«Тәуелсіздік – тұғырым, тілім ғұмырым» атты танымдық сағаты өтті.
Тәуелсіздіктің басты тірегі — мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшілікке ой туғызып отыр. Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығын тағы да атап айтты. 2017 жылдың аяғына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылданады.
Латын әліпбиіне көшу — өмірдің қажеттілігі, әлемдік бәсекеге қабілеттілік мәселесі. Егер латын әрпіне көшіп кетсек, осы уақытқа дейін жазылған бүкіл әдеби, ғылыми мұраларымыз қолданыстан қалып қояды деген пікірлерді алға тартып, қауіптенудің қажеті жоқ деп ойлаймын. «Көз — қорқақ, қол — батыр» дейді халқымыз. Ойымыз бен ісіміз бір жерден шығып, дұрыс бағытта жұмыла қимылдасақ, алынбайтын қамал жоқ дегедей. Бүгін мектебімізде К.Ермуканова мен Н.Касенованың ұйымдастыруымен сабақтан тыс «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Латын әліпбиіне көшудің маңызы» атты іс-шара өткізілді. Оқушыларға латын тілінің пайдасы мен қолданысы туралы баяндамалар оқылып, ортаға салынды.
Сонымен қатар, мектебімізде Тулендинова Н.С, Досумова М.Т, Аренова А.К ұйымдастыруымен өзге тілде
Достарыңызбен бөлісу: |