Әдістемелік ұсыныстар мен нұСҚаулар



бет2/2
Дата08.09.2017
өлшемі355,9 Kb.
#30241
1   2

Құрастырушы: аға-оқытушы ____________А.К. Оекенева


География және туризм кафедрасы

Пәнді оқытуға арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
Туроперейтинг менеджменті пәні бойынша
050902-Туризм мамандықтарының студенттері үшін
Кафедра отырысында ұсынылған 20___ж. «___»____________№_____хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ А.А. Калиева 20__ж. «____»_________
ХТжЖ факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20 _ж. «_____»______________ №____хаттама


ОӘК төраймы _____________У.Д. Буркитбаева 20__ж. «____»____________
Жжәқб құпталды:

ЖжӘҚБ бастығы_____________А.А. Варакута 20__ж. «____»_____________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «_____»______________ №____хаттама

Құрылымдық элемент ретінде әдістемелік ұсыныстар студетке белгілі бір бөлігі өз бетімен оқытылатын берілген пәнді оқыту үрдісін оңтайлы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ұсыныстар мен түсіндірмелер кешені болып табылады.
Әдістемелік ұсыныстардың мазмұны:


  • пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері;

  • пәннің мазмұны

  • пәнді оқытуға бөлінген уақытты жоспарлау және ұйымдастыру;

  • пәнді оқыту бойынша студенттің іс-әрекетінің реттілігі;

  • оқу-әдістемелік кешеннің материалдарын пайдалану жөніндегі ұсыныстар;

  • аралық, межелгі, қорытынды және қалдық білімдерді бақылауға дайындалу жөніндегі ұсыныстар;

  • студенттердің өздік жұмысын орындауға қойылатын талаптар;

  • ұсынылатын әдебиеттер тізімі


Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты – туристік фирмалар үшін менеджменттің мағынасы мен мүмкіншіліктерін ашып көрсету, салалық бәсекелестік жағдайында тек бүгінгі күні табыс алу ғана емес, сонымен қатар болашақта да фирманың берік бәсекелестік позициясын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстың заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстыру.

Міндеттері – стратегиялық басқарудың міндеттері мен технологиялық үрдісін танып білу, салалық бәсекелестік және турфирманың ішкі ортасына талдау жасау негіздерін қарастыру, фирманың табысқа жетудің өзекті факторлары мен оның бәсекелестікке қабілеттігін көтеру жағдайларын анықтау, әр түрлі стратегияларға талдау жасау.
Студент білу керек:


  • Туроперейтинг түрлері мен олардың ерекшеліктерін;

  • Көлік қызметтерінің менеджмент ерекшеліктерін;

  • Турфирманың жоспарлау және даму стратегиясын жүзеге асыру үрдістерінің ерекшеліуктерін;

  • Туристік іс-әрекетін жоспарлау және стратегиялық талдау әдіснамасын;

  • Туристік өнімді өткізу сызбасын.


Студент істей білу керек:


  • Кез келген ахуалға талдау жасау;

  • Туристік ұйымның күшті және әлсіз жақтарына баға беру

  • Турфирманың даму стратегиясын құрастыру және оны жүзеге асыру



Пререквизиттер: туризмология негіздері, туризм менеджменті, туризм инфрақұрылымы, туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру

Теориялық курстың мазмұны
1-Тақырып. Туроперейтинг менеджменті

Басқаруға деген стратегиялық келіс. Стратегиялық басқару. Мақсат қою, стратегия құрастыру, іс-әрекетін жоспарлау, қажетті ресурстарды анықтау, ішкі және сыртқы ортаны бағдарлау және сақтау. Туристік мекеменің мақсат-міндеттері мен миссиясы

2-Тақырып. Туристік мекеменің жалпы мақсаты мен оның бөлімшелерінің мақсаттары

Туристік мекеменің мақсаты, оның белгілері мен қасиеттері. Мекеменің мақсатын жіктеу критерийлері мен оларға сәйкес келетін мақсаттар топтары. Туроператорлық компанияның функционалдық бөлімшелердің мақсаттарын анықтау. Мекеменің басты мақсатын жеке мақсаттарға бөлу ережелері. «Мақсаттар ағашының» деңгейлері (иерархиясы). Мақсаттар бойынша басқарудың мән-мағынасы. Мақсаттар бойынша менеджмент жүргізу кезеңдері.

3-Тақырып. Туристік мекеменің болашақтағы дамуын талдау

Туристік фирманың болашақ дамуын талдау оны ұйымдастырудың кешенді көзқарасы ретінде. Болашақ мекеменің іс-әрекеті талдау жасау құрылымы. Өнім немесе қызмет түрі. Бәсекелестердің ұқсас өнімдері мен қызметтері. Өнім өндіру немесе қызмет көрсету. Қызметкерлер тобы. Қаржы бөлу. Қосымша мәселелер.

4-Тақырып. Туристік мекеменің күшті және әлсіз жақтарын талдау

SWOT-анализ әдісі. SO өрісі (күш/мүмкіншіліктер). ST өрісі (күш / қауіп). WT өрісі (әлсіздігі / қауіп). WO (әлсіздігі /мүмкіншіктері). Компанияның ерекше компетенция факторлары. Туристік фирманың мүмкіншіліктер матрицасы. Туристік фирманың қауіп матрицасы.

5-Тақырып. Туристік мекеменің іс-әрекетінің стратегиялық аспектілері

Маркетинг. Нарық үлесі мен бәсекелестікке қабілеттілігі. Әдістер - «баға көшбасшысы», «фарватермен жүру», «шабуыл жасау», «майын жинау», «енгізу». Ассортименттің алуан түрлілігі мен сапасы. Туристік ұйымдардағы сапаны қамтамасыз ету жүйесі. Баға саясаты. Нарықтық демография. Клиенттерге сатудың алдында және сатудан кейін қызмет көрсету. Тауарды өткізу, жарнама жасау, әрі қарай жылжыту. Табыс алу

6-Тақырып. Қаржы және өндіріс

Ұйымның қаржы жағдайы. Мекеменің қаржы тұрақтылығы: тиімділігі, табысы, сауатты баға құру, табыстарды тарату. Өндіріске талдау жасау. Логистика ақпараттық ағымдарды басқару негізінде туристік ағымдардың қозғалысын ұйымдастыру ретінде. Логистиканың жалпы ережелері. Туристік бизнестегі логистика ережелері.

7-Тақырып. Туристік мекеменің қызметкерлер тобын басқару

Еңбектің сапасы мен нәтижесіне әсер ететін «жағымды менеджмент» ұстанымдары: әріптестерге деген сенімділік, еңбек қайтарымы, еңбек ақысы, өз-өзін жүзеге асыру және қоғамның қызметкерлерді мойындау, еңбек нәтижелеріне қарай қызметкерлердің қажеттіліктері, конструкциялық келіс - әріптестердің еңбегіне психологиялық мотивация жасау, фирманың іс-әрекетіндегі ең маңызды аспектілерін анықтау, сапа менеджменті, қоғаммен байланысы – турфирманың жағымды бейнесін қамсыздандыру. Жүзеге асыру межесі. «Зейнеткерлік шок»

8-Тақырып. Ұйымдастырушылық мәдениет және турфирманың имиджі

Ұйымдастырушылық әлеуметтік орта. Ұйымдастырушылық мәдениет. Табысты менеджмент шарттары. Нақты кредо. Фирма тізбектерін адамдардың кәдімгі жүріс-тұрысымен сәйкестендіру (адами фактор). Табысты бөлу. Корпоративті рухы мен бірлескен жеке меншіктік. Баршалықта қызығушылық туғызу саясаты. Тиімді басшылық

9-Тақырып. Стратегия түрін таңдау

Стратегия таңдау. Ғаламдық (нарықтық) стратегиялар. Функционалдық стратегиялар. Корпоративтік стратегиялар. Шығынды азайту стратегиясы. Дифференциация стратегиясы. Бағыттау стратегиясы. Инновациялар стратегиясы. Өсу стратегиясы. Басу ену стратегиясы. Қорғану стратегиясы. Тік интеграция страгеиясы. Көлденең интеграция стратегиясы. Бәсекелестік стратегиясы. Диверсификациялық стратегия. Байланысқан стратегия. Байланыспаған стратегиясы. Халықаралық диверсификация стратегиясы. Стратегияны енгізу үрдісіндегі факторлар: мақсаттар, оларға жету жолдары, атқарушылар. Мақсатқа жету әдістері.

10-Тақырып. Стратегияны басқару үрдісі

Стратегиялық жоспарлау және стратегияны енгізу. Мекеменің стратегиялық жоспары. Туристік мекеменің құрылымдық-өндірістік жүйесі (немесе архитектоника). Қызметкерлерге қойылатын сапалық талаптар. Қызметкерлердің еңбегіне мотивация жасау үшін марапаттау бағдарламалары

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
1 Тақырып. Туроперейтинг менеджменті

1. Мақсаттар мен міндеттерді талдау, туроператорлардың миссиясын анықтау

2 Тақырып. Туристік мекеменің жалпы мақсаты мен оның бөлімшелерінің мақсаттары

1. Белгілі бір туроператор және оның бөлімшелерінің құрылымдық жүйелері мысалында мекеменің «мақсаттар ағашын» құрастыру

3 Тақырып. Туристік мекеменің болашақтағы дамуын талдау

1. Туристік фирманың болашақтағы іс-әрекетіне талдау жасау
4 Тақырып. Туристік мекеменің күшті және әлсіз жақтарын талдау

1. Нақты бір туроператорлық компания мысалында SWOT-анализ жасау


5 Тақырып. Туристік мекеменің іс-әрекетінің стратегиялық аспектілері

1. Істегі турфирманың мысалында әлеуметтік зерттеу жүргізу


6 Тақырып Қаржы және өндіріс

1. Істегі турфирманың мысалында өндірістік зерттеу жүргізу


7 Тақырып Туристік мекеменің қызметкерлер тобын басқару

  1. Нақты туроператор мысалында фирма басшылығының компетенциясын бағалау.

  2. Турфирманың кадр саясатының күшті және әлсіз жақтарын және олардың жұмыс тиімділігіне әсерін анықтау

8 Тақырып Ұйымдастырушылық мәдениет және турфирманың имиджі

1.Составить таблицу комплексного анализа основных аспектов деятельности турпредприятия
9 Тақырып Стратегия түрін таңдау

1. Компанияның күшті және әлсіз жақтарын талдау нәтижелерін пайдаланып, турфирма үшін нақты немесе біріктірілген стратегия құрастыру

10 Тақырып Стратегияны басқару үрдісі

1. Туристік мекеменің стратегиясын тиімді басқару үшін байланыс сипаттағы шаралар құрастыру


Пәнді оқытуға бөлінген уақытты жоспарлау және ұйымдастыру

Пәнді оқыту мен студенттің өздік жұмысына берілетін уақыт көлемін жоспарлау оқу жұмыс жоспары мен элективті пәндер тізімдемесіне сәйкес құрастырылған пәннің жұмыс бағдарламасындағы тақырыптық жоспар бойынша бөлінеді. Пән бір семестр бойы (15 апта) оқытылады.




ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

7

1

Туроперейтинг менеджменті

1

2

7

2

Туристік мекеменің жалпы мақсаты мен оның бөлімшелерінің мақсаттары

1

3

8

3

Туристік мекеменің болашақтағы дамуын талдау

2

3

9

4

Туристік мекеменің күшті және әлсіз жақтарын талдау

2

5

9

5

Туристік мекеменің іс-әрекетінің стратегиялық аспектілері

2

4

9

6

Қаржы және өндіріс

1

3

10

7

Туристік мекеменің қызметкерлер тобын басқару

1

3

9

8

Ұйымдастырушылық мәдениет және турфирманың имиджі

2

3

10

9

Стратегия түрін таңдау

1

3

9

10

Стратегияны басқару үрдісі

2

3

10




15

30

90

БАРЛЫҒЫ:

135


Пәнді оқыту бойынша студенттің іс-әрекетінің реттілігі
Осы пән бойынша студеттің оқу үрдісі аудиторлық: дәріс, тәжірибелік сабақтардың тақырыптарын бірте-бірте зерделеуге тіреледі. Дәріс сабақтары негізінде студент сарамандық сабақтарға дайындала бастайды. Соған қоса, белгілі бір тақырыпты тереңірек зерттеу үшін студент СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес өз бетімен тапсырмаларды орындайды.

Ағымдағы үлгерімді бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес оқытушы ОСӨЖ сабақтарында студенттен аталған жұмыстардың орындалуын қабылдайды, ағымдағы және рейтингілік бақылау өткізеді.

Орынды себеппен студент белгілі бір сабақтарды босатқан жағдайда, студент жаңа материалды ОСӨЖ сабақтарында өтей алады, осы жағдайда босатқан күн үшін қойылатын баллдар төмендетілмейді. Егер студенттің сабақты босатудың себебі құжатпен расталмаса, осы жағдайда үлгерім баллдары курстың саясатына сәйкес төмендетіледі.

Белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді нақтылау үшін студент кафедрада бекітілген кестеге сәйкес оқытушының кеңес сағаттарына қатыса алады.

Курсты аяқтағанда студент осы пән бойынша қорытынды білімдер бақылауынан өтеді.
Оқу-әдістемелік кешеннің материалдарын пайдалану жөніндегі ұсыныстар
Пәнді оқыту бойынша оқу үрдісін жүзеге асыру үшін оқытушы пәннің оқу-әдістемелік кешенін құрастырады. Оған студентке қажетті құжаттар: жұмыс бағдарламасы, студентке арналған пән бағдарламасы, студенттің сарамандық жұмыстарды орындауға арналған, өздік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, студенттердің білімдерін бақылау материалдары кіреді. Студенттің қолында берілген тапсырмаларды орындау және орындау мерзімдерін байқау және білімдерін бақылау үшін студентке арналған бағдарлама және студенттің өздік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар болу керек.
Аралық, межелгі, қорытынды және қалдық білімдерді бақылауға дайындалу жөніндегі ұсыныстар

Пәнді оқыту барысында студенттердің білім нәтижелерін анықтау үшін бақылаудың келесі түрлері бар: аралық, межелгі, қорытынды және қалдық білімдерді бақылау.

Студенттердің білімдерін аралық бақылау оның осы пәннің белгілі бір тақырыбын оқу бойынша жүргізіледі. Студент бақылауға барлық сабақ түрлері (дәріс, сарамандық, өздік жұмыс) бойынша және СӨЖ орындауға арналған ӘН-да ұсынылған әдебиеттер бойынша дайындалады.

Бірінші межелгі бақылауда №1-3 тақырыптарын қамтитын сұрақтар қойылады. Екінші рейтингте №4-6 тақырыптарының мәліметтері тексеріледі. Білімдердің аралық және межелгі бақылауы бақылау үшін қойылатын баллдар көрсетілген ағымдағы үлгерімді бақылау шараларының кестесі бойынша жүргізіледі.



Қорытынды бақылау емтихандарды өткізу жөніндегі бекітілген кесте бойынша өткізіледі. Емтихан ауызша түрде, яғни үш сұрақтан тұратын билеттер бойынша жүргізіледі. Қалдық білімдерді бақылау 25 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары түрінде жүргізіледі.
«Туроперейтинг менеджменті» пәні бойынша № 1 ағымдағы бақылау


  1. Басқаруға деген стратегиялық келіс. Стратегиялық басқару. Мақсат қою, стратегия құрастыру, іс-әрекетін жоспарлау, қажетті ресурстарды анықтау, ішкі және сыртқы ортаны бағдарлау және сақтау.

  2. Туристік мекеменің мақсат-міндеттері мен миссиясы

  3. Туристік мекеменің мақсаты, оның белгілері мен қасиеттері.

  4. Мекеменің мақсатын жіктеу критерийлері мен оларға сәйкес келетін мақсаттар топтары. Туроператорлық компанияның функционалдық бөлімшелердің мақсаттарын анықтау. Мекеменің басты мақсатын жеке мақсаттарға бөлу ережелері.

  5. «Мақсаттар ағашының» деңгейлері (иерархиясы).

  6. Мақсаттар бойынша басқарудың мән-мағынасы.

  7. Мақсаттар бойынша менеджмент жүргізу кезеңдері.

  8. Туристік фирманың болашақ дамуын талдау оны ұйымдастырудың кешенді көзқарасы ретінде.

  9. Болашақ мекеменің іс-әрекеті талдау жасау құрылымы.

  10. Өнім немесе қызмет түрі.

  11. Бәсекелестердің ұқсас өнімдері мен қызметтері.

  12. Өнім өндіру немесе қызмет көрсету. Қызметкерлер тобы.

  13. Қаржы бөлу. Қосымша мәселелер.

  14. SWOT-анализ әдісі. SO өрісі (күш/мүмкіншіліктер).

  15. ST өрісі (күш / қауіп). WT өрісі (әлсіздігі / қауіп).

  16. WO (әлсіздігі /мүмкіншіктері). Компанияның ерекше компетенция факторлары.

  17. Туристік фирманың мүмкіншіліктер матрицасы.

  18. Туристік фирманың қауіп матрицасы.

  19. Маркетинг. Нарық үлесі мен бәсекелестікке қабілеттілігі.

  20. Әдістер - «баға көшбасшысы», «фарватермен жүру», «шабуыл жасау», «майын жинау», «енгізу».


«Туроперейтинг менеджменті» пәні бойынша № 2 ағымдағы бақылау


  1. Ассортименттің алуан түрлілігі мен сапасы.

  2. Туристік ұйымдардағы сапаны қамтамасыз ету жүйесі. Баға саясаты.

  3. Нарықтық демография. Клиенттерге сатудың алдында және сатудан кейін қызмет көрсету. Тауарды өткізу, жарнама жасау, әрі қарай жылжыту. Табыс алу

  4. Ұйымның қаржы жағдайы.

  5. Мекеменің қаржы тұрақтылығы: тиімділігі, табысы, сауатты баға құру, табыстарды тарату. Өндіріске талдау жасау.

  6. Логистика ақпараттық ағымдарды басқару негізінде туристік ағымдардың қозғалысын ұйымдастыру ретінде.

  7. Логистиканың жалпы ережелері. Туристік бизнестегі логистика ережелері.

  8. Еңбектің сапасы мен нәтижесіне әсер ететін «жағымды менеджмент» ұстанымдары: әріптестерге деген сенімділік, еңбек қайтарымы, еңбек ақысы, өз-өзін жүзеге асыру және қоғамның қызметкерлерді мойындау, еңбек нәтижелеріне қарай қызметкерлердің қажеттіліктері, конструкциялық келіс - әріптестердің еңбегіне психологиялық мотивация жасау, фирманың іс-әрекетіндегі ең маңызды аспектілерін анықтау, сапа менеджменті, қоғаммен байланысы – турфирманың жағымды бейнесін қамсыздандыру.

  9. Жүзеге асыру межесі. «Зейнеткерлік шок»

  10. Ұйымдастырушылық әлеуметтік орта. Ұйымдастырушылық мәдениет.

  11. Табысты менеджмент шарттары. Нақты кредо.

  12. Фирма тізбектерін адамдардың кәдімгі жүріс-тұрысымен сәйкестендіру (адами фактор). Табысты бөлу. Корпоративті рухы мен бірлескен жеке меншіктік.

  13. Баршалықта қызығушылық туғызу саясаты. Тиімді басшылық

  14. Стратегия таңдау. Ғаламдық (нарықтық) стратегиялар.

  15. Функционалдық стратегиялар. Корпоративтік стратегиялар.

  16. Шығынды азайту стратегиясы. Дифференциация стратегиясы.

  17. Бағыттау стратегиясы. Инновациялар стратегиясы.

  18. Өсу стратегиясы. Басу ену стратегиясы. Қорғану стратегиясы.

  19. Тік интеграция страгеиясы. Көлденең интеграция стратегиясы. Бәсекелестік стратегиясы. Диверсификациялық стратегия.

  20. Байланысқан стратегия. Байланыспаған стратегиясы.

  21. Халықаралық диверсификация стратегиясы.

  22. Стратегияны енгізу үрдісіндегі факторлар: мақсаттар, оларға жету жолдары, атқарушылар. Мақсатқа жету әдістері.

  23. Стратегиялық жоспарлау және стратегияны енгізу.

  24. Мекеменің стратегиялық жоспары. Туристік мекеменің құрылымдық-өндірістік жүйесі (немесе архитектоника). Қызметкерлерге қойылатын сапалық талаптар.

  25. Қызметкерлердің еңбегіне мотивация жасау үшін марапаттау бағдарламалары


«Туроперейтинг менеджменті» пәні бойынша межелік бақылау



  1. Мақсаттар мен міндеттерді талдау, туроператорлардың миссиясын анықтау

  2. Белгілі бір туроператор және оның бөлімшелерінің құрылымдық жүйелері мысалында мекеменің «мақсаттар ағашын» құрастыру

  3. Туристік фирманың болашақтағы іс-әрекетіне талдау жасау

  4. Нақты бір туроператорлық компания мысалында SWOT-анализ жасау

  5. Істегі турфирманың мысалында әлеуметтік зерттеу жүргізу

  6. Істегі турфирманың мысалында өндірістік зерттеу жүргізу

  7. Нақты туроператор мысалында фирма басшылығының компетенциясын бағалау. Турфирманың кадр саясатының күшті және әлсіз жақтарын және олардың жұмыс тиімділігіне әсерін анықтау

  8. Составить таблицу комплексного анализа основных аспектов деятельности турпредприятия

  9. Компанияның күшті және әлсіз жақтарын талдау нәтижелерін пайдаланып, турфирма үшін нақты немесе біріктірілген стратегия құрастыру


Студенттердің өздік жұмысын орындауға қойылатын талаптар
«Діни туризм» пәнін оқыту екі бөліктен тұратын оқу іс-әрекетінің орындалуын дорамалдайды: оқытушының сутеднттерді оқыту және студенттердің өздік жұмысы.

Студенттердің өздік жұмысы аудиториялық жұмыспен қатар оқу үрдісі түрлерінің бірі және оның маңызды бөлігі болып табылады. Соңғысы өздік жұмыс өз бетімен жұмыс істей икемділіктерін қалыптастыру және оқу, ғылыми іс-әрекетін жүзеге асыру, кез келген істе жауапкершілікпен қарау, өз бетімен мәселелерді шешу, конструкциялық шешімдер қабылдау, күйзеліс азуалдан шығу жолдарын табу т.б. қабілеттерді қалыптастыру және дамытуға арналғанымен анықталады.

Өздік жұмыс тек студенттің дербестігін ғана емес, ол жеке адамның қалыптасуындағы, маманның қалыптасуындағы маңызды буыны екенін ескерген жөн. Ол адам мінезінің белгісі ретінде дербестік қасиетін тәрбиелейді. Басқа біреуден алынған ешбір білімдер, студент өзі тәжірибелік жұмыс жасамай, нақты құндылығы бола алмайды. Өздік жұмысы барасында оқушының шығармашылық мүмкіншіліктері дамиды.

Осылайша, өздік жұмыс оқыту жұмысының барлық түрлердің міндеттерінің логикалық аяқталуын іске асырады.

Өздік жұмыс – бұл оқытушының әдістемелік басшылығымен, бірақ оның қатысуынсыз жасалынатын студенттің жоспарланған жұмысы. Сабақ жүргізетін оқытушы студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырады, бағыт береді, қажетті көмек көрсетеді. Бірақ студенттің өөздік жұмысы оқытушы бақылайтын жұмыстың көлемінен аспау керек және студенттің кәсіби мамақдықты игеру үшін қажетті білім алу мақсатымен жасалынады. Қажетті жағдайда оқытушы осы мақсаттың қалыптасуына түзетулер енгіу мүмкін.

Өздік жұмыстың негізі ретінде ғылыми-теориялық курс, студент өзі алған білімдер кешені болып табылады. Ақпаратты алу мен меңгерудің ең негізгі, үнемді түрі, жоғары оқу орнындағы теориялық білімдердің негізгі көзі – дәріс болып табылады. Ол басқа оқу түрлерінің өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Дәріске дайындалу студенттің өздік жұмысының түрлерінің бірі болып табылады. Оқу материалын жақсы меңгеру үшін студенттерге дұрыс және жоспарлы жұмыс жасау икемділігін қалыптастыру керек. Дәрістің алдында бұрыңғы өткен сабақтағы материалды қарап шығу керек. Бұл пән бойынша бұрын алынған білімдерді еске түсіруге көмектеседі. Соған қоса, бұрыңғысын да, жаңа мәліметтерді де жақсы есте сақтауға, тереңірек түсінуге жағдай жасайды, себебі бұл кезде бұрыңғы және жаңа білімдер арасындағы байланыстар орнатылады, ал бұл материалды меңгерудің қажетті шарты болып келеді.

Дәрісте тек жаңа материал берілмейді, ғылыми зерттеу әдістемесі мен өз бетімен жұмыс жасау, әртүрлі құбылыстарды талдау икемділіктері меңгеріледі.

Дәрісте барлығын жазудың қажеті жоқ. Ең бастысын таңдап, қысқаша тезис түрінде тіркеп алған жеткілікті. Ал пәнді түсінбей, негізгісін таңдау мүмкін емес. Дәріс жазуының болуы материалды еске түсіруге, жаңа материалды түсінуге мүмкіндік береді, себебі дәріс кезінде түсінбеген жерлерін кейін ойластырып түсінуге болады.

Дәрісті жақсы меңгеру деген сөз – бұл: 1) тақырыпты білу; 2) осы курстағы мағынасы мен мәнін түсіну; 3) жоспарды білу; 4)бастысын, негізгісін көрсете білу; 5) мысалдар мен суреттердің мәнін меңгеру; 6) жаңа білімдерді бұрын алған білімдермен байланыстыра білу; 7) алынған мәліметтерді пайдалану мүмкіншілігі мен қажеттілігін түсіну.

Дәрісте жұмыс жасау ережелері:


  1. әрбір пән бойынша дәрістерді жеке дәптерге жазған жөн;

  2. жиектерде ескертулер үшін орын қалдырған жөн;

  3. дәріске қатысу үшін оған алдын ала дайындалу керек, бұл дәріс барысында бастысын қосымшадан айыруға мүмкіндік береді;

  4. дәрісті басынан бастап жазу керек, себебі басы барлық тақырыптың түйіні болу мүмкін;

  5. дәрісті толығымен жазу мүмкін емес болғандықтан бастысын, негізгісін көрсететін өрнектерді, анықтамаларды, сызбаларды, қиын жерлерін, ойларды, мысалдарды, фактілерді жазып алған дұрыс;

  6. қысқаша түрде жазу керек;

  7. дәріс барысында жұмыс күйін сақтап отыру керек.

Пәнді оқытуда теориялық материалды оқу дәріске дайындалумен және дәрісте жұмыс істеумен шектелмейді. Курстың дәріс бөлігі басқа жұмыс түрлерімен байланысты: реферат жазу, сарамандық, зертханалық жұмыстармен, пән бойынша емтихан тапсырумен тығыз байланысты.

Студенттің оқу және өздік жұмысының нәтижесіне төмендегілер жатады:



  1. Білімдерді қалыптастырудағы әдіснамалық негіздерін түсіну;

  2. Оқу курсының басты құрылымдарын көрсету;

  3. Осы саладағы оқу құралдарын қалыптастыру;

  4. міндеттерді шешу және ахуалдарда шешім табу әдістемелерін құру.


Әдебиет

Негізгі:

  1. Ильина Е. Н. Туроперейтинг: организация деятельности. - М.: Финансы и статистика, 2001. - С. 4.

  2. Буторова Н. В. Менеджмент и маркетинг иностранного туризма. М. 1999

  3. Балабанов И. Т. Балабанов А. И. Экономика туризма. М. 1999
    2. 3. Менеджмент туризма. Учебник. М. 1998

  4. Папирян Г. А. Менеджмент в индустрии гостеприимства. М. 2000

  5. Моисеева Н. К. Стратегическое планирование Экономика туризма


Қосымша:

6. Туризм и гостиничное хозяйство. Учебник под ред. Чудновского. М. 2000

7. Экономика современного туризма под ред. Карповой Г.А.

8. Осипова О.Я. Транспортное обслуживание туристов: Уч. пособие для студентов вузов. – М.: Издат.центр «Академия», 2004. – 368 с.



9. Чудновский А.Д., Жукова М.А., Сенин В.С. Управление индустрией туризма: Уч. пособие. – М.:КНОРУС, 2004. – 448 с.

10. Биржаков М.Б., Никифоров В.И. и др. Индустрия туризма: Перевозки. – СПб.: Издательский дом Герда, 2003. – 400 с.



11. Котлер Ф. Маркетинг: гостеприимство и туризм. М: ЮНИТИ, 1998.-787с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет