«Жаратылыстану-математика» пәндер бірлестігінің онкүндігінің өтілуі туралы есеп. 31. 01 02 аралығында «Жаратылыстану-математика»



Дата08.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#124661

«Жаратылыстану-математика» пәндер бірлестігінің
онкүндігінің өтілуі туралы есеп.
31.01-8.02 аралығында «Жаратылыстану-математика» пәндер бірлестігінің
онкүндігінің өтті.
Мақсаты:
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру; 
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру
• Математика-жаратылыстану пәні бойынша білімдерін тереңдету; 
• Осы пәндерге деген қызығушылығын арттыру; 
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді. Жиында апта бойы атқарылатын жұмыстар әр сыныпқа бөлініп берілді , қабырға газеттері шығарылды. Жоспар бойынша жаратылыстану-математика пәндерінен ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізілу жоспарланды. 
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер.
1.02 күні пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті.
Келесі күні Ойлан, тап, есепте» атты қабырға газеттерінің көрсмесі өтті. Әр сынып өз қабырға газеттерін іліп, пәндеріне байланысты есептер шығарды Жеке оқушыларда белсене қатынасып қызықты есептер шығарып, жауаптар жазып қызығушылық танытты..
Кемшілік : Оқушылар қабырға газеттерін шығаруда аса қатты белсенділік танытпады.
Ұсыныс: Осындай кемшіліктер болмас үшін болашақта пән мұғалімдері өздері қадағалап, оқушылармен тығыз жұмыс жасау керек
2.02-8.02 күндері пән мұғалімдері жаңа технология элементтерін пайдалана отырып күнтізбелік жоспар бойынша ашық сабақтар берді.
География пәнінен 6 сыныпта «Атмосфера» тарауын қайталауға арналған ойын сабағы өтті. Пән мұғалімі Ежебаев А.З.
Мақсаты: 1. Атмосфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру
2. Өз елінің климат ерекшеліктерін түсіндіре отырып өз жеріне деген сүйіспеншілікті ояту.3.Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасау.
Сабақ талапқа сай өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп тарау бойынша оқыған білімдерін көрсетіп, пікірталас жасады.

3.02 күні 6 сыныппен өткен математика сабағында пән мұғалімі Булгимбаева Ж.А. әр түрлі тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың алған білімдерін жаңа әдіс бойынша сараптады.
Тақырыбы Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
Мақсаты: 1. Өткен тақырыпты қайталай отырып, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін туралы білімдерін, тиянақтау, толықтыру және бағалау.2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез және дұрыс шешім қабылдай алуға дағдыландыру.3. Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, үлкен
жетістіктерге ұмытылуға тәрбиелеу.

Химия пәнінен Темір және оның қосылыстары тақырыбында 9 сыныппен өткен ашық сабғында оқушылар темір туралы мағлұматтарды толықтырып, ізденіс жұмыстарын жасады.Бұл сабақтың ерекшелігі оқушыларды білімдерін бекітуде «Білім поезы» әдісінің тиімді қолданылуы болды.



Математика пәнінің мұғалімі Бакуашева Д.К. 8 сыныптармен геометрия пәнінен «Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу» тақырыбында өтілген ашық сабағында «Жетістік жолы» әдісін көрсетті. Осы әдіс қатысқан басқа мұғалімдерге ұнап, өз тәжиірбелеріне де алатыны жөнінде пікір қалдырды.



Информатикадан Абдолдинова Айман Төлегеновна көрсеткен сабағында кембридж технологияларының әдіс- тәсілдерін шебер қолдана білді. «Қар үйіндісі», «Аралдар» т.б.
Өзін-өзі тану пәнінен «Сабырлық пен ұстамдылық» тақырыбындағы ашық сабағы ерекеше көңіл күйде өтті. Оқушылар өздерінің сабырлық туралы және адамның басқа да қасиеттері туралы ойларын айтып, ойын ойнап, қойылым көрсетіп білгендерін ортаға салды. Осы сабақтан балалар көп жақсы әсер алды деп есептеймін.

Биология пәнінің мұғалімі Шолпанбекова Ж.Б. биологиядан 8-9 сыныптар арасында «Ғажайып биология» интеллектуалды сайысын, Ежебаев А.З географиядан «Интеллектуалды жәрмеңке», Сыдықова А.С.5,6,7 сыныптар арасында « Зияткерлік сайыс» сыныптан тыс жұмыстарын өткізді.

Сабақтардың барлығы жақсы деңгейде өтіп, қатысқан әріптестер тілек пікірлерін және ұсыныстарын сабақ соңында талдау кезінде пән мұғалімдеріне айтып жатты.
Кемшілік: Сыныптан тыс сабақтар түстен кейін өтетін болғандықтан көрермен оқушыларды жинауға қиындық туындады. Сол себептен сабақты кешігіп өткіздік.
Ұсыныс: Пән мұғалімдері белгілі бір себептермен өткізе алмаған сағаттарын апталық өтіп кеткен соң да көрсету көрсетсе.
2. Осындай сабақтар өтер алдында оқушыларға олардың сынып жетекшілеріне айтып алдын ала қызықтыру жұмыстарын жүргізу.
Бірлестік отырысында апталықтың өтілуі сараланып нәтижелер қорытындыланды. Белсене қатысқан оқушылардың барлығы мадақтама қағаздармен марапатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет