Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «қазақ тілі»



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата24.01.2023
өлшемі0,96 Mb.
#166242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
21155 (1)

Ә мәтіні 
Аңыз кейіпкері Жошы хан - тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғысханның үлкен ұлы. 
Мұндай оқиғаның болғандығын тарих растайды. Осыдан үш күн бұрын Шыңғыстың сүйікті ұлы, 
Қыпшақ даласының билеушісі Жошы аңнан қайтып оралмады. Ол құлан 
аулауды жақсы көреді екен. Аңға бірге шыққан нөкерлерінің айтуынша, 
бұлар бір үйір құланға кездесіпті де, ханның оғы солардың бірін 
жаралапты. Хан ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан оны шайнап өлтіреді. 
Ақыры, күн ұясына қонар шақта, ханның мүрдесі табылады. Ажалы аңнан 
келгені, я жаудан келгені белгісіз. Ханзада жоғалып кеткеннен кейін хан 
бір жамандық болғанын сезеді де: «Кім маған балаң өлді деп келсе, соның 
аузына балқыған қорғасың құямын», - дейді. Ханға баласының қаралы 
хабарын жеткізуші адамның жазасы - өлім. Ханның сөзін естіп, адамдар 
оған баласы туралы шындықты айтуға қорқады. Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін, 
қаншама қатерлі болса да ханға естіртуді найманнан шыққан ұлы Кетбұғы жырау мойнына алады. 
Жырау өзі сөйлемей, домбырасын сөйлетеді. Қу тақтай ызынап қоя берді. Домбыраны тартып 
жатқан Кетбұғы емес сияқты, домбыраның өзі сөйлеп жатқандай көрінді. Күйді тыңдаған хан 
бәрін түсініп, ашуланады. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұғы жырауды 
жазалауға шешім қабылдады. «Қаралы хабар айтушының жазасы-өлім. Бірақ, Жошының қазасын 
естірткен мен емес едім ғой! Мына домбыра емес пе еді, саған азалы хабарды жеткізген!»...Жаман 
хабарды әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйырық береді. Қайғылы хабарды домбы


ра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құяды.Осылайша беткі жағына кішкентай саңылау пайда 
болыпты-мыс. Ата-бабаларымыздан қалған аңыз осылай толғайды. Найманнан шыққан ұлы жырау 
Кетбұғы қаһарлы Шыңғысқа, сүйікті ұлы Жошының өлімін осылай естіртіпті деседі.Осылайша 
«Ақсақ құлан» күйі халықты ханның қаһарынан қорғап қалған екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет