның жеке басына бағыттылығы - ЖБ
1А, 2В, 3А, 4А, 5В , 6С, 7А, 8С, 9С, 10С, 11В, 12В, 13С, 14С, 15А, 16В, 17А, 18А, 19А, 20С, 21С, 22С, 23В, 24С, 25В, 26В, 27А
Тұлғаның қарым-қатынасқа бағыттылығы - ҚБ
1С, 2С, 3С, 4В, 5А , 6А, 7С, 8В, 9А, 10В, 11С, 12А, 13А, 14А, 15С, 16С, 17С, 18С, 19В, 20В, 21А, 22А, 23С, 24А, 25А, 26А, 27В
Тұлғаның іс-әрекетке бағыттылығы - ІБ
1В, 2А, 3В, 4С, 5С , 6В, 7В, 8А, 9В, 10А, 11А, 12С, 13В, 14В, 15В, 16А, 17В, 18В, 19С, 20А, 21В, 22В, 23А, 24В, 25С, 26С, 27С
Материалды өңдеу былайша жүргізіледі. Егер "бәрінен де Менің ойыма жақын келеді" бағанындағы жауаптар кілтке сәйкес келсе, әрбір сәйкес жауапқа 2 баллдан беріледі. Ал әріптер "Менің ойыммен сәйкестігі тым аз" бағанында болса 0 балл қойылады. Одан кейін сауалнаманың өңдеу кілтіне қатысты ЖБ, ҚБ және ІБ жолдары бойынша 2 деген баллдар саналады: ЖБ=..., ҚБ=... және ІБ=.... Осылайша енді 0 баллдар қойылған жауаптар саналады. Бұдан кейін әрбір бағыттылық бойынша 2 баллдарының саны мен 0 баллдарының саны арасындағы айырма есептеледі. Бұл айырмаға 27 деген сан қосылады. Осы қосынды бағытгылық түрлерінің даму деңгейін көрсетеді. Ескере кететін бір жай бар. Егер 2 деген баллдардың саны 0-баллдар санынан кем болса онда 27 санына айырма қосылмайды, керісінше шегеріледі. Тұлға бағыттылығынын 3 түрі бойынша балдардың қосындысы 81-ге тен болуы керек.
Сандық өңдеуіне мысал келтірелік.
Барлық екіліктер мен 0-дерді санап шықкан соң, М. деген зерттелушінің бағыттылық түрлері бойынша мынадай нәтиже алынған ЖБ бойынша екіліктен 3 және 0-дерден 11; ҚБ - екіліктен 8 және 0-дерден 5; ІБ - екіліктерден 11 және 0-дерден 6. Тұлға бағыттылығының түрлері М. үшін қандай деңгейде болатындығын былайша есептеп білеміз: ЖБ=27-(11-3) =19; ҚБ=27+(8-5) =30; ІБ=27+( 11 -6) =32. Тексереміз: 19+30+32=81. Зерттеу нәтижесі бойынша М. бәрінен де іс-әрекетке бағытталатыны, яғни іскерлік бағыттылығының доминантты екенін көрсетеді. Олай болса М. жетекшілік функцияны жақсы жүзеге асыра алуы әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |