І жартыжылдықта жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің екі отырысы болды. Отырыстарда алда атқарылатын жұмыстар туралы айтылды,бірлестіктің жоспары талқыланып,белгіленген іс-шараларды жүзеге асырудың жолдары ұйымдастырылды.
Жаратылыстану-математика бірлестік бойынша дарынды және білімдері төмен оқушылары анықталып, олармен қосымша сабақтар жүргізіліп жатыр.
Мұғалімнің шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында «Құзыретті мұғалім - білім сапасын жаңартудың негізгі тұлғасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті (жауапты Тулендинова Н.С.). Жас мамандар, химия, биология пәндер мұғалімі Кусаинова Э.Қ., математика пәнінің мұғалімі Блялова Ш.Қ. кәсіби шеберліктерін арттыруда тәжирибе алмасып сабақтарға қатысты.Қыркүйек айының соңында Блялова Ш. К. «Республикалық шағын жинақталған мектептерде сабақ берудің қиындықтары мен тиімді жағдайлары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциядан грамотаға иеленді.Сонымен қатар, химия, биология пәндер мұғалімі Кусаинова Э.Қ. жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша, Муратова А.Т. аттестациялау алды курстарын бітіріп келді.
09.09.2017 күні Денсаулық күніне орай Қазақша күрестен Перуаш Кәрімұлының турниры, мұғалімдер мен 1-11 оқушылардың қатысуымен кросс, 1-4сынып оқушылары арасында футбол ұйымдастырылды. Қазақша күрестен 10-сынып оқушысы Абакаев Б. ІІІ орын иеленді.
17.09.2017 күні мұғалімдері мен 8-10 сынып оқушылары экологиялық «Таза бұлақ» акциясын өткізді. Балалар өз аймақтарындағы пайдалы өсімдіктердің пайдасы туралы мәлімет жинап бөлісті. Ұстаздар мен оқушылар жиналып Малтабардың екі бұлақ көзін тазалады.
Дарынды оқушыларды дамыту мәселесі бойынша мектепішілік олимпиадаға жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектепішілік олимпиадаға қатысатын балалар анықталды және 23.10-27.10 аралығында мектепішілік олимпиада өткізілді. Олар: Дүйсен Г.(8-сынып,химия пәнінен),
Кенжалина М.( 8-сынып,химия пәнінен),
Орынбасар А.(9-сынып, математика пәнінен),
Дүйсен А. (10-сынып, биология пәнінен),
Байбусенова А. (10-сынып, биология пәнінен),
Боранбай Д. . (10-сынып, биология пәнінен).
Жүлделі ІІ орын алған Орынбасар А.(9-сынып, математика пәнінен).
І тоқсан соңында 9-сынып оқушылары Шаинбеков А., Орынбасар А. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Б.С.Дүйсеновтың құрметіне ұйымдастырылған жаратылыстану-математика (физика, география) бағытының пәндері бойынша бірінші аудандық олимпиадасына қатысты. Онда Орынбасар А. География пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
27.10 күні Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонға 5-7 сынып оқушылары қатысты. 5-сынып оқушысы Қайыргелді А, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Туризм күніне орай география пәнінің мұғалімі Сейтказина К.Н. оқушыларымен тәрбие сағатын өткізді.
«Алтын асық» атты ойын-сауық іс-шара.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы жетекшісі Шпекбаев Қ.Ш. «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өткізді.
Математика мұғалімі Ш.Блялова әріптестеріне «Жаңартылған оқу бағдарлама бойынша ой бөлісу» атты коучинг өткізді.
І-ІІ тоқсанда 11сынып оқушылары ҰБТ жаңа форматы бойынша білімдерін сынау мақсатымен тестілеуге қатысты. Тоқсан соңында отырыстардың қорытындысы бойынша есептер берілді. Әр пәндердің үлгерім сапасы қадағаланды. Мұғалімдер уақытылы Kundelik.kz толтырып отырады.
Қорытындылай келгенде, Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігі жоспарланған жұмысын ойдағыдай орындады. Бірлестік жұмысын «жақсы» деп бағалауға болады.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Мусина
Достарыңызбен бөлісу: |