Кенбейлова Арай Айтмурзаевна
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі
Түсінік хат
Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың ұстанымдарының бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру. Базалық, міндетті деңгейден жылжымалы жылжымалы деңгейге оқушылардың санын арттыруда ықпалы болатыны сөзсіз.
Бағдарламаны шартты түрде екіге бөлуге болады: 1) қызығушылығына қарай; 2) регионалдық ерекшелігіне қарай. Қызығушылығына қарай өтілетін курстар оқушылар үшін міндетті емес. Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал, ал мұғалім сол оқушының химиядан бұл курсқа қатысқысы келетіндігіне көп еңбектеніп пәнге құштарлығын оятып, пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуі тиіс. Бұл факультатив сабақ «Қызықты химия» деп аталады, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
Бағдарлама 8-класс оқушыларына арналған. Себебі химия пәнін алғаш бастайтындықтан ең басынан пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ынтасын дамыту көзделеді. Оқушы пәнге қалай қызыққанын байқамай да қалуы мүмкін. Ол үшін теориялық біліммен қатар, зертханалық тәжірибелерді де орындау қажет.
Аталған курс бір-бірімен байланысты 5 тараудан тұрады: бастапқы химиялық ұғымдар; сутек қышқылдар, тұздар; ерітінділер; сапалық, эксперименттік есептер; шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденіс.
Курсты өткізгенде практикалық бағытқа аса назар аударылады. Күнбе-күнгі сабақ барысында да зертханалық, практикалық жұмыстарды орындаумен қатар, оның біліктілігін дамыту. Жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасау, оқушылардың эксперимнттік жұмысқа икемін арттыру. Жаңа ақпараттық технология бойынша өз беттерімен электрондық сайттармен , виртуалды тәжірибелер жасап, электрондық дискілер арқылы курс барысында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туғызу. Шығармашылық деңгейде жұмыс істейтін оқушылар санын арттыру.
«Қызықты химия» бағдарламасының мақсаты: химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде алғашқы химия пәнінің әліппесіне аяқ басқан 8-класс оқушыларының пәне деген қызығуын арттыру. Сол арқылы жаратылыстану ғылымдары ішіндегі төрден орын алатын химия ғылымының қыр-сырын зерттеуге баулу. Оқушыларға табиғатта, тірі ағзада жүретін өзгерістерді, құбылыстарды биология, физика, география ғылымдары толық дәлелді түсіндіре алмайтынын, ол өзгерістерді тек химия ғылымы ғана дәлелдеп көз жеткізетіндігін ескерту.
Міндеттері:
- алғашқы химиялық ұғымдарды еске сақтауды қалыптастыру;
- химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту;
- зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдыру, бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу;
- химиялық заңдар мен элементтер туралы нақты білімдері бейорганикалық қосылыстардыңнегізгі кластарын меңгерудің алғы шарттары екендігін ескерту;
- алған теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыра білу;
- оқушының өз бетімен іздену жұмысына бағыт бағдар беру;
- химия ғылымының қоғамдағы, тұрмыстағы рөлін дәлелдеп, көз жеткізу;
- кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып, ғылыми көзқарас қалыптастыру;
- Ақтөбе, Атырау өңірінің экологиялық мәселелерін шешуде әрбір оқушыға экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауды экологиялық қажеттілікке айналдыру қажет:
- оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Курстың негізгі идеясы – химияның өмірдегі, медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы маңызын, экологияның бір аспектісі – қоршаған ортаны қорғау ұғымдарын дамыту. Алған теориялық білімдерін іс жүзінде асыра білу. Химиядан білім фундаменті атом-молекулалық ілімді меңгеруден басталатынын, химия – эксперименттік ғылым, сондықтан экспериментті орындау арқылы оқушылардың заттармен, құралмен жұмыс істей білу білігі қалыптасады.
Оқушыларға эксперименттік есептің сандық есептен айырмашылығын түсіндіріп, эксперимент тәжірибе арқылы дәлелденетінін, сынақ оң және теріс болу мүмкіндігін ескерту.
Оларға 8-класта эксперимент есептерінде не сапа есептерінде сандық мәлімет болмайтындығын ескертеміз. Эксперимент есептерінің тәсілдері:
есте қалғаны бойынша шығару;
сынау-қателесу тәсілі;
талдау-жинақтау;
жорамал жасау.
Эксперимент есеп типтері:
заттардың сапалық құрамын анықтау;
заттарды ажырату;
заттарды алу;
заттарға тән сапалық реакция жасау;
қоспа құрамын анықтау;
қоспа құрамын бөлу;
химиялық құбылысты бақылау;
химиялық құбылысты түсіндіру.
Оқушылардың дайындық деңгейіне білім мен білік деңгейіне қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі және анықтауы тиіс :
химиялық формулалар бойынша заттарды;
химиялық реакциялардың негізгі белгілерін;
физикалық, химиялық құбылыстарды;
заттардың сандық, сапалық құрамын;
бинарлы және одан да күрделі заттардың құрамын;
ерітінділер, олардың табиғаттағы рөлі;
таза ауа мен таза судың экологиялық аспектісі;
тұрмыста қолданылатын заттардың адам ағзасына пайдасы мен зияны;
зат массасының, құрам тұрақтылық, Авагадро және Д.И.Менделеевтің периодтық заңдарының мәнін.
Оқушылар есептей және қолдана білуі тиіс:
- химиялық формула бойынша есептеулер (салыстырмалы атомдық масса, элементтің массалық үлесін, зат массасын, қоспаларға т.б.)
- зертханада, химия кабинетінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып тәжірибелер жасауды;
- зертханадағы кеңінен қолданылатын құралдарды;
- газдарды алуға, жинауға арналған құралдарды;
- жылыту құралдарын;
- дайын құрастырылған құралдарды.
Мазмұндылық бөлім
Қызықты химия
Курстың мазмұны. Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.
Кіріспе ( 2 сағат).
Химия пәні. Химия терминінің этимологиясы. «Қызықты химия» үйірмесінің мақсатымен танысу. Химия зертханада қауіпсіздік техникасы ережелері. Химиялық құрал-жабдықтар, олармен жұмыс істеу ерекшеліктері
1.Атом-молекулалық ілім (4сағат).
Заттың құрамы, сипаттамасы, қасиеттері. Атом. Молекула. Физикалық және химиялық құбылыстар ережелері. Химиялық реакциялар, олардың белгілері. Химиялық реакциялардың табиғаттағы, тірі ағзалар мен адам өміріндегі маңызы.
2.Газдардың ерекшелігі (4 сағат).
Ауа. Ауа құрамы. Ауаның ластану себептері, атмосфераны ластанудан сақтау. Атырау өңірінің экологиялық жағдайы.
Жалпы газдар туралы түсінік. Авагадро заңы, газдардың молярлық көлемі, салыстырмалы тығыздығы және көлемдік қатынастарына экологиялық бағытта есептер шығару
3.Ерітінділер туралы ілімнің тарихы (5 сағат).
Ерітінділердің маңызы және алғашқы зерттелуі. Су мен ерітінділердің өнеркәсіптегі, тұрмыстағы, ауыл шаруашылығындағы маңызы. Минералды сулар. Судың қасиеттері. Судың емдік мақсатта қолданылуы. Ерітінділер дайындау. Ерітінділерге арналған есептер. Пайыздық концентрация. Молярлық концентрация.
4.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы мағлұматты тереңдету (6 сағат).
Қышқылдар. Қышқылдардың қасиеттері. Қышқылдармен жұмыс істеу ерекшелігі. Қышқылдарды анықтау. Тұздар. Тұздарды анықтау тәсілдері. Тұздардың адам ағзасына пайдасы мен зияны. Негіздер. Негіздердің қасиеттері. Бейорганикалық заттарды анықтау. Сапалық есептер шығару.
5.Кристаллогидраттар (6 сағат). Кристаллогидрат құрамындағы судың массалық үлесін табу. Кристаллогидрат формуласын табу.
6.Қоспалар (6 сағат).
Қоспаның құрамын анықтау. Қоспаларды бөлу, тазарту әдістері. Сапалық анализ. Қоспаның сандық құрамын анықтау. Газ қоспасының ерекшеліктері. Металдар қоспасы құймалар.
Эксперименттік тәжірибелер. Қызықты тәжірибелер негізі. Генетикалық байланыс, тізбекті іске асыру.
7.Шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденістер (5 сағат).
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Интернетпен, электронды каталогпен жұмыс. Зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Тақырып таңдау. Болжам. Эксперимент. Зерттеу жұмыстарының түрлері. Ғылыми зерттеу жұмыстарын рәсімдеу.
Нормативтік бөлім
Аптасына -1 сағат, барлығы - 34 сағат
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Көрнекілігі
|
Пәнаралық байланыс
|
Қолданылатын әдебиеттер
|
Сағат саны
|
Уақыты
|
теория
|
практика
|
І Кіріспе
|
1.Химия пәні. Химия терминінің этимологиясы
|
Курстың мақсаты және химияның негізгі ұғымдары, түсініктері жайлы мағлұмат беру
|
Тірек сызба
|
Физика, география, биология
|
Н.Нұрахметов «Химия»
|
1
|
|
|
2.Қауіпсіздік техникасының ережелері. Химиялық құрал-жабдықтар, олармен жұмыс істеу ерекшеліктері
|
Зертханалық құралдармен танысу, оқушыларға жиі қолданылатын құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, пайдалану ерекшелігін үйрету
|
Құрал-жабдықтар, слайд
|
физика
|
Химик анықтамалығы-2011 №2
|
|
1
|
|
ІІ Атом-молекулалық ілім
|
3.Заттың құрамы, сипаттамасы, қасиеттері.
|
Заттың құрамы, қасиеттері туралы білімдерін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттыру
|
Кесте, плакат, диск
|
физика биология
|
Н.Нұрахметов «Химия»
|
1
|
|
|
4.Атом. молекула. Су молекуласы
|
Молекула, атом туралы білімдерін дамыту
|
Интерактивті тақта, кесте
|
Физика, география
|
Н.Нұрахметов «Химия» Есептер жинағы
|
1
|
|
|
5. Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар, олардың белгілері
|
Физикалық және химиялық құбылыстар, химиялық реакциялар, олардың белгілері туралы білімді есептер шығару арқылы тереңдету
|
Венн диаграммасы, видео плакаттар
|
Физика
биология
|
Н.Нұрахметов «Химия»
«Химия» Есептер жинағы
|
|
1
|
|
6.Тұрмыстағы , табиғаттағы химиялық реакциялар. Химиялық реакциялардың табиғаттағы, тірі ағзалар мен адам өміріндегі маңызы
|
Химиялық реакцияларды өмірмен байланыстыра ұғындыру, дүниетанымдарын кеңейту
|
Электронды оқулық
слайд
|
География
өмірмен байланыс
биология
|
Интернет материалдары
|
1
|
|
|
ІІІ. Газдардың ерекшелігі
|
7.Ауа. ауа құрамы
|
Ауа туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру
|
Тірек сызба
диаграмма
|
Қоршаған орта экологиясы
|
Оқулық 8 класс
|
1
|
|
|
8.Ауаның ластану себептері, атмосфераны ластанудан сақтау. Атырау өңірінің экологиялық жағдайы.
|
Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеп, экологиялық білім беру
|
кестелер
|
Физика
биология
|
Интернет материалдары
|
1
|
|
|
9.Жалпы газдар туралы түсінік. Авагадро заңы
|
Газдар туралы, Авагадро заңы туралы білімдерін молайтып, дамыту
|
слайд
|
география
биология
|
Оқулық 8 класс
|
1
|
|
|
10.Авагадро заңы, газдардың молярлық көлемі, салыстырмалы тығыздығы және көлемдік қатынастарына экологиялық бағытта есептер шығару
|
Экологиялық білім беру, сандық есептер шығару біліктіліктерін арттыру
|
|
Физика
биология
|
А.Темирболатова «Сборник задач и упражнений»
|
1
|
|
|
ІV.Ерітінділер туралы ілімнің тарихы
|
11. Ерітінділердің маңызы және алғашқы зерттелуі. Су мен ерітінділердің өнеркәсіптегі, тұрмыстағы, ауыл шаруашылығындағы маңызы.
|
Ерітінділер жайында түсініктерін молайту, судың маңызын өмірмен байланыстыра түсіндіру
|
Слайд
Интернет материалдары
|
география
биология
|
Н.Нұрахметов «Химия»
|
1
|
|
|
12.Минералды сулар. Судың қасиеттері. Судың емдік мақсатта қолданылуы.
|
Минералды сулар, судың қасиеттері. судың емдік мақсатта қолданылуы жайында білім қалыптастыру
|
Слайд
Интернет материалдары реферат
|
география
биология
|
«Химик анықтамалығы» журнал
|
1
|
|
|
13. Ерітінділер дайындау.
|
Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету, сарамандық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
|
Реактивтер электронды оқулық
|
|
Н.Нұрахметов «Химия»
А.Темирболатова «Сборник задач и упражнений»
|
|
1
|
|
14-15. Ерітінділерге арналған есептер. Пайыздық концентрация. Молярлық концентрация.
|
Сандық есептер шығару арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, алғырлыққа тәрбиелеу
|
|
|
А.Темирболатова «Сборник задач и упражнений»
|
2
|
|
|
V.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы мағлұматты тереңдету
|
16.Қышқылдар. Қышқылдардың қасиеттері.
|
Қышқылдар, қышқылдардың қасиеттері туралы білім қалыптастыру
|
Слайд плакаттар
|
|
Н.Нұрахметов «Химия»
|
1
|
|
|
17.Қышқылдармен жұмыс істеу ерекшелігі. Қышқылдарды анықтау.
|
Қауіпсіздік техникасы ережесін түсіндіру
|
Қауіпсіздік техникасы ережесі кесте
|
|
Оқулық 8 класс А.Темирболатова «Сборник задач и упражнений»
|
|
1
|
|
18.Тұздар. Тұздарды анықтау тәсілдері.
|
Тұздар, тұздардың қасиеттері, оларды анықтауды нақты дәлелдер, мысалдар арқылы меңгерту
|
Ерігіштік кестесі
плакаттар
|
География
биология
|
Н.Нұрахметов «Химия»
«Химия мектепте
журналы
|
1
|
|
|
19.Тұздардың адам ағзасына пайдасы мен зияны.
|
Салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі екенін ұғындыру
|
кесте
|
биология
|
«Биология мектепте» «Химия мектепте»
|
1
|
|
|
20. Негіздер. Негіздердің қасиеттері.
|
Негіздер, негіздердің қасиеттерін нақты дәлелдер, мысалдар арқылы меңгерту
|
Слайд. Электронды оқулық
|
|
Оқулық 8 класс А.Темирболатова «Сборник задач и упражнений»
|
1
|
|
|
21. Бейорганикалық заттарды анықтау. Эксперименттік есептер шығару
|
Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету, эксперименттік есеп шығару дағдыларын қалыптастыру
|
Видео слайд
|
|
Оқулық 8 класс» «Химия мектепте» 2011/2
|
|
1
|
|
VІ.Кристаллогидраттар.
|
22. Кристаллогидрат құрамындағы судың массалық үлесін табу. Кристаллогидрат формуласын табу.
|
Кристаллогидрат құрамындағы судың массалық үлесін табу. Кристаллогидрат формуласын табуды уйрету
|
|
математика
|
Бекішев Қ.Б. химия есептері.
|
1
|
|
|
23. Тест
|
Білім жүйелеу, қорытындылау
|
Тест
|
|
Тест
|
1
|
|
|
VІІ.Қоспалар. Эксперименттік есептер
|
24.Қоспаның құрамын анықтау. Қоспаларды бөлу, тазарту әдістері.
|
Қоспаның құрамын анықтау, қоспаларды бөлу, тазарту әдістері туралы білімдерін кеңейту, жұмыс жасау дағдыларын арттыру
|
Сүзу, тұндыру, қайта кристалдану
|
физика
|
Оқулық 8 класс А.Темирболатова «Сборник задач и упражнений»
|
|
1
|
|
25.Сапалық анализ. Қоспаның сандық құрамын анықтау.
|
Білімдерін кеңейту, жұмыс жасау дағдыларын арттыру
|
Тәжірибе-слайд
|
|
Оқулық 8 класс
|
1
|
|
|
26-27.Газ қоспасының ерекшеліктері. Металдар қоспасы құймалар.
|
Газ қоспасы, металдар қоспасын өмірмен, табиғатпен байланыстыра түсіндіру
|
видео
|
физика
|
«Химик анықтамалығы» журнал
|
2
|
|
|
28-29.Қызықты тәжірибелер негізі. Генетикалық байланыс, тізбекті іске асыру.
|
Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету, сарамандық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
|
Электронды оқулық
|
|
«Химик анықтамалығы» 2011журнал Оқулық 8 класс
|
|
2
|
|
VІІІ. Шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденістер
|
30.Ғылыми әдебиеттермен жұмыс.
|
Білімдерін кеңейту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
|
Тіре сызба естелер
|
Жаратылыстану пәндері
|
Химиялық журналдар, кітапта
|
1
|
|
|
31.Интернетпен, электронды каталогпен жұмыс.
|
Білімдерін кеңейту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану
|
электронды каталог слайд диагра
|
Информатика биология
|
www.chem.msu.su
|
|
1
|
|
32.Зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Тақырып таңдау. Болжам.
|
Жеке, топпен жұмыс жасауға, қорытынды шығара білуге дағдыландыру
|
кесте
|
Жаратылыстану пәндері
|
«Химик анықтамалығы» 2011 №5
|
1
|
|
|
33-34. Эксперимент. Зерттеу жұмыстарының түрлері. Ғылыми зерттеу жұмыстарын рәсімдеу.
|
Өз бетімен іздену, алған теориялық білімдерін іс жүзінде асыра білу.
|
Тірек сызба кесте
|
физика
|
«Химик анықтамалығы» «Химия мектепте
|
1
|
1
|
|
Ақпараттық әдістемелік бөлім
Курсты ұйымдастыру формасы: лекция; тест; сарамандық-зертханалық сабақ; өз бетімен іздену, жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану, ойын элементтері, интерактивті әдістер.
Курсты оқытуды аяқтау формасы: реферат жазу, баяндама жазу
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау формасы: сынақ, тест, бақылау.
Ұсынылған әдебиеттер:
Оқушыларға арналған әдебиеттер:
1.«Химия» 8 сынып авторлары:Н.Нұрахметов.К.Жексембина,Н.Заграничная
2.«Химия есептер мен жаттығулар жинағы» 8 сынып авторы
А.Е.Темірболатова.
3. «Химия тұрмыста» кітабы
4.Шығарылған химия есептері. Алматы. «Рауан», 1997. Бекішев Қ.Б.
Мұғалім үшін:
1 Ғылыми – педогогикалық журнал «Химия мектепте», 2009, 2010,2011 жыл.
2.Бекішев Қ.Б. химия есептері. Алматы «Білім», 2005
3.Портал фундаментального химического образования: www.chem.msu.su
4.Шығарылған химия есептері. Алматы. «Рауан», 1997. Бекішев Қ.Б.
5.К.Аханбаев. Жалпы және анорганикалық химия. Алматы, «Ана тілі» 1993
6. «Химик анықтамалығы» журнал №4, №5 2010, №1, №3, №4 2011, №2 2012
7.http://him.1september.ru/2003/19/15.htm
Достарыңызбен бөлісу: |