Эссе.
Жастар арасындағы буллинг мәселесі.
Жастар арасында буллинг үлкен мәселеге айналғаны сөзсіз. Неге буллинг қоғамға қауіпті? Себебі буллингтің кесірінен қаншама суицид орын алып, жас-өспірімдердің өмірлері қиылды. Менің ойымша, буллингты жою үшін психологтарға, ата-ана мен мұғалімдерге одан да көбірек жұмыс жасау қажет.
Мәселен, көптеген жастардың буллингке тап болатын ортасы – мектеп. Мектепте балалар оқушының түріне, дауысына, киіміне тіпті әлеуметтік мәртебесі мен ата-анасына тіл тигізуі мүмкін. Осы буллингтің кесірінен қаншама балалар жасық болып, өз-өздеріне де, қоғамға да сенімдерін жоғалтады. Оны алдын алу үшін бірінші ата-ана балаларын дұрыс тәрбиелеу қажет. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-анаң қандай тәрбие берсе, ер жеткенде де соның нәтижесін көрсетесің. Сондықтан да ата-ананың перзент алдындағы борышының мәні өте зор. Ата-ананың жасаған әрбір ісін көрген бала сол істі міндетті түрде қайталайтын болмақ. Анасы мен әкесінің жақсы қарым-қатынас жасауы, үлкендерді құрметтеуі, ілтипатпен көркем сөйлей білуі – мұның бәрі перзентке үлгі.
Қорыта келгенде, буллинг – 21 ғасырдың басты дерттерінің бірі. Оның алдын алмаса суицид секілді мәселелер туындайды.