Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [5],[22], [25]
16-тақырып. Тайыр Жароков(1908-1965)
Өмірінен мәлімет. Білім алуы. Әдебиет пен мәдениет салаларында басшылық қызмет атқарып, қоғамдық өмірге араласуы.
Т.Жароковтың отыздан аса жыр кітаптарын қалдырғаны. Шығармашылығының бастапқы кезінде лирикалық туындылардың басым жататыны. Жаңа заманның жыршысы болғандығы. «Өмір сөйлейді», «Бес жылдықтың балғасы», «Күн тіл қатты», «Теңізде», «Сәулеме», «Батырмен кездескенде», «Миллион толқын», «Қара теңіз», «Аэроплан» өлең-поэмаларында өмір жаңалықтарын дер кезінде көре біліп, публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен жырлағаны.
Алпысыншы жылдардың алғашқы кезеңінде көркемдік шеберлікке жетудің, кемелденудің жаңа бір кезеңін бастан кешіргені. «Тау жырлайды» (1962), «Тасқынға тосқын» жинақтарына енген туындылары. Ақын жырларында саяси лирика жетекші орын алғанмен, алпысыншы жылдары ол табиғат, махаббат тақырыбы мен әнге сөз, толғау, эллегиялық жырлар, философиялық тебіреніске өрісті кең ашса, «Кавказ жырларында» табиғатты тамсана жырлап, тыңнан жол салатыны.
Т.Жароков - өмірдің сан алуан құбылыстарын арқау еткен циклді өлеңдер жазу дәстүрін қалыптастырушы. «Тау жырлайды», «Тасқынға тосқын», «Кавказ жырлары», «Қарағанды дәптерінен», «Днепр дәптерінен», т.б. Тайыр поэзиясының әуезділігі, түсінуге жеңіл, тез есте қалатыны – саздылығы.
Т.Жароков – эпик ақын: «Орда оқиғалары», «Балабас», «Мұз мұхит аңызы», «Тасқын», «Нарын», «Жапанды орман жаңғыртты», «Қырда туған құрыш», «Құмдағы дауыл», «Зоя туралы жыр», «Тасқынға тосқын»,т.б. поэмалары. Олар өмірімізде кездесетін әр алуан тасқындарға ақылы мен білімі, тәжірибесі, қажыр-қайратымен қарсы тосқын қоя алатын құдіретті күштер жайлы жүрек-жарды сырға ортақтастыратыны. Бойларындағы бары мен нәрін ұрпаққа беретін алғы буын ағалардың дарқандығы мен халқын апаттан сақтап қалу үшін тасқынға тосқын қоюға бекінген бүгінгінің «тау соғар» батыры, «білімі күшті», тәуекелі бекем инженер Арманның іс-әрекеттері.
Т.Жароков А.Грибоедовтың «Ақылдан азап» пьесасын, М.Алигердің «Зоясын», Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» эпосын, Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Маяковский, А.Сурковтың, НазымХикметтің әлемге танымал шығармаларын қазақ тіліне аударғаны.
Ақын қазақ әдебиетінің мәселелеріне сыншыл ой-пікірлерімен үн қатып отырғаны.
Ақынның мұрасының зерттелуі жайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |