Әдістемелік тақырып



бет14/18
Дата01.05.2018
өлшемі3,21 Mb.
#40379
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
«Let's speak English» іс-шара және үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын -2017» олимпиадасын өткізілді.





Сонымен қатар, мектебімізде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Аренова А.К 8-сынып оқушыларымен «Сөйлейміз, оқимыз әр тілде» атты тақырыптық сағат өткізді.



Тілдер күні мерекесінің соңғы «Бірлік пен ынтымақтың кілті болған қызық тіл» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағарламаны тіл мұғалімдері және А.Аренова, Н.Тулендинова, М.Досумова ұйымдастырды. Мерекеде оқушыларымыз дайындаған тіл туралы өлең жырлары оқылып, би биленіп, ән шырқалды.

Сонымен қатар, мектебімізде 22 қыркүйек Тілдер мерекесі күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылуда.

Тіл – халықтың жаны да, сәні де. Тілінің топырағында көктеп, ауасымен тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес.  Халық  өзінің  ғасырлар бойында жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа ана тілі арқылы табыс етеді.

Қастерлейік қазақтың ана тілін,

Қайнаған  қаныменен баба тілін.

Бірлікке, татулыққа ұран болған,

Бұрынғы тектілердің дана тілін!

Тәуелсіз  ел тірегі – тіл. Тіліміздің тірегі – халық. Халқымыз  аман болсын!

ІІ тоқсанда мектепішлік, аудандық пән олимпиадалары өкізілді. 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік пән олимпиадалары әр пән бойынша өткізіліп, ең жоғары ұпай жинаған оқушылар аудандық олимпиадаға қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Кенжетай Г. – жетекшісі К.Ермуканова. Тарих пәні бойынша 10-сынып оқушысы Блялов Т.-жетекшісі М.Досумова.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай әр сыныпта көптеген тәрбие сағаттары , интернет жарыстар өткізілді. 8-11 сынып оқушылары арасында шығармалар сайысы өткізілсе, 8-сынып оқушысы Ерназар Аяулым «Тәуелсіздік» тақырыбында өз шығармашылығы бойынша өлең шығарды. Сонымен қатар, бірлестіктен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі К.Ермуканова пән бойынша біліктілік курсын оқып келді.

Тоқсан соңында отырыстардың қорытындысы бойынша есептер берілді. Әр пәндердің үлгерім сапасы қадағаланды. Қорытындылай келгенде, гуманитарлық әдістемелік бірлестігі жоспарланған жұмысты ойдағыдай орындады. Гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің жұмысын жақсы деген бағаман бағалауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет