Туындайтын мәселе: Аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің облыс, аудан көлемінде өз тәжірибесімен бөлісіп, таратуды жоспарлау;
Республикалық, облыстық әдістемелік құралдарға өз материалдарын жіберу;
Аттестаттау барысында жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алу.
Оқушы-дамушы тұлға. Оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан – жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз керек.
Жылда мектепте 8-11 сыныптар арасында мектепішілік пән олимпиадалары өтіп тұрады.Мектепте өткізілген пән олимпиадаларына қатысқан оқушылардың ішінен орын алған оқушылар аудандық олимпиадаларға жіберілді.Аудан әкімінің жаныңдағы өткізілген олимпиададан сынып оқушысы Орынбасар Ақбота география пәнінен 3 орынға ие болды.Басқа барған 4 оқушымыз орынға жете алмады.