IDLE әзірлеу ортасы. Алғашқы бағдарлама
Python бағдарламасын іске қосқан соң IDLE ортасын ашу керек (Python бағдарламалау тіліндегі әзірлеу ортасы).
Сурет 7 IDLE ортасын іске қосу терезесі
IDLE ортасы бастапқыда интерактивті режімде ашылады. Кейіннен программаны жазуды бастауға болады. Салт бойынша алғашқы программа "hello world" болады.
Python тілінде "hello world" сөз тіркесін жазу үшін тек бір ғана жолдың жазылуы жеткілікті:
print("Hello world!")
Сурет 8 Python тілінде жазылған код
Бұл кодты IDLE ортасына енгізіп Enter батырмасына шертеміз.Нәтиже келесә суретте бейнеленген:
Сурет 9 Интерактивті режім терезесі
Осымен интерактивті режіммен таныс болдық. Келесі кодтарды да жазып тексеріп көруге болады.
print(3 + 4)
print(3 * 5)
print(3 ** 2)
Негізінде интерактивті режім ең негізгісі болып табылмайды, сондықтан көбінде бағдарламалық кодтарды файлға жазып, файлды тексеруге жіберіп отырып жұмыс жаслады. IDLE интерактивті режімінде жаңа файл құру үшін File → New File (немесе Ctrl + N пернелер комбинациясын басу керек) [16].
Сурет 10 Жаңа файл құру терезесі
Ашылған терезеде келесі 15-суреттегі код теріледі:
name = input("Атыңыз кім? ")
print("Сәлем,", name)
Сурет 11 Алғашқы бағдарлама коды
Бірінші жол енгізуді талап етеді, яғни пернетақтадан жазған мәліметті енгізіп, Enter пернесін шерткенде енгізілген мәліметті name айнымалысына сақтайды..
Келесі жолда print функциясы қолданылады. Ол экранға Сәлем сөзінен кейін "name" айнымалысында сақталған сөзді шығарады.
Функционалды пернелерден F5 (немесе мәзірден IDLE Run → Run Module командасын таңдап) басу және шыққан нәтиженің дұрыстығын тексеру керек.
Келесі суретте бейнеленген скриншотта оң бағанында нәтиже, сол жақ бағанында жазған бағдарлама көрсетіледі.
Сурет 12 Бағдарламаның нәтижесін шығару терезесі
Сонымен қарапайым бағдарламаның құрылуы іске асырылды. Енді тілдің синтаксисін қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |