Эфир майлы дақылдарға жалпы сипаттама



бет5/15
Дата03.09.2023
өлшемі252,55 Kb.
#180094
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәріс 10

Кубанский – ортадан ерте пісетін сорт, құрғақшылыққа орташа төзімді, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы – 90-100 тәулік.
Золотонивский – Ресейдің Сібір АШҒЗИ-да сұрыптау тәсілімен спонтанды буданнан шығарылған. Орташа мерзімде піседі (90-100 тәулік), құрғақшылыққа, ауруларға, зиянкестерге орташа төзімді, жапырылуға төзімді, тамырында тұрып қалғанда шашылуға бейім. Өнімді сорт, тұқымының майлылығы 42-43 %.
Соңғы жылдары елімізде Зефир, Носовский, Львовский, Народный, Восточно сибирский, Оро кеңінен өсіріле бастады.
Биологиялық ерекшеліктері. Жаздық рапс өсіру жағдайларына күздік рапсқа қарағанда аздау талап қояды, сондықтан ол кең тараған. Тұқымдары 1-20С жылылықта өне бастайды, ал +14-160С-да жақсы өседі, егін көгі – 3-50С, ал ересек өсімдіктері -80С жеңіл көтереді. Вегетативті массасының өсуі үшін қолайлы температура +18-200С. Гүлдену және тұқымының пісу кезеңдеріндегі оңтайлы температура 23-250С, ал жалпы өсіп-дамуына қажетті белсенді температура жиынтығы 1600-18000С. Өсімдіктері ылғал сүйгіш, барынша көп ылғалды бүрлену және гүлдену кезеңдерінде шығындайды. Осы уақытағы құрғақшылық тұқым өнімін төмендетеді. Транспирациялық коэффициенті – 550-620.
Өсіру технологиясы. Жаздық рапстың негізгі егістік алқаптары айтарлықтай ылғалды солтүстік аудандарында орналасқан, ал бұл оны суарылмайтын жағдайда өсіруге мүмкіндік береді. Рапсты жақсы алғы дақылдардан – (сүріден кейінгі дәнді дақылдар, дәнді бұршақ дақылдары, отамалы дақылдар) арамшөптерден таза, ылғалға мол, құнарлы- танаптарға орналастырған дұрыс, суармалы жерлер тіпті дұрыс.
Суарылмайтын жерлерде топырақты негізгі өңдеу жазықтілгіш терең қопсытқыштармен жүргізіледі. Себу алдында 5-7 см тереңдікте культивацияланады, қажет болғанда 2,4-6 л/га мөлшерінде 24 % трефлан енгізіледі.
Суармалы жерлерде топырақ өңдеу терең сүдігер жыртудан басталады, көктемде беткі қабаты қопсытылады (ылғал жабылады), себу алдында культивация және топырақ бетін тегістеу жұмыстары жүргізіледі (катоктар немесе сырғылармен). Рапстан жақсы өнім алу үшін суармалы жерлерде азот пен фосфор тыңайтқыштарын (N40-60, P60-90) енгізеді. Таза сүрі жерлерде, қара топырақтарда және күңгірт қара-қоңыр топырақтарда азот тыңайтқышы енгізілмейді.
Тұқым мен егін көгінің ауруларына (тамыр шіріндісі, қара сирақ, альтернариоз) қарсы витавакс 200 ФФ, 34 % улы химикатымен рапс тұқымы дәріленеді (2,5 л/т). Бұл препарат тұқымды залалсыздандыруымен қатар ынталандыратын (стимуляторлық) қызмет атқарады: жаппай егін көгін қуатты тамыр жүйесімен алуды қамтамасыз етеді, кейіннен оның әсерінен ірі жапырақты өсімдіктер дамиды да көп бұршаққындар қалыптастырады. Биологиялық ерекшеліктері бойынша жаздық рапс ерте себілетін дақыл деп есептеледі, алайда Солтүстік және Орталық Қазақстан жағдайында мамырдың 20-нан әрі қарайғы мерзім қолайлы болып табылады. Ерте мерзімде себілген рапс зиянкестермен қатты зақымданады және арамшөптермен тұншықтырылады, соның нәтижесінде тұқымның өнімі кемиді. Шығыс Қазақстан облысында рапстың тұқымға өсіргенде оңтайлы себу мерзімі – мамырдың бірінші онкүндігі. Жаздық рапсты жаппай қатардағы тәсілмен де (15, 23 см), кең қатарлы тәсілмен де (45-46 см) себуге болады. Жаппай қатардағы тәсілмен сепкенде рапс біркелкі піседі, бөлектеп жинауға жақсы жағдай жасалады. Себу мөлшері қатардағы тәсілде 10-12 кг/га, ал кең қатарлап себілгенде – 7-8 кг/га, тұқымның сіңірілу тереңдігі 3-4 см. Себуден кейін танап тығыздалады. Арамшөптерді құрту үшін егін көгінің 4-5 жапырақ кезеңінде жеңіл тісті тырмалармен тырмаланады (түстен кейінгі уақытта). Кең қатарлы егістікте 2-3 рет қатараралық культивация (5-6 және 6-8 см) тереңдікте жүргізіледі.
Зиянкестерге қарсы инсектицидтерді қолданады: қырыққабат бүргелеріне қарсы егістік егін көгі кезеңінде 50 % Актелликпен (0,5 л/га) бүркіледі, ал соңғы кезде біздің аймақта суми-альфа (0,25 л/га) жоғары тиімділікпен ерекшеленуде; қандала, жапырақкеміргіш қырыққабат көбелегінің сымқұрттары (гусеница), рапс пилилшігі, рапс гүлжегіштеріне қарсы 20 % Сумицин (0,3 л/га) да жақсы нәтиже береді.
Егінді жинау. Рапс біркелкі піспейді, ал піскен бұршаққындар жарылады да тұқымы шашылып көп шығынға ұрындырады. Ерте шапқанда тұқым семген түрде жиналады, майдың сапасы мен тұқым өнімі төмендейді, кеш жиналғанда – тұқымның шашылуынан егін шығыны артып кетеді. Егінді тікелей орып бастыруға және бөлектеп (екі кезеңді) жинауға болады: егістік біркелкі піскенде, арамшөптерден таза болғанда және тұқым ылғалдылығы 18%-дан төмен болғанда – рапс тікелей комбайнмен орып бастырылады; бөлектеп жинағанда төменгі жапырақтар қурап, негізгі сабақтағы бұршаққын сарғайғанда және ондағы тұқым қоңыр және қара түске енгенде рапсты дестеге шаба бастайды, бұл кезеңде тұқым ылғалдылығы 30-40%-ға дейін төмендейді; дестелердің кебуіне қарай (4-7 тәуліктен 8-12 тәулікке дейін) тұқым ылғалдылығы 10-11%-ға жеткенде дестелер бастырылады. Егін жинауға арнаулы реттеу жұмыстарынан өткен астық комбайндарын пайдалануға болады.
Дәстүрлі, айтарлықтай жетілдірілген қос кезеңді тәсілмен рапсты жинау бәрібір тұқым шығынына ұрындырады, оның үстіне бұл жинау тәсілі көп материалдық шығын келтіреді. Рапс тұқымын жинаудың жаңа технологиясын Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының мамандары ұсынып отыр. Оның мәні мынада: рапсты жинауға шамамен 5 апта қалғанда (өсімдіктердің төменгі және орта тұсындағы бұршаққындардағы тұқымдар қара түске енгенде) егістік «Эластик» препаратымен бүркіледі (препарат мөлшері – 1,0 л/га, жұмысшы ертіндінің шығыны – 50 л/га); препараттың желімдегіш қасиеті бар; өндеудің нәтижесінде бұршаққындарда жұқа полимерлі қабық (пленка) пайда болады, ол жемістерді жарылудан және тұқымды шашылудан сақтайды; тұқым ылғалдылығы 8-10 % жеткенде рапсты комбайнмен тікелей орып бастырады. Осындай егін жинау технологиясы рапс тұқымының шығынын азайту есебінен оның өнімін 24,4-28,8 % арттыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет