Әдістемелік тақырып



бет1/18
Дата01.05.2018
өлшемі3,21 Mb.
#40379
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектептің әдістеме жұмысы бойынша 2017-2018 оқу жылының есебі.
Әдістемелік тақырып

Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру.



Әдістемелік жұмыстың мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, шығармашылығын жетілдіріп, дамытудың тиісті әдістемелік көмек беру.

2017-2018 оқу жылында мектетің жалпы білім беру жүйесі ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы, «Мәңгілік ел» мемлекеттік бағдарлама негізінде жүргізілді.

Әдістемелік бірлестігінің құрамының білімділік және сапалық деңгейі.

«Мұғалім-мәңгілік нұрдың қызметшісі» дегендей әдістемелік бірлестікте 6 мұғалім қызмет атқарды. Жоғары санатты мұғалім – 1,1 санатты мұғалім:14 2 санатты: 2 мұғалім,санатсыз -5мұғалім.

2017-2018 оқу жылында мектебімізден жоғары санатқа кезектен тыс бастауыш сынып мұғалімі Мусина Баян Орынбасаровна,1 санатты растауға

2 мұғалім: бастауыш сынып мұғалімі Даулбаева Гульмира Орынбасаровна,Дюсембаева Баян Елеусизовна,2 санатты алуға АӘД пәнінің мұғалімі Шпекбаев Кунақбай Шпекбаевич,математика пәнінің мұғалімі Муратова Айгүл Тариховна өтініштерін беріп мектепте бірнеше ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізді Пән мұғалімдерінің әдісі қызметін рейтингілік бағалау.

2017-2018 оқу жылында аттестатаудан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебі алынды.

Биылғы оқу жылында жоғары,бірінші санатқа өтетін мұғалімдер аудандағы мектептерде ашық сабақтарын берін,шебер сынып атақтарына ие болды.

Мақсаты- аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің жұмыс нәтижесін біліктілік талаптарына сай екендігін анықтау.

2017-2018 оқу жылына 6 мұғалім өтініш берді.

Жоғары санатқа 2-мұғалім,1 санатты растауғк 2 мұғалім,2санатқа 2 мұғалім.

Туындайтын мәселе:

Аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің облыс, аудан көлемінде өз тәжірибесімен бөлісіп, таратуды жоспарлау;

Республикалық, облыстық әдістемелік құралдарға өз материалдарын жіберу;

Аттестаттау барысында жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алу.



Оқушы-дамушы тұлға. Оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан – жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз керек.

Жылда мектепте 8-11 сыныптар арасында мектепішілік пән олимпиадалары өтіп тұрады.Мектепте өткізілген пән олимпиадаларына қатысқан оқушылардың ішінен орын алған оқушылар аудандық олимпиадаларға жіберілді.Аудан әкімінің жаныңдағы өткізілген олимпиададан сынып оқушысы Орынбасар Ақбота география пәнінен 3 орынға ие болды.Басқа барған 4 оқушымыз орынға жете алмады.

Дарынды балалармен жұмыс

Еліміздің дамуындағы стратегиялық міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі –заман талабы болып тұр. Себебі 21 ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі – балалардың дарындылығын дамыту. Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда.

Дарындылық-адам қоғамында және бір құндылық ретінде қаралатындықтан дарынды балалармен жұмыс істеу адам ресурсын барынша жақсы пайдалану болып табылатыны сөзсіз. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жас талаптыларды қолдау бағдарламасы және президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту» қаулысы. «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жасаған консепция қызмет етуде. Осыншалық маңызды істе жалпы білім беру мекемелерінің алар орны орасан зор, себебі онда барша бала білім алады да оның ішінде дарынды балаларда отырады. Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.

Мектепте әр пән мұғалімдері өздерінің құрылған жылдық жоспарлары бойынша дарынды балалармен жұмыс жасайды.Сонымен бірге үлгермейтін оқушыларға да сабақ сұрауда , тақтада көбірек жұмыс істеуге жағдай жасайды. Сабақ түсіндіру барысында үлгермеуші оқушыларға сұрақтар қою арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау. Үлгермеуші оқушыларды қандайда бір приборлар жасауда және тәжірибе өткізуде көмекші ретінде іске тарту.

Үздік оқушылардың айтқан түсіндірмелеріне үлгермеушілердің өз пікірін білдіруге және нәтиже шығаруға жағдай туғызу.

Оқушы бойынан дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек екендігін ескеріп отырылады. Ол үшін :


оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесімен бақылау жүргізіп аламыз.Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасалып, талдау жүргізілді.Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтап отырады.
Осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе отырып, оқушының дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындайды. Мектеп психологымен диагностика жүргізіп, пікір талас жүргізіледі.

Оны байқамау, оның патенциялын дамытуға мүмкіндік бермеу қылмыспен тең әрекет. Ал соншама баланың ішінде табиғи дарынын қалай байқауға, дамытуға болады.

Бұл сұраққа жауап беру үшін негізгі екі аспектіні назарда ұстау қажет: Дарынды баланы анықтау және онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Дарынды балалардың бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, кейбір ортақ ерекшеліктеріде бар. Дегенмен ғылымда бала дарындылығын анықтайтын кей бір әдістер бар.

Мектептің оқу – тәрбие үрдісінде дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін, іскерлігін дамыта отырып тәрбиелеу бағытында жұмыс жасауда.

Мектепте дарынды балалармен жұмыс үзіліссіз жүргізілуде. Жыл басында әр дарынды балаға жетекші бекітіліп, олиммпиадаға дайындық жеке дара жүргізіледі. Әр түрлі сайыстарға жүйелі түрде жұмыс ұйымдастырылуда.

Қорыта келе, мектебімізде атқарылған барлық іс-шаралар бойынша мұғалімдер марапатталып, алғыс жарияланды. Келесі оқу жылында да көптеген іс-шаралар, қомақты жұмыстар атқаратынымызға сеніміміз мол.


Туындайтын мәселе:

  • Озат пен екпінділер санын қанағаттанарлық деңгейден оңтайлы деңгейге жеткізу;

  • Бір немесе екі «4», «3» бар оқушылармен жеке-дара жұмысты ұйымдастыру

Әдістемелік бірлестік жұмысының отырыстары.

Тамыз айында әдістемелік бірлестігінің жетекшілері анықтап алынды. Олар:Бастауыш сынып жетнешісі Г.Даулбаева,гуманитарлық әдістеме жетекшісі:Қ.Ермұқанова,жаратылыстану математика бірлестігінің жетекшісі А. Муратова

Әдістемелік бірлестігінің мүшелерін әдістемелік бірлестік ерекшеліктерімен таныстырылды..

2017-2018 оқу жылының есебін жасап, әр әдістеме бірлестік отырыстарында жасаған жұмыстары бойынша талқыланып отырылды. Жыл жартыжылдық бойы өтілген мектеп және оқушы компонеттерімен берілген сағаттарға құрастырылған бағдарлама бойынша әрбір пән мұғалімі есеп берді, құжаттарын таныстырды. 2 тоқсан бойы пән мұғалімдерінің мемлекеттік-нормативтік құжаттары тексеріліп, толықтырылып отырылды.

Барлық сабақтар әдістемелік нұсқау хатта берілген бойынша өтілді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді. Күнтізбелік жоспар құрылды, бағдарлама орындалды. Жыл бойғы жоспар бойынша «0» І жарты жылдық жарты жылдық бойынша алынды, тексерілді,талқыланды,қатемен жұмыс жасалынды. Жоспар бойынша практикалық, зертханалық жұмыс дәптерге жазылып, тексеріліп отырылды. Ешқандай мұғалімде жасалынбай қалған жұмыс жоқ. Оқу стандарты орындалды.Қазан айында біздің мектеп аудандық білім бөлімімен біріктіріліп «Таза бұлақ» жобасы атты оқушылармен ағаш ішіндегі бұлақ көздерін ашу мақсатында жұмыстар жүргізілді.ҚР тұңғыш ғарышкері Т.Аубакировпен кездесу өтті.Онда біздің мектебіміз ғарыштық макеттен бірінші орынға ие болдық.

ҰБТ


Биылғы оқу жылында 11-сыныпты 3 түлек аяқтамақшы.Олардың 2 мектепте және 1 үйде оқитын оқушы.Жылдың басынан ауданда математика пәнінен 3 рет байқау сынағы өткізілді Осы сынаққа біздің мектептен 3 оқушының үшеуі де қатысты.Мектепте 5 рет мектепішілік тест өткізілді.Оқушылардың жалпы білім сапасы 68 пайызды құрады.

Қараша айының 23-і күні мектеп бітірушілердің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылы білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу, талапкерлерді кешенді тестілеу өткізудің жаңа форматтары туралы ақпарат хаты оқылып,таныстырылды.2017 жылыдан бастап мектеп бітіруші түлектер мектепте 5 пәннен емтихан тапсырады:



.  


Жас мамандармен жұмыс:



-Нормативтік құжат,оқу бағдарламасы

-Жас маманның кәсіби жетілудің жеке жоспарын жинақтау

-Интернет желісінің білім беру ресурстарын зерттеу

-Пед.этиканы, шешендік өнер, өзін-өзі ұстау мәдениетін зерттеу

-Сабаққа өзіндік талдау жасау жағдайларын қалыптастыруға үйрету.

-Сабақ барысында көрнекілік ,технология түрлерін қолдануға, дидактикалық материалдар жасауға, жас маманның әдістемелік папкасын жабдықтауға, жас маман және тәлімгер жұмыс жоспарын орындау

1 отырыс. 2016-2017 оқу жылының есебін талдадық. Жаңа жоспар құрдық. Әдістемелік хатпен танысып, күнтізбелік жоспар бекітілді. Мектеп және оқушы компонентінен берілген авторлық бағдарламалар талқыланды, бекітілді.Аттестация құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілді.

2 отырыс.

1. Пән мұғалімдердің мемлекеттік-нормативтік құжаттарын толықтыру.

2. Пән бойынша практикалық, зертханалық, бақылау жұмыс дәптерін жүргізу мәдениеті мен талаптарымен таныстыру.

3. Сыныптарды олимпиадаға дайындау.

4. « Дарынды оқушылармен жұмыс» ауданнан келген құжаттарды уақытылы орындау.

5. Ғылыми жоба.

6. ҰБТ, ОЖСБ-ға дайындық.

7. Пәндер бойынша бастапқы бақылау жұмысын құру, талдау, алу.

8. Әртүрлі марафондарға қатысу

9. Баяндама «Өздігінен білімін жетілдіру, педагогтық кәсіптік өсу шарты Н.Касенова


Біліктілігін арттыру курсы туралы.

Сапалы білім берудің бағыттарының бірі-мұғалімдер біліктілігін көтеру жұмысы. Осы жұмысты жүзеге асыру мақсатында облыстық біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес, аудандық білім беру бөлімінің жылдық жоспары негізінде жүзеге асырылады. Осы жоспар бойынша мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері курстарға жіберілді.

Мақсаты-маман ретінде кәсіби шеберліктерін жетілдіру және кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету.

Биылғы оқу жылында 2017-2018 оқу жылында мектебімізде мұғалімдер Көкшетау қаласында. «Өрлеу» орталығында біліктілігін арттыру курсынан өтті.Жалпы мұғалімдер саны 5 .



Туындайтын мәселелер:

ӘБ жетекшілері курстан өткен мұғалімнің құжаттарымен танысу, отырыстар ұйымдастыру;

3 айлық курстардарға мұғалімдерді жоспар бойынша жіберу.

Семинарға қатысу.

Жоспар бойынша семинар Өленті орта мектептерінде өтті.



Тақырыбы: Мектептегі әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру.Мұндағы Өленті орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.залгаринованың жұмыс жоспарларымен танысу және озық педагогикалық іс тәжірибе тарату.
Мақсаты: Тиімді жолдарды кеңінен қолдана білу.

Әрбір пән мұғалімі жаңа технология арқылы сабақ берді.Кейіннен сыныптан тыс жұмыстары көрсетілді.



Қолданылған технологиясы: «Сын тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі».

Өзара сабаққа қатысу жас маман Тлеулесова Айгүл Канатовна мен Шпекбаева Айдана Кунакбаевна , дәрежелі мұғалімдер сабағында Г.Сейтказина,А.Аренова,М.Досумова. Әдістемелік бірлестік жетекшісі жоспар бойынша пән мұғалімдерінің сабағына қатысты. Сабақты талдау, пед кеңес беру, тәжірибемен алмасу.



Жарты жыл бойы оқушылар қашықтық олимпиадаларына қатысып отырды. Жоспар бойынша теориялық семинар «Сын тұрғыдан ойлау»

Пән мұғалімдері Б.Мусина мен Г.Даулбаеваның сабақ жоспарлары мен сыныптан тыс жұмыстары «Тағылым» республикалық журналға жарияланды.

Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа технология бойынша сабақтарын жандандырып, сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданып өткізуде. пәнінен сайыс сабақ өткізді. Әр ай сайын отырыстар өткізіп мұғалімдер өзара пікір алмасып отырады.

Секция отырысында жаңа технологиялар әдістерін қолдана отырып, жаңаша білім беру, білім сапасын арттыру жөнінде баяндамалар оқылып, міндет қойылды.Әр сыныпта өткізілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарының жоспарларымен сынып мұғалімдері танысты.

Қараша айында бастауыш сыныптың он күндігі өтті.Он күндіктің ашылуы салтанатты түрде өтті.Әр сыныпта ашық сабақ, сыныптан тыс сабақ,тәрбие сағаттары, Рухани жаңғыру аяасында әр сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.

1 -сынып мұғалімі Дюсембаева Баян Елеусизовна сауат ашу пәнінен «Менің отбасым»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ертегілер елінде саяхат атты сыныптан тыс сабақ өткізді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет