3-Рефлексия.
Іс-әрекеттегі зерттеудің мақсаты не? Іс-әрекеттегі зерттеудің негізін қалаушы принциптері қандай?_
Іс-әрекеттегі зерттеу – өзгеріс енгізуге түрткі болатын проблемаларды қалыптастырып, оны шешуді қамтитын әлеуметтік жағдайлардағы оқыту үдерісі.
Іс-әрекеттегі зерттеудің мәніне тоқталсақ, ол келесі қадамдардан тұрады: проблеманы айқындау, деректер жинау, жинақталған мәліметтердің талдауы және интерпретациясы, деректер негізінде әрекет ету; нәтижелерді бағалау, болашақтағы әрекеттерді жоспарлау_
Іс-әрекеттегі зерттеудің мақсаты төмендегідей: - Теориялық идеяларды іс жүзінде тексеру. - Оқыту тәжірибесін өзгерту әрі жақсарту және бұл өзгерістерді өзі бағалау. Практиктің кәсіби дамуын жетілдіру: - Өз ұстанымдарының маңызын, жеке мақсат қоюдың орынды екенін анықтау. - Әрекеттерін ойдағыдай басқару үшін өзінің жасырын әлеуетін ашу. - Тәжірибелік проблемалар мен теориялық идеялар арасындағы беймәлім дүниелерді зерттеу___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Зерттеу мәселесі немесе сұрақ оқытуға немесе оқытудың өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін. Себебіңізді жазыңыз. Қорытындылай келгенде, іс-әрекеттегі зерттеуді бастау үшін Сіз нақты проблеманы анықтап, оның болжамды шешімі туралы ойлауыңыз және де зерттеуге келетін сұрақ тұжырымдауыңыз қажет
Сыныптағы жұмысқа бағытталған көптеген іс-әрекеттегі зерттеу жобаларының мақсаты өзінің сыныптағы оқыту әдістемесіне өзгеріс енгізу болып табылады. Оның нәтижесінде Сіз де, Сіздің оқушыларыңыз да алға басу керек
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тренер ретінде сіз зерттеушілік сұрақ пен оны әзірлеу кезінде қандай әрекеттерге назар аударуыңыз керек? Өз ойларыңызды жазыңыздар.
Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудегі бірінші қадам сыныпта өзіңізді толғантып жүрген мәселе мен өзіңіз өзгерткіңіз келген жағдайды анықтап алу болып табылады
Зерттеуді бастаудың тағы бір балама жолы: сұрақ қою үдерісін күшейту үшін «Шексіз оқу және сыныпта барынша инклюзивті орта құру мақсатында оның әлеуетін қайта құру» (Hart et al., 2004) оқып шығыңыз. Бұндай сипаттағы сұрақтарды құру қиынырақ, себебі олар одан да күрделенген жауаптарға әкелуі мүмкін. Соған қарамастан мұғалімдер алдарына қиын сұрақ қойып, оны шешуді бастамайынша, оқушылардың оқу деңгейін айтарлықтай арттыру мүмкін емес. Қысқасы, іс-әрекеттегі зерттеу (іс-әрекет арқылы зерттеу) – мұғалімдерге өздерінің қандай мұғалім екенін білуге және оқыту мен оқу үдерісі туралы сын тұрғысынан ойлануына көмек беретін тәсіл.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |