СӨЖ Студент: Аманкелді Саят
Оқытушы: Омарова А. Т.
Мамандығы: Математика
Тобы: ММ22-3
Суицид – адамның өз-өзіне қол жұмсауы, өз-өзін өлімге итермелеуі. Суицид көбінесе адамның ауыр жағдайларға ұшырауынан, қиын проблемаларға тап болуынан орын алып жатады. Әбден қорлық көріп, жағдайы нашар адамның өз-өзіне қол жұмсауы яғни суицид істеуі қазіргі заманда таңқалатын дүние емес.
Джордж Ритцердің «Әлеуметтану теориясы» еңбегінде Дюркгеймнің суицидтің түрлері туралы теориясын қарастырайық.
Дюркгейм өзінің теориясында суицидтің негізгі екі факторы бар екенің көрсетеді, олар: интеграция мен реттеудің арасындағы қатынастарды қарастыру тиімдірек болады. Интеграция біздің қоғамға деген байланыстың күшіне тікелей қатысты. Ал реттеу адамдарға сырттан қойылатын шектеу дәрежесіне байланысты. Осы екі әлеуметтік факторлардын күрт жоғарылауы немесе керісінше күрт төмендеуі , суицид коэффициентін асырады. Дюркгейм осы тұжырамдамадан суицидтің төрт түрі бар екенің көрсетеді. Суицидтің төрт түрі әртүрлі жағдайда болады, егер интеграция жоғары болса Дюркгейм оны «альтруистік суицид» деп атады. Төмен интеграция «эгоистік суицид»-тің көп таралуына әкеледі. Фаталистік суицид жоғары реттеумен байланысты және аномиялық суицид төмен реттеумен байланыста болады.
Эгоисттік суицид.Эгоисттік суицидтер көбінесе адамдардың әлеуметтік қоғамға сәтсіз интеграциялауынан болады. Интерграцияныңда бір кемшілігі осы адам өзін қоғамның бөлігіне сәйкес емес деп санайды, бірақ бұл керісінше қоғамның адамның бөлігі емес екенінде көрсетеді. Дюркгеймның идеясы бойынша адам өз бойындағы мораль, мақсат және құндылығын бәрін бойына қоғамнан сіңіретіні сенді. Интеграцияланған қоғам бізді осындай қасиет, құндылықтармен қамтамасыз етеді. Интерграцияның тағы да бір жетіспеушілігі ерекше әлеуметтік бағыттарды туындаттырды, ал бұл суицидтердің жаңа ағымына әкелуі мүмкін.
Дюркгейм суицидтен құтқаратын дүниелерге интеграцияланған қоғамнан бөлек дінді де жатқызды. Дюркгейм өз кезегінде дінге байланысты осындай тұжырамдамасы былай болған: «Дін адамды өзін-өзі жоюға деген ұмтылысынан қорғайды... Дін – бұл адал, дәстүрлі және міндетті түрде жалпыға ортақ белгілі бір сенімдер мен тәжірибенің болуы. Бұл ұжымдық ұғымдардың саны неғұрлым көп әрі қуатты болған сайын, діни қауымдастықтың интеграциясы соғұрлым жоғары және оның қорғаныс құндылығы да арта түседі».
Альтруистік суицид. Альтруистік суицид Дюркгейм қалыптастырған суицидтің екінші түрі. Альтруистік суицид интерграция тым жоғары болғанда орын алатын суицид. Эгоисттік суицид адам өзін қоғамнан тыс сезініп өзінің мақсаты қоғамнан төмен деп ойлаудан болады, ал альтруистік суицид керісінше адам өзінің мақсатын, жұмысын қоғамнан биік қойып өзін одан-да жоғары мәртебеге лайықты деп суицидке барған. Альтруисттік суицидке бір мысал ретінде 978 жылы орын алған Джоунстағы Гайана қаласындағы оқиға бола алады. Джим Джонс ізбасарларының өздерін жаппай өлтіруі , олардың уды алып тіпті балаларына ішкізгендері де бар.
Аномиялық суицид. Аномиялық суицид қоғамның реттеуші күштері бұзылған жағдайда пайда болады. Бұл дегеніміз қоғамдағы баланстың бұзылуы яғни экономикалық құлдырау немесе экономикалық өсім кездері. Екі кезеңде де ұжымның жеке адамға өкілеттігі жүрмейді.
Аномиялық суицид экономикалық құлдырау кезінде орын алуы таңұалатын жағдай емес себебі жұмысы тоқтаған адам шарасыздық күйге түседі әсіресе қарапайым жұмысшылар. Жалғыз жұмыс емес отбасы, мемлекет басқаларынан да шеттетілген адам аномиялық суицидке баруы мүмкін.
Экономикалық құлдырау кезіндегі бұл жайт таңқалатындай емес деп айтқан болатынбыз, бірақ бір таңқаларлығы аномиялық суицид экономикалық өрлеу кезінде де орын алады. Экономикалық өрлеу кезінде тосыннан табысқа жеткен адамдар дәстүрлі құрылымнан алыстайды. Соның салдарынан адам өз жұмысын тоқтатуы, жаңа қауымдастыққа көшуі әбден мүмкін. Апгрейд болған адамда ол әрі ғарай жалғасады деп ойлап неше түрлі армандарға ерік беруі мүмкін, бірақ шынайы өмірге келгенде өзінің күткенімен болып жатқан дүниені салыстырғанда айырмашылық жер мен көктей болуы мүмкін. Бұл жағдайдан қатты есеңгіреген адам өз-өзіне қол жұмсауға дейін баруы мүмкін.
Фаталистік суицид.Фаталистік суицид қатал қадағалау жағдайынан болуы мүмкін. Адамға басқа тараптан күнделік қатал тәртіптегі қарау шаршатып , ығырын шығарып жіберуі мүмкін ол суицидке апаруы қалыпты жағдайға айналғаныда өтірік емес. Бұған дәлел ретінде классикалық құлдарды қарастыруға болады. Тым қатал реттеу меланхоликтін басымдылығына әкеледі. Ал бұл өз кезегінде фаталистік суицидтің өсуіне әкеледі.
Дюркгейм әлеуметтік бағыттар суицид көрсеткіштерінің деңгейіне әсер етеді деп санайды. Жеке суицидтерге осы негізгі эгоизм, альтруизм, аномия және фатализм бағыттары әсер етеді. Дюркгеймнің пайымдауынша, бұл бағыттар тек жеке индивидтердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге оларды sui generis (бірегей, өзіндік) күштер деп мойындау қажет, өйткені олар жеке тұлғалардың шешімдеріне ықпал жасай алады. Осы болжамсыз кез келген нақты қоғам үшін суицид көрсеткішінің тұрақтылығын түсіндіруге болмайды.